« Астана Медицина Университеті » АҚ Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың таралуына және енуіне еліміздің аймағын санитарлық қорғау бойынша нормативтік құқықтық құжаттар. Орындаған: Арстанова А.М. Топ: 504-ҚДС Тексерген: Ильясов Б.Б. Астана, 2016 ж
Жоспар : Кіріспе Негізгі бөлім Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу Күйдіргінің алдын алу Шектеу іс-шаралары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Карантиндік аурулар – шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, сендай-ақ халықтың өмір сүруі мен кәсіпкерлік және (немсе) өзге қызметті жүргізуінің ерекше жағдайлары мен режимі енгізілетін, қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдайларды тудыратын жоғары дәрежелі жұқпалылығымен және өлімге әкелуімен сипатталатын аурулар;
Карантин – қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларды тудыратын карантиндік аурулардың әкелінуінің, сыртқа шығарылуының және өзге де таралуының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын әкімшілік және медициналық-санитариялық шектеу іс- шаралары кешені;
"Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық- эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жилы 10 сәуірде тіркелді
1. Күйдіргінің алдын алу 2. Туляремияның алдын алу 3. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу 4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның алдын алу 5. Құтырудың алдын алу 6. Листериоздың алдын алу 7. Лептоспироздың алдын алу 8. Бруцеллездің алдын алу
Күйдіргінің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Ветеринариялық зертхана түпкілікті оң нәтижені растаған кезде жергілікті атқарушы орган тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин енгізеді, бұл кезде: 1) малдың барлық түрлерін әкелуге, әкетуге; 2) жануарлардан алынатын шикізаттар мен өнімдер дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде жануарларды айдауға; 3) ауру жануарлардың сүтін пайдалануға; 4) жануарларды сетке союға;
5) қырылған жануарлардың өлексесін ашуға және олардың терісін алуға; 6) кезек күттірмейтіннен басқа ветеринариялық хирургиялық операцияларды жүргізуге; 7) СҚП аумағына бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына объектіге қызмет көрсетуге байланысты емс көліктің кіруіне; 8) табиғи су қоймаларынан малдерды суаруға; 9) жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сатуға, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, көрмелерін (аукцион дар) және адамдар мен малдер жиналатын басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Карантин өлім-жітім болған соңғы жағдай тіркелген және дезинфекция жүргізілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткен соң алынады.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде обаның эпидемиялық ошағы аймағындағы карантин Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді, сендай-ақ халық тұрмысының және кәсіпкерлік және (немсе) өзге де қызметті жүргізудің ерекше шарттары мен режимдерін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы 2293 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуіне және таралуына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету ережесі
Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібі Санитариялық-карантиндік бақылау мынадай инфекциялық және паразиттік аурулардың енуіне және таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіледі: 1) карантиндік инфекциялар (оба, тырысқақ, сары қызба); 2) аса қауіпті инфекциялар (контагиозды вирус ты геморрагиялық қызбалар: Ласс, Марбург, Эбол, Хунин, Мачупо, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы); 3) ауры қатты респираторлық синдром немсе типтік емс өкпе қабынуы; 4) жаңа жоғары патогенді тип түрінен болатын пандемиялық тұмау (A/H1N1, құс тұмауы A/H5N1 және басқа типтері); 5) паразиттік аурулар (безгек).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары санитариялық-карантиндік бақылауды: 2) жолаушы және өзге де көлік құралының экипажынан көлік құралында инфекциялық және паразиттік аурумен аурыатын науқастың немсе ауратынына күдік туған адамның болуы туралы хабарлама алған; 3) жөнелтуші елдің құзыретті органдарынан, транзите немсе алушыдан халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жүктің келуі туралы ақпарат алған; 4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде контейнерлер мен лихтерлердің ашылғандығы немсе олардың бүтіндігі бұзылғандығы анықталған; 5) көлік құралында осы Ереженің 6-тармағында санамаланған инфекциялық және паразиттік ауруларды тасымалдаушы жәндіктер мен өлген кеміргіштер табылған кезде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар оларға денсаулық жағдайына шағыммен адамдар барған кезде санитариялық- карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды дереву хабардар етеді.
Инфекциялық және (немсе) паразиттік аурулармен аурыатын науқас анықталған жағдайда санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс- шараларды жүргізеді: 1) науқасты денсаулық сақтау ұйымының ауруханасына жатқызғанға дейін оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінің изоляторында уақытша оқшаулау; 2) науқаспен байланыста болған адамдарды обсервациялауды, медициналық айғақтары бойынша оларды денсаулық сақтау ұйымның ауруханасына жатқызу; 3) бортында инфекциялық және паразиттік аурулар белгісі бар немсе инфекциялық және паразиттік ауруларға күдікті науқас анықталған көлік құралында дезинфекциялық іс- шараларды ұйымдастыру.
Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға әуе кемелері экипаждарының командирлері, теңіз кемелерінің капитан дары, поезд бригадаларының бригадирлері мынадай құжаттарды: 1) жолаушы көлік құралының медициналық-санитариялық декларация сын; 2) жолаушы және өзге де көлік құралын дезинфекция лоу, дезинсекциялау мен дератизация алу туралы куәлікті; 3) экспорттаушы елдің құзыретті органы берген жүктердің қауіпсіздігін куәландыратын ілеспе құжаттарын (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат), сәйкестік сертификат тары (санитариялық, сәйкестік, сапалық, денсаулық) ұсынады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Амиреев С.А. Эпидемиология. Учебник Алматы: Беляков В.Д., Семененко Т.А., Шрага М.Х. Введение в эпидемиологию инфекционных и неинфекционных заболеваний человека. М., Медицина Черкасский Б.Л., Беляев Е.Н. Актуальные проблемы противоэпидемической практики// Эпидемиология и инфекционные болезни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуіне және таралуына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы