Панорамалық сабақ Тақырыбы:Түтікшелі серіппелі манометр Дайындаған: өндірістік оқу шебері Асылбекова.Г.А Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің жеке басының қасиеттері мен кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар.
Advertisements

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы 2 Орындаған:Қоңыров Ә.Т ЖМФ Қабылдаған:Амангельдиева Қ.Қ. СӨЖ Функционалды.
Халық шаруашылық маңызы.Өсірілетін аудандары,өнімділігі,сорттары Республикадағы майлы дақылдардың ең бастысы-күнбағыс. Оның дәнінде процент май.
Еңбек гигиенасы Еңбек гигиенасы гигиена ғылымының бір саласы, адамның атқаратын еңбегіне байланысты жұмыстың зиянды әсерін, мамандыққа байланысты аурудың.
Басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым мен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе шетел және ресей ғалымдары.
Азықтық азотты қосындылар
Педагогикалық менеджменттің басқару функциялары..
14 тақырып Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ Орындаған: Баятова А. Жақсыбекова Б. Қабылаған: Құсайнова С.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Техникалық факультет Кафедра "Металлургия"
Медициналық қызметкерлерімен науқастар арасындағы қарым-қатынас.
Клизма-сөзі гректің klisma-шаю,жуу деген сөзінен шыққан. Ол тоқ ішекке қандай да бір медициналық құралдың көмегімен сұйықтық енгізупроцедурасы болып табылады.
Қара бидайдан ұн алу. Ұн наубайхана өндірісінің ең негізгі шикізаты болып табылады. Қазіргі кезде наубайханалық бидай ұнының 5 сұрыбы өндіріледі: жармалар,
Мұнай өндіру мекемелеріндегі мұнай өндіру технологиясын үйрену.
Ассоциативтік(бірлестік) ережелерді іздестіру Жоспар: 1.Аффинитивтік талдауға кіріспе жасау(affinity analysis). 2.Алгоритм және apriori.. 3. Иерархиялық.
Ү й тапсырмасы: Электр сыйымдылы қ. Конденсатор. Конденсатордың электрсыйымдылығы деп конденсатор зарядының конденсатор пластиналары арасындағы потен-
ProPowerPoint.ru ОРЫНДАҒАН: ТПП -324 Б тобы Лизинг.
Транксрипт:

Панорамалық сабақ Тақырыбы:Түтікшелі серіппелі манометр Дайындаған: өндірістік оқу шебері Асылбекова.Г.А Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі

Өндірістік оқу шеберханасындағы техника қауіпсіздік ережесі Өндірістік уйдің едені,қабырғалары,төбесі түзік,жеткілікті жарық,температурасы бірқалыпты болуға және жақсы желдетіп тұруғы тиіс; Жұмыс орындарының арасындағы адам,транспорт жүретін жолдар мен өткелдердің кеңдігі сақталуға тиіс; Шеберханадағы жұмыс алдында өлшеуіш құралдар мен өлшеуіш аспаптарын тексеру,реттеу,ауыстыру,жөндеу және іске қосу алдында,оның техникалық мінездемесімен танысып,талап шарттарын меңгеру керек; Шеберханаға міндетті түрде арнайы киіммен,қорғаныс заттармен кіру тиіс; Шеберхана бөлмелерінде жұмыс амалдарына байланысты арнайы қорғау заттарымен,дәрігерлік қорапшамен және киім ілгіш шкафтарымен жабдықталуы керек; Шеберхана дәлсіздігінде өрт сөндіргіштер мен өртке қарсы қолданылатын бұйымдар болуы қажет; Шеберхана бөлмелерінде желдетілу мен ауа алмастырғыш қондырғыларымен жабдықталуы тиіс; Көзді қорғауға арналған көзәйнектер ашық,жабық және бет перделі көзәйнек болып бөлінеді; Көзге механикалық зақымды металл ұсақтарынан,ұшқындардан алу мүмкін зақым алмау үшін көзәйнек кию керек;

