М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Микроэкология негіздері. Орындаған: Тәжіғос А.Т. Курс: 2 Факультет: Жалпы медицина Топ: 207 Б Тексерген: Кеулімжаева А.Е.
Жоспар: I Кіріспе II Негізгі бөлім: 1. Қоршаған орта микробтардың таралуы 2. Дисбактериоз 3. Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері. 4. Қоршаған ортада микробтарды жою. III Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Микроэкология негіздері Микроорганизмдер экологиясы (oikos-грек сөзінен аударғанда үй, тіршілік ету орны)-микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді. Микрорганизмдер топрақта, суда, ауада өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіптен космоста да табылады. Микроорганизмдер-биценоздың құрамыды бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы суқойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп-жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды.
Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырады, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұруға қатысады.Олар адам организмінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарад. Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т.б. элементтер айналымына қатысатын әр түрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топрақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер(саңырауқұлақпен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді.Топырақтың 1 грамында бактерия саны-10 млрд жасушаға жетеді.Топырақ беткейінде УК-сәулелері, құрғақшылық т.б. факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады.
Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді. Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына,өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдылығына және т.б. байланысты.Топырақ микроорганизімінің көпшілігі pH-ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдылықта, 25-45°C температурада дамуға қабілетті. Топырақ азотбекіткіш малекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар (Azotobacter,Azomanas,Mycobacterium және т.б.) тіршілік етеді.Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе көк-жасыл балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданылады.
Топырақ-Bacillus және Clostriclium туыстастығының спора түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады.Потогенді емес бациллалар (Bac.Megaterium,Bac.Subtilis және т.б.)псевдомоналармен қатар, протей және кейбір бактериялар амонифицирлейтін,шіріткіш бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың минералдануына қатысады.Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары)ұзақ уақыт сақталып,кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті (Clostriclium botulinum). Ішек бактериялары (тұқ. Enterebocteriaceae) - ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары – нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, оның санитарлық – эпидиемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді ( ішек жұқпалары қоздырғыштарының тұрғысында)
Топырақта көптеген саңырауқұлақтар болады.Олар топырақ түзу процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі. Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулур шақырады. Қарапайымдар мөлшері 1г топырақта –ға дейін жетеді: Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қоректене отырып, қарапайымдар топырақтың органикалық заттарының құрамын өзгертеді.
Экожүйе Оның компоненттері және тірі организмдер арасындағы симбиоз түрлері Экожүйе компонеттері Биосфераның Шектелген аймағы Биотоп Геосфера Гидросфера Атмосфера Онтосфера Экожүйе Популяциялар Қатынасы Микробиоциноз
Экожүйе Абиотикалық Антропогенді Ксенобиотиктер Табиғи Климаттыгеографиялы Биотикалық Өсімдіктер Жануарлар Микроорганизмдер Адам
Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда сол жердің физикалық-химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар құралады. Ауыз су қойиасының суында әр түрлі бактериялар:таяқша тәрізді (псевдомонадалар, аэромонадалар және т.б.) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді. Әсіресе анаэробтар суқоймалардың түбінде (тұнығында) көп кездеседі. Су микрофлорасы микроорганизмдермен өңделетін, органикалық қалдықтардан өзін-өзі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады. Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері (ішек таяқшасы, цитробактер, энтеробактер, энтерококк,клостридии) және ішек жұқпасының қоздырғыштары (іш сүзегі, парасүзек, жерше, тырысқақ, лестопироз, энтеровирустар жәнет.б.) ластанған ағынды сулармен қар еріген кезде және жауын-шашын сулармен өзен, көлдерге түседі.
Олай болса, су көптеген жұқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады. Кейбір қоздырғыштар суда көбейе алады (тырысқақ вибрионы, легионеллалар). Мұхит және теңіз суының микрофлорасының құрамында әр түрлі жарқырауық және галофильді (тұз жақсы көретін)микроорганизмдер болады, мысалы, галофильді вибриондар малюскілер мен кейбір барлық түрлерін зақымдайды, оларды тамаққа қолданғанда, тағамдық токсиноинфекция дамиды. Микроорганизмдер топырақтың жоғарғы қабатында болатындықтан, артезиан скважинасының микроорганизмдер болмайды. Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты. Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шартәрізді және таяқша бактериялар, клостридиялар, актиномиоциттер, саңырауқұлақтар менвирустар табылады. Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына әкеледі.
Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен (фильтрлеу)бірге жүргізіледі. Сонымен бірге аэрозольді дезенфекция және УК сәулемен бөлмені өңдеу (мысалы микробиологиялық зертханаларда, операцияларда блоктарда т.б.)қолданылады. Өсімдіктекті дәрілік шикізаттар өндіру барысында микроорганизмдермен ластану мүмкін: су арқылы, стерильді емес дәріханалық ыдыс арқылы, өндірістік бөлмелердің ауасы және медициналық қызметкер қолы арқылы. Өсімдіктердің қалыпты микрофлорасы және өсімдіктер ауруларының қоздырғыштары- фитопогенді микроорганизмдер ластану мүмкін. Фитопогенді микроорганизмдер өсімдіктердің көпшілігін зақымдап, тарлуға қабілетті. Фитопотогенді микроорганизмдерге бактериялар, вирустар және саңырауқұлақтар жатады. Бактериялар қоздыратын ауруларды –бактериоз деп атайды. Бактериоз қоздырғыштарының арасында псевдомонадалар, микобактериялар, эрвииниилер, коринобактериялар, аргобактериялар және т.б. кездеседі. Бактериоздарға шіріткіштердің түрлері, тіндер некроздары, өсімдіктердің солуы, ісік дамуы және т.б. жатады.
Бактериоздарды жалпы және жергілікті деп ажыратады.Жалпы бактериоздар өсімдіктің толық немесе оның жеке бөлімдерінің өлуін туғызады. Олар түптамырларында (тамырлық шірінді) немесе тамырлы жүйесінде көрініс беруі мүмкін. Жеке бактериоздар өсімдіктің жеке бөлімдерін зақымдаумен шектеліп, паренхималы тіндерде көрініс береді. Erwinia туыстастығы күйік, солу, ылғалды немесе сулы шірінді типті ауру шақыратын түрлерден тұрады. Мысалы: E.amyiovora- алма мен алмұрт күйігінің қоздырғышы, E.carotovora-ылғалды бактериалдық шірінде қоздырғышы. Pseudomonas туыстығы бактериалды дақ шақырады (P.syringae және т.б.) бұл кезде жапырақтар да әр түрлі боялған, өсімдік түріне байланысты мөлшері әр түрлі түрлі- түсті дақтар түзеді. Xanthomonas туыстастығындағы бактериялар жапырақтарда дақ түзіп зақымдап, өсімдіктің тамырлы жүйесіне еніп, оның элементтерін тығындап, өсімдік өлімін туғызады. Сондықтан, тамырлы бактериоз қоздырғышы X.Campertris болып табылады.
Агробактериялар өсімдіктерде әр түрлі ісіктер тудырады. Ісіктің дамуы онкогенді плазмидамен қоздырылады, ол агробактериямен өсімдік жасушасына беріледі. Бұл бактерияның гликопептидтері өсімдік тамырының жасушалық мембранасын зақымдап нәтижесінде өсімдік тамырын бітеп, оны жойылуына әкеледі. Бактериоздар қоздырғыштары зақымдалған тұқым, ауру өсімдік қалдығы, топырақ, ауа, су, жәндік ауа, моллюска,нематодалар арқылы беріледі. Бактерия өсімдік ішіне енгеннен соң өсімдік жасушалары зақымдалып, бір-біріне ажырайды. Бұлай ену интрацелюлярлы, жасушааралық, ауруы-паренхиматозды деп аталады. Бактерия тамыр шоғырында өсіп-өніп көбейсе, тамыр қуысы бактериалдық массасымен бітеліп, нәтижесінде бактерия токсинінің әсерінен өсімдік солады. Өсімдіктерде мозомка және сарғыштану ауруын шақыратын қоздырғыштар-вирустар. Мозаикалық ауруда өсімдік өсуі төмендеп, зақымдалған жапырақ пен өнімдер дақты түс көрінеді. Сарғыштану өсімдіктің ергежейлілігімен, көптеген бүйір өскіндерінің, гүлдерінің т.б. өзгерістерінен байқалады.
