Инклюзивті білім беру Тақырыбы: Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту мәселелерін шешу
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп досады. (Жан Жак Руссо) Француз жазушысы, философ
Инклюзивті оқыту – білім алу барлығына да қол жетімді денег қағидатқа негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.
Инклюзивті – денег термин ағылшын тілінен аударғанда енгізілген, араластырылған денег мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды олардың бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы, ата-анасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да жағдайларға көңіл аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады.
Инклюзивті білім беру жынысына, жасына, географиялық тұратын жеріне, дене және ақыл-ой ауытқушылықтарына, әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан оқып жатқан барлық балалардың сапалы білім алып өзінің әлеуетін дамытуына тең мүмкіндіктер туғызу денегді білдіреді.