Электр қауіпсіздігінің ережелері Электрқауіпсіздік –бұл адамның статикалық электр мен электрмагниттік өрістің электрлік доғалынан электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырылған шаралардың жүйесі болып табылады; Жұмыс орнын дайындау шарттарына күмән келтірілген жағдайда жұмыс орнын дайындау үрдісі тоқтатылуы тиіс; Тоқпен жұмыс жасайтын қондырғылар міндетті түрде жерге қосылуы тиіс; Адамның тоқтан зақым алу қауіптері:электржабдықтары бар жердь ылғалдықтың болуы,жоғары қызу,химиялық белсенді орта,тоқ жүретін бөлігі ашық болуы тиіс; Электр тоғынан қорғау заттарына диэлектрик маяк киім,арнайы резиналы кілемшелер,диэлектрлік резиналы қолғаптар болуы тиіс; Өрттен зақым алған адамның денесінде жабысқан киімінен тазартып,жоғары қызуды түсіру үшін салқын судың астында ұстау қажет ; Тоқтан зақым алған адамға алғашқы көмек кезінде ажыратылмаған электр тоғында қорғалмаған жалаң қолмен оны ұстауға болмайды ;

Қауіпсіздік ережесі Қысым өлшеуге арналған кез келген құралды тексерген немесе рентген кезде,құрал көзінен ажыратылуы керек және маңында жанғыш гпз немесе ашық от көздері болмауы тиіс. Ақауы байқалған манометрді параметр көзінен түсіріп алынғаннан кейін,оны жақсылап тазалап,сүртіп ақауын табу керек.Бөлшектеу алдында жұмыс орны мен айлабұйымдарын дайындап алу қажет.Тексерілетін құралдың құжат-нұсқаулығына қарап,техникалық мінездемесімен танысу керек.

Кіріспе нұсқаулық:Жаңа тақырыпты түсіндіру Түтікшелі серіппелі манометр Түтікшелі серіппелі манометрлерді (МТИф, ВТИф, МВТИф) бөлшектеу және құрастыру Серіппелі манометрлер құрылысы бойынша қарапайым және кең көлемде қысым өлшеуге сенімді әрі жарамды. Серіппелі манометрлерді көрсеткіш аспаптар түрінде дайындайды. Түтікшелі серіппелі манометрлермен бірнеше су бағасынан бірнеше мың кгс/см² дейінгі қысымды және сиреуді өлшейді. Серіппелі манометрлердің сезім элементі – түтікшелі серіппе. Ол жезден немесе қоладан жасалады.Сезім элементі өлшеуіш құрылғымен механикалық байланыста болады және барлығы бір тұлғаның ішінде орналасады. Түтікшелі серіппе доға тәрізді майыстырылып жасалады. Серіппенің бір шеті аспаптың негізіне дәнекерленеді. Сол негізде, яғни дөңгелек тұлғада манометрдің бағдартілі қондырылады. Серіппенің бос шеті тертым арқылы тегершікті (трибко) бұратын тісті бөлшекке (зубчатый сектор) ілінген. Тегершіктің білігінде бағдартілі бекітіледі. Өлшенетін ортаның қысымы әсерінен түтікшелі серіппе тікеюге тырысады. Бұның бос шеті тертым арқылы тегершікті бұрады, ал тегершік тісті бөлшекті белгілі бір бұрышқа ығыстырады. Сол кездегі тегершіктің бұрылуы бағдартілге тікелей әсер етеді және өлшенетін қысымның мама сын көрсетеді. Серіппенің мықтылығын осы манометрге есептелінген ең жоғары қысымға сәйкес анықтайды. Қандай да бір қысымда серіппенің бос шетінің орын ауысуы қаншалықты көп бокса, серіппенің мықтылығы соншалықты төмен. Серіппе ұзақ жұмыс істегенде өзінің пішінін жоғалтпас үшін, ең жоғары қысымда серіппенің бос шетінің орын ауысуы 5-6 мм-ден аспау керек. Бұл шектеудің нәтижесінде серіппенің бос шетінің жұмыстық жүрісі өте аз және беріліс механизмін үлкен жоғары мәнде қолдануға тура келеді. Серіппенің толық жұмыстық жүрісінде манометрдің бағдар тілі өлшем тақтасындағы нөлден бастап бұрыщтағы ең жоғары * белгіге дайін бұрылыс жасау керек. Қысымның талап етілген шегінде беріліс механизмін дәл реттеуді тертымның ұзындығының және тісті бөлшектің (зубчатый сектор) иінтірек ұзындығының өзгеруі жолымен орындайды.