« Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру»

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Келимбердиева А. Н. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқуда АКТ- ны пайдалану.
Advertisements

Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
LOGO Критериалды бағалау – сапалы білім негізі. Коучинг – сессия мақсаты : 12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына.
А қ мола облысы Б ұ ланды ауданы Макинск қ аласы Балуан Шола қ атында ғ ы мектеп-лицей Тарих п ә ні м ұғ алімі Те ң сел Назг ү л.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА Б Ұ ЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖА Ң А А Қ ПАРАТТЫ Қ СЕРВИСТЕРДІ ТИІМДІ Қ ОЛДАНУ Ж Ә НЕ ЕНГІЗУ МИК -411 Хайтбаева Н. Р Ғылыми жетекші : Кошанова.
Оқушылардың MS Power Point бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Сабақ мақсаты: білімділік: Photoshop программасында суретті безендіру құралдарын тани білуге, берілген суретке түс пен түзету сәйкестігін қолдануға дағдыландыру,
Сабақтың тақырыбы: «Cos х = а, Sin х = а, tg х = а, ctg x = a түріндегі қарапайым тригонометриялық теңдеулер.»
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Информатика және ақпарат туралы білімдерін арттыру 2. Дамытушылық: Оқушылардың логикасын одан әрі арттыру, ой- өрісін.
Мектепалды жұмыстарына тиімді ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу.
Аналық тақша қайда орналасқан? Порталдар дегеніміз не? Аналық тақшада нелер орналасқан атап шығыңыз? Шинаның неше түрі бар? Сақтау құрылғысын атаңыз Алмасу.
Орындаған: Нусипханова Б.Д Топ: Т-541 Тексерген: Абишова А.А.
Электронды оқыту деген не ? E-learning - (Electronic Learning қысқартылған) электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Power Point бағдарламасында жұмыс істеуді меңгерту. Білімділік Power Point мүмкіндіктерін пайдаланып презентация құрастыруды.
Оқушылар білімін бағалаудағы қолданылып жатқан PISA тест жүйеci.
Қазақ тілін оқытудын инновациялық әдіс-тәсілдері. Инновация. Инновация. Мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру. Мұғалімнің инновациялық дайындығын.
Әдіс-тәсілдерді жүйелі ұйымдастыру жолдары. Ж. Аймауытов Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Транксрипт:

« Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру»

Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Қазір біздер оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, білім беруді ақпараттандыру, әлемдік коммуникациялық желілерге қосылу арқылы оқыту мазмұнын жаңартудамыз.

Білім беру мазмұнындағы өзгеріс мұғалім мен оқушының іс- әрекетінен бастау алады. Бүгінде мұғалімнің негізгі функциясы өзгерді: ол ақпарат таратушыдан менеджерге айналды. Білім берудің жаңа жүйесінде мұғалім үшін басты міндет – оқыту процесін басқару. Қазіргі заманғы жағдайларда жұмыс істеу үшін оқытушы не білуге тиіс? Санамалап айтсақ, келесі бес құрал педагогтың бесқаруы десе де болады: Менеджмент ғылымы (басқару ғылымы); Психология (білім беру – оқыту және тәрбиелеу процесін псхологияландыру жүріп жатыр); Егер біз оқушының субъектісін, жеке тұлғасын нысаналасақ, біз оны жақсы білуге тиіспіз; Экономика (экономиканың қажеттіліктерін білу; қандай адам даярлау керек екенін білу); Информатика (дербес компьютерді пайдалану); Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта кеңінен қолдану (Интернет желісін пайдалана және іздей білу, электронды оқулықтарды қолдану, флипчарттарды игеру).

АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Білім беру саласында көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта, мультимедиа, интернет кеңістігі, электрондық оқулықтар. Оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: Бір қалыпты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, түсіну, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру; Оқушының ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту; Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу; Оқушының есте сақтау қабілеттерін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).

Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану барысы: Түсіну деңгейінде (теориялық материалды меңгерту): Электрондық оқулықтар; Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар; MS Word редакторында жасалған сызба кестелер, үлестірмелер; Блокнот мәтіндік кіші редакторда жазылған ережелер жиынтығы (электрондық ереже анықтамасы) немесе электрондық сөздік қолданылады.

Қолдану деңгейінде (теориялық материалды бекіту): Word Pad мәтіндік редакторында мәтінмен тікелей жұмыс (түзету, үзінді қосу, аяқтау, әріп қою, астын сызу, суреттер мен сызбалар кірістіру). Мультимедиалық мүмкіндіктерді пайдалану (дыбыстарды жазу мен ойнату, лазерлік ойнатқыш бағдарламасы, фонограф бағдарламасы арқылы дауысты жазу және жазылған дыбыстық файлды құжатқа қою аудиолекцияны алдын ала жазып алып, сабақ барысында қолдануға болады). Интернет жүйесі, яғни электрондық кітапхана мүмкіндігін қолдануға болады. Ол арқылы жаңа мәліметтер қорыту.

Жинақтау деңгейінде (теориялық материалды қорыту): Тест бағдарламасы арқылы білімді тексеру; Power Point бағдарламасымен презентация жасату; Excel бағдарламасында өз білімдерінің мониторингісін шығару. Топ ішіндегі компьютерлік желі арқылы өзара білім жарыстыру неме өзара тексеру жұмыстарын жүргізу; Әмбебап ойнатқыш бағдарламасына жазылған файлдар арқылы диктант алу; Интернет жүйесі арқылы жазылатын рефераттар, виртуальды интернет олимпиадалар.

К.Д. Ушинский «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» – деп айтқандықтан, баланың білімге деген құштарлығын ояту үшін, пән мұғалімінен оқушының дамуына жағдай жасау талап етіледі. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды оқушының флеш-карталарына салып беру өте тиімді. Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің тиімділігі: Бағдарлама бойынша барлық оқушыларға қолайлы; Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны оқушылар арасында талқылауға, қателерін дер кезінде маркер арқылы жөндеуге мүмкіндік туғызады; Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғызады; Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады.

Қорыта келгенде, заманауи технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – білім ордасы. Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ демекші, оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі тұлға етіп дайындау –басты мақсаттардың бірі. Мақсатқа жетер жолда аянбаған ғана нәтижеге қол жеткізеді.