Орындаған: Асемқұл М.А Тобы: 1Г-12
Психология адамның жеке бірлік ретіндегі психика сын, өзінің саналуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Психологияның негізгі мақсаты психиканы cубьективттік структураның, сыртқы органы байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс- әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Соның бір салаты салыстырмалы психолгияға тоқтала кетейік.
Салыстырмалы психология - адам психика сының шығу тегі мен дамуының, адам санасының қалыптасуының психологиялық алғышарттары мен заңдылықтарын, адам мен жануарлардың психологиялық қарекетіндегі жалпылық пен айырмашылықты зерттейтін психология салаты. Бұл мәселелерді зерттеу адам психологиясы мен зоопсихологияның мәліметтерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Адам мен жануарлар психикаларының арақатынасы, олардың психикалық функциялары мен ерекшеліктері туралы мәселе ежелгі ойшылдардан бастап зерттеліп, барлық діндерде дүниетанымдар күресінің объектісі балды (адамның "мәңгі өлмейтін" жаны мен жануарлардың "өлетін" жаны немсе жануарларда жан болмайтыны туралы түсініктер). XYIII ғ. аяғында, XIX ғ. басында бұл проблеманың ғылыми зерттелуі Ж.Б.Ламарктың, Ж.Л. Бьюффонның, кейініректе Ч.Дарвиннің есімдерімен байланысты. Салыстырмалы психология мәліметтерінің психология, философия, антропология және басқа ғылымдар проблемаларын шешу үшін елеулі мәні бар.
Салыстырмалы психология жан- жануарлардың әрекетін, адамның адам болғанға дейінгі эволюциялық психологиялық дамуын зерттейді. Салыстырмалы жалпы психологияның бір бөлімі. Зоопсихологияға дейінгі қызығушылықтың өсуі әсіресе соңғы кезінде жан-жануарларға экспериментік тәжірибенде мен зерттеу жұмыстары мен творчестволық ойлаудың дамуына байланысты. Зерттеушілер жан- жануарлардың тәртібін зерттеумен қоса зоологиялық таксондарды амеба мен шемпонзені жатқызды.
Бала психологиясы мен мектепке дейінгі педагогика үшін адамның, балалар мен жоғары сатыдағы сүтқоректілер балаларының мінез-құлықтарының салыстырмалы онтогенетикалық зерттеу, баланың психикалық дамуының биологиялық негіздері мен факторларын талдау маңызды. Мұндай салыстырмалы зерттеулердің енді бір аспектісі балалар мен жануарлар арасындағы қарым-қатынастар мен өзара түсіністіктің заңдылықтарын танып-білу, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі, табиғат қорғау тұрғысындағы тәрбие мақсатында бұл заңдылықтарды пайдалану. Салыстырмалы психология мәліметтері практикалық негізде нейропсихология мен медицинада да қолданылады.
Салыстырмалы психология пәні әр түрлі топқа жағатын жан-жануарлардың нейробиологиялық механизімі, специофизикалық ерекшеліктері олардың белсенділігі қарастырылады. Соның ішінде психикалық эволюцияның даму заңдылықтары, әртүрлі биологиялық түрлердің психикалық ықтималдық спектрлерін салыстыру. Этология пәні жан- жануарлар әрекетінің координацияланған сыртқы белсенділігін зерттейді. Этология ғылымының зерттеулері бойынша тәртіптің қалыптасқан формалары мен психика арасындағы байланыстардың тәуелсіздігі.
Адам кез-келген қоғамда жан-жануарлармен тығыз қарым- қатынасқа түсуде. Салыстырмалы психологияның даму тарихына көптеген ғалымдар үлес қосқан. Эпикур, Лукреций жануарлар жанында «жанның бастауы» бар деді. Жанның бастауы материалистік деді. Сократ жан-жануарлар мен адамдарда универсалды «ақыл парасат» бар. Жан тән мен қосылып сезімдікке әсер етеді де өздерінің қимыл әрекеттерінде еліктеумен құмарлыққа бағыттанған. Платон жан-жануарлар тәртібімен қимыл қозғалысы еліктеумен анықталады. Бұл инстинкте анықтамаған алғаш қадам. Аристотель өлмейтін «ақыл парасат» жаны денегді енгізді. Ерекше құдай тәріздес жанға енеді. Аристотель жан- жануарларды бақылау арқылы қорытынды жасайды. Мысалы: құмырсқалардың белсенділігі сыртқы факторларға байланыстылығын анықтайды. Жан-жануарлар дыбыстың байланысын әсіресе көбею кезеңінде ерекше сезінеді. Аристотель еңбектерінде тұңғыш рет жан-жануарлар тәртібі мен мінез-құлқы туралы нұсқаулар бар. Мысалы: анасынын айырылған жаңа туған баланың өлең айтуы бөлек. Содан шыққан қорытынды өлең айтуға денег қабілеттілік табиғаттың силы емс пе. Стоиктар мектебі ең алғаш рет инстинкт туралы түсінікті қарастырды. «Хризипп» инстинкті мақсатты түрде туа біткен жан-жануарлар қимыл қозғалысына зиянды және қалыпты іс-әрекеттерден аулақтататын тәртіпті айтады.