Фитопотогенді микроорганизмдермен күресу үшін келесі шаралар жүргізіледі: төзімді өсімдіктер өсіру, тұқымды тазалау және өңдеу, топырақты залалсыздандыру, зақымдалған өсімдіктерді алып тастау, ауру қоздырғышын тасымалдаушыларды жою. Шикізатта, жартылай фабрикаттарда, өнімдерде,қондырғыларда, ауада және т.б. табылатын әр түрлі өндірістер (текстильді, биотехнологиялық, тағамдық,металл өңдеуші, химиялық кәсіпорындар және т.б.) микроорганизмдері көптеген арнайы микробиоценоздар құрайды.Тұрмыстық зерзаттардың микрофлорасы-топырақ,су, ауа,өсімдіктер,адам және жануарлар бөлінділері микроорганизмдерінің өкілдері болуы мүмкін. Медициналық мекемелердің микрофлорасын- медициналық қызметкерлерден немесе науқас бөлінділерінен, таңу және басқа материалдардан, дәрілік препараттармен әкелінетін патогенді және шартты потогенді микрофлора құрайды.
Потогенді және шартты патогенді микроорганизмдермен ластанудың негізгі көзі-адам бөлінісі.Кейбір қоздырғыштар ылғалды жерлерде көбейеді. Адам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде (микробиоценоз) микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендейді. Олар бір-бірі және адам организмімен тепе-тең жағдайда болады.Бұл микроорганизмдердің көпшілігі адамға зияны тимейтін комменсал болып табылады. Микрофлора адамның қоршаған ортамен байланысатын қуыстарында жайғасады. Жоғарғы тыныс жолының микрофлорасы. Жоғарғы тыныс жолына шаң бөлшектерімен бірге микробтар түсіп, оның көпшілігі мұрын және ауыз-жұтқыншақта өледі. Мұнда бактероидтар, коринеформалы бактериялар, гемофильді таяқшалар, лактобактериялар стафилококтар, нейссериялар, пептококтар пептострептококтар және т.б. өседі.Трахея, бронхтар және альвелиолар әдетте стерилді.
Асқазан-ішек жолының микрофлорасы.Ас қорыту жолының микрофлорасы өзінің сандық және сапалық құрамы бойынша көп өкілді болып табылады. Мұнда микробтар ас қорыту жолында еркін мекендеп, шырышты қабықта биологиялық үлбір күйінде колониялар түзеді. Эубиоз жағдайы-адам организмі мен қалыпты микрофлораның динамикалық тепе-теңдігі қоршаған ортаның әр түрлі факторлары, стресстік жағдай, бақылаусыз антимикробты препараттарды қолдану, сәулелермен емдеу және химиотерапия, тиімсіз тамақтану, операциялардың әсерінен бұзылуы мүмкін. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлары микроорганизмдерге әр түрлі әсер етеді:бактериоцидті -жасуша өліміне әкелуші бактериостатикалық- микроорганизмдер көбеюін тежеуші мутагенді микробтардың тұқым қуалаушылық қасиетін өзгертуші.
Температура әсері.Әр түрлі микроорганизмдер топтарының өкілдері температураның белгілі диапозонында дамиды.Төменгі температурада өсетін бактерияларды психрофильдер, орташа температурада өсетіндерге термофильдер деп атайды. Психрофильді микроорганизмдер 10-нан 40°Cқа дейінгі температурада өседі, температуралық оптимум 15-тен 40°C-қа дейін ауытқиды. Мезофильдер 10- нан 47°C температура диапазонында өседі, өсу оптимумы- 37°C. Олар шартты потогенді және потогенді бактериялардың негізгі тобын құрайды. Термофильді бактериялар- өте жоғары (40-90°C) температурада дамиды. Химиялық заттар микроорганизмдерге әр түрлі әсер етеді: қорек көзі ретінде бола алады ешқандай әсер етпеуі мүмкін, өсуін ынталандыру немесе тежеуі, жоюы мүмкін. Антимикробты химиялық заттардың бактериоцидті, вирулицидті, фунгицидті қасиет болғандықтан, оларды антисептикалық және залалсыздандырушы заттар ретінде пайдаланады.
