Орындаған: Жақанова А.К. 5В Дефектология Оқытушы:Жантеева Г.Е Оқытушы:Жантеева Г.Е.
Жоспар: 1.Мұхит дегеніміз не? 2.Мұхиттың ластануы 3.Әлемдік мұхиттар 4.Әлемдік мұхиттардың статистикасы 5.Қорытынды
Мұхит (грекше « κεανός» – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен) - гидросфераның негізгі бөлігі.
Аумағы 361,26 млн. км2 Көлемі 1340,74 млн. км3 Орташа тереңдігі 3711м Ең терең жері 11022м Күн энергиясының 94% -ын жұтады Беткі суының жылдық орташа температурасы 17,5 Концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады Әлемдік су(мұхит)
Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді Қазіргі кездегі ең үлкен проблема -мұхиттың мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы. Мұхиттың мұнаймен ластануының басым бөлігі теңіз транспортының және қала аумақтарынан шайып әкелетін мұнайдың үлесіне тиеді. Мұнайдың ерігіш компоненттері қауіпті. Мұнайдың төгілуінің ең бір ауыр зардабы -су бетінде жұқа мұнай қабатының пайда болуы. Онда газ алмасу бұзылады, жарықтың суға өтуі нашарлайды, фотосинтез жүрмегендіктен фитопланктон қырылады. Мұнайдың ауыр компоненттері (мазут) су табанына шөгеді, бұл бентостың өлуіне әкеліп соғады
Әлемдік мұхиттар Үнді мұхиты Тынық мұхиты Солтүстік мұзды мұхиты Атлант мұхиты
Тынық мұхит көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрлықтарымен шекаралас.
Ауданы179,7 млн км² Көлемі710,4 млн км³ Орташа тереңдігі3984 м Тереңдігі м
Атлант мұхиты Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған.
Аумағы 91.6 млн. км2 Орташа тереңдігі 3597 м Суының к ө лемі млн. км3
Үнді мұхиты Жер шарындағы аумағы жөнінен үшінші мұхит. Оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр
Ауданы76,17 млн. км2 К ө лемі282,6 млн. км3 Орташа тереңдігі3711 м Ең терең жері7729 м
Солтүстік Мұзды Мұхит Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит.
Ауданы14,75 млн. км² Көлемі18 млн. км3 Орташа тереңдігі1220 м Ең терең жері5527 м
Дүниежүзілік мұхит проблемалары, ол экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің күрделі жиынтығынан тұрады. Оны қаншалықты салауатты тұрде шеше алсақ, болашаққа соншалықты сеніммен қарай аламыз деген ойдамын.