Тақырыбы: Беттің жұмсақ тінінің, терісінің ісіктері және ісік тәрізді аурулары. Клиникасы, нақтамасы, емі. ПӘНІ: HS 5306 «ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ «СТОМАТОЛОГИЯ» КУРС: 5 УАҚЫТЫ (ҰЗАҚТЫҒЫ) 1 С Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Хирургиялық стоматология кафедрасы Қарағанды, 2015.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді беттің жұмсақ тіні мен терісінің ісіктері және ісік тәрізді ауруларымен таныстыру. Клиникасы, диагностикасы және емдеу тәсілдерін түсіндіру. Осы ауруларды анықтауда хирург-стоматологтың рөлі.
Дәрістің жоспары 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім: Жіктелуі; Этиологиясы; Клиникалық сипоты; Зерттеу әдістері; Салыстырмасы диагностикасы; Емдеу әдістері. 3. Қорытынды
Кіріспе Жұмсақ тінді жаңақұрылым – орналасу аймағы және өзіндік ерекшеліктері бар, ауыз қуысы шырышты қабығы және беттің жұмсақ тіндерінде дамитын, мезенхималы арнайы емс ағзалық ісік. Жұмсақ тіндердегі қатерсіз ісіктер, қатерлі ісіктермен салыстырғанда жиі кездеседі.
Беттің жұмсақ тіні ісіктерінің халықаралық келісімді гистологиялық жіктелуі: Фиброзды ұлпа ісігі; Майлы ұлпа ісігі; Бұлшықет ісігі; Қан тамырларының ісігі; Лимфалық тамырлар ісігі; Перифериялық жүйенің ісігі.
Нейрофиброматоз (Реклингхаузен ауруы) Нейрофиброматоз - HF 1 генінің спонтанды мутациясымен дамитын, « сүтті кофе » түсті, көптеген дақтармен сипатталатын, қатерсіз жаңа түзіліммен көрінетін тұқымқуалаушылық ауруы. Қатерсіз ісік ОЖЖ ісігі, сүйек аномалиясы, көздің мөлдір қабығының өзгеруі және көптеген басқада белгілермен көрінеді.
Нейрофиброматоздың клиникалық көрінісі 4 белгімен сипатталады: 1) Пигментті дақтар; 2) Тері және тері астындағы ісік: Элефантиаза (терінің қалыңдауы); Түйіндік түзілім (түйіндер 2 айдан 3 жил аралығында пайда болады); Теріде пигменттік массаның өсуі; 3) Нервтік ісіктер (түйіндер); 4) Психикалық, физикалық,сөйлеудің бұзылыстары, ақылдың кемістігі және т.б
Нейрофиброматоздың клиникалық көрінісі
Қанда: эозинофилия, лейкоцитоз; Генетикалық зерттеу: НФ 1 генінің мутацияясы; Анамнезінде ұрпақта осы ауру болғаны анықталады. Рентгенде Жалпы өзгерістер: қаңқа өзгерісі (сүйектердің қалыңдауы, ұзаруы, дисплазия және т.б ) Жергілікті: ісік астындағы сүйекке қысым түсу нәтижесінде, сүйектік деструкцияның болуы Гипертензионды өзгерістер Диагностикасы
Ажырату диагностикасы және емі: Ажырату диагностикасы: Лимфангиома; Гемангиома; Қызыл век фиброматозы. Емі: Хиругиялық ем (сау тін деңгейіне дейін кесіп алып тастаймыз).
Атерома Атерома – (atheros - ботқа) жиі пубертатный кезеңде, беттің жұмсақ тіндері және шаг аймағында дамитын тері - май бездерінің ретенционды ұрасы. Этиологиясы: без өзегінің жарақаттануынан, өзектен шығатын секреттің ұсталып қалуы нәтижесінде демиды.
Атероманың клиникалық көрінісі Шағымы: науқас баяу өсіп жатқан ауырсынусыз құрылымға шағымданады. Беткейі тегіс, дөңгелек пішінді, терімен байланысқан құрылым; Май безі өзегінің шығатын орнындағы тері қатпарланбайды (бұл атероманың негізгі белгісі); Түзілім іріңдесе, атероманың клиникалық көрінісі одонтогенді емс абсцесстің клиникасы тәрізді болады.
Объективті көрінісі:
Диагностикасы Микроскопиялық зерттеу: Май тамшылары; Холестерин кристаллы; Мүйізгектенген эпителий кристаллы; Детрит (ұлпа қалдықтары) анықталады.
Ажыратпалы диагностикасы және емі фиброма; Липома; Миома; Дермоид; Эпидермоид; Фурункул. Емі: хирургиялық ем (сау тін деңгейіне дейін кесіп алып тастау).
Фиброма Фиброма – жиі ауыз қуысы шырышты қабығында (ұрт, ерін, тіл) кездесетін, фиброзды өсуге тән, жетілген фиброзды дәнекер тін ісігі. Этиологиясы: тістердің тіс қатарында дұрыс орналаспауы, протезді дайындаудағы стоматологиялық қателіктер.
Клиникалық көрінісі Фиброма - ауыз қуысында баяу өсетін, дөңгелек пішінді, тығыз, көрші тіндерден шектелген, ауырсынусыз ісік; Шырышты қабаты өзгеріссіз; Фибромалар қызыл векте – орналасса өлшемі кіші, тығыздығы аз болады; Альвеолярлы өсіндіде - сопақша, ауырсынусыз, шекарасы айқын, аз қозғалғыш ісіктер байқалады. Тіспен жарақат алғанда фиброма қабынады және жара пайда болуы мүмкін.
Фиброма Жұмсақ фиброма – смайлы тіннен құралған (фибролипома), ұртта, тілде кездеседі Тығыз фиброма – коллаген талшақтарына бай фиброзды тіннен құралған. Қызыл векте және қатты таңдайда кездеседі.
Фиброманың клиникалық көрінісі
Ажыратпалы диагностикасы және емі Липома; Папиллома; Сүйел; Эпулис; невринома және т.б. Емі: Хирургиялық. Ісікті сау тінмен бірге кесіп алып тастау. Кесіп алып тасталғаннан кейін, қызыл векте жаралы беткейі бокса, хонда оны йодоформды дәкемен жабу.
Липома: Липома – тері асты қабатында орналасытын, жетілмеген май тінді құрылым. Жиі ұрт, векасты, жақасты және құлақ маңы аймағында орналасады.
Клиникалық көрінісі: Ісіктің беткейі тегіс, шар тәрізді (сопақша, шелпек тәрізді немсе көп түйінді) және жұқа капсула мен қоршалған; Кейбір жағдайларда липоманың шекарасын анықтау мүмкін емс; Ісік пальпациялағанда қозғалмалы, консистенциясы қамыр тәрізді, ауырсынусыз; Өте баяу (жилдар бойы) өседі; Беткей орналасқан липомалар псевдо флюктуация симптомын беруі мүмкін; Терінің түсі өзгермеген; Ісіктің қозғалу дәрежесі оның тереңірек орналасуына байланысты.
Липоманың клиникалық көрінісі
Ажыратпалы диагностикасы және емі: Атерома; Гигрома; Лимфаденит және т.б. терінің қатерсіз құрылымдары. Емі: Хирургиялық. Ісікті капсуласымен бірге алып тастау; Сәулелі ем, электрокоагулятор.