ВЕКТОРЛЫ Қ Ж Ә НЕ РАСТРЛЫ Қ ГРАФИКАНЫ ҚҰ РУ МЕН ӨҢ ДЕЙТІН ПРОГРАММАЛАР
Графикалық редакторлар – графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрі оларды түзетуге, толықтыруға арналған программа; Графикалық редакторлардың түрлері: - растрлік графикалық редакторлар - векторлық графикалық редакторлар - фрактал генераторлары.
Графикалы қ редакторларПрограммалар Растрлық редакторларPaint, Gimp, Adobe Photoshop, Corel Photo Paint Векторлық редакторларCorel Draw, Inkscape Фракталдық редакторUltra Fractal, Chaoscope Графикалық файлдың пішімі – графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі. Графикалық файлдардың пішімін оларда сақталған ақпарат түрлері бойынша жүйелеуге болады. Мысалы: Растрлық пішімдер –TIFF, GIF, BMP, JPEG; Векторлық пішімдер – SVG,EPS,WMF; Аралас пішімдер - EPS, PDF Сығымдау – мәліметтердің ақпарат мазмұнын сақтап, көлемін өзгерту.
ГРАФИКАЛЫ Қ ФАЙЛДАРДЫ Ң «СТАНДАРТТЫ» ПІШІМІ BMP - Microsoft компаниясы жасаған. Сығымдауды қолданбай, файлдар көп орын алады. GIF – CompuServerInc корпорациясы жасаған. Сығымдауды қолданады. Пішімнің айырмашылығы – бір файлдың ішінде бірнеше кескінді сақтауға мүмкіндіктің болуы. Gif пішімді файлдар Интернетте жиі кездеседі, себебі браузерлер осындай файл кескіндерін кезекпен көрсете алады, яғни, gif-файлдарда қарапайым анимация сақтауға болады. JPEG – Пішімнің аты жасаушы компанияның аталымынкн құралған – Joint Photographic Experts Group. Төмен сығымдаумен жоғары сапа беретіндіктен, фотосуреттерді соларға ұқсас кескіндерді сақтауға арналған.