Дезинфекцияда кеңінен қолданылатын химиялық заттарға хлор, йод және бромы бар қосылыстар мен тотықтырғыштар жатады. Микроорганизмдер бір-бірімен өзара әртүрлі қатнастарда болады. Әр түрлі екі организмдердің бірге тіршілік етуі- симбиоз (грек тілінде simbiosis- бірге тіршілік ету) деп аталады.Пайдалы өзара қатынастардың бірнеше варианты бар: метабиоз, мутуализм, комменсализм, сателлизм. Медицинада тұрмыста, тағам өндірісінде қолданылатын әртүрлі заттар мен материалдардағы микробтарды (бактерия, вирус, саңырауқұлақтар,қарапайымдар) жою үшін 2 әдіс қолданылады: стерилизация және дезинфекция. Стерилизация (лат.sterilis ұрықсыз)- өңдеу жататын нысандардағы микробтарды толық жою. Стерилизацияның негізгі 3 тәсілі бар: жылулық, сәулелік, химиялық.
Медицинада қолданылатын заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту.Осы мақсатта стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады. Қолмен тазартқанда келесі ретпен жасалынады: 1. Қанмен ластанған аспаптарды 0,14% натрий олеатының (таттану ингибиторы) ерітіндісіне 22°C, 60 минутқа салу керек. 2. Су ағымымен 0,5 мин.Жақсылап шайады. 3.Биолот" жуғыш затына 15 минутқа,(50°C)батырады. 4. 0,5 минут сумен жуады. 5. Ағынды және дистильденген сумен 3 мин шайады.
6.Ыстық ауалы стерилизаторда 80°С-85 °С та кептіреді. Дәрілік шикізат дайындап кезеңдерінде және сақтау барысында микробтармен ластануы мүмкін. Өсімдік және өсімдіктен алынған шикізаттың ылғалдануы микроорганизмдердің көбеюін белсендіреді. Көбейген микроорганизмдер өсімдіктен алынған дәрілік препараттардың фармокологиялық қасиеттерін өзгертеді. Дәрілік препараттарды дайындау кезінде микроорганизмдер қоршаған ортандан түсуі де мүмкін. Дәрілік препараттар дайындау кезінде санитарлық тәртіптің сақталуын, дәрілік форманың әрбір сериясын, сол мекеменің қоршаған орта обьектілерін санитарлық микробиологиялық бақылау жүргізу арқылы анықтайды.
Қорытынды: Қорыта келгенде, экалогия қоршаған орта мен тірі организмдердің өзара қатынасы туралы ғылым(экос.мекендейтін жер,тұрағы деген сөз). Экожүйеде барлығы бір-бірімен өзара байланысты және тепе-теңдік жағдайда болуы керек. Әлемдегі микробтардың басым көпшілігі сапрофиттер, яғни ауру қоздырмайтындар, сонымен бірге зиянды ауру қоздырушылары потогенділері де болады.Барлық экожүйеде эвалюциялық процесс нәтижесінде микроорганизмдердің қасиеттері өзгеріп отырады, микробтар арасында, микроьтармен микроорганизм арасында ерекше өзара қатынас дамып, симбиоз пайда болады. Микробтың симбиоздың бірнеше түрлері болады- мутуализм, антоганизм т.б. Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне байланысты дәрігер адам ағзасының қалыпты микрофлорасын жете білуі керек.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Л.Б. Борисов, А.М. Смирнова, И.С.Фрейдлин Медициналық микробиология, вирусология, иммунология 2. Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Г.Р.АмзеевМикроорганизмдер экологиясы 3. Н.Д. Биназаров Мейірбике ісінің негіздері"