Тақырып: Жүрек ырғағы бұзылуының патофизиологиясы,балардағы ерекшеліктері СЕМЕЙ 2015.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
АЛҒЫ СӨЗ Казақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретiнде, Қазақстан Республикасы халқының өмірінің негiзi болып белгiленген. Жер.
Advertisements

Тақырып: Жүрек ырғағы бұзылуының патофизиологиясы,балардағы ерекшеліктері СЕМЕЙ 2015.
Транксрипт:

Тақырып: Жүрек ырғағы бұзылуының патофизиологиясы,балардағы ерекшеліктері СЕМЕЙ 2015

I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 1.Жүрек жұмысы ырғағының бұзылуы 2.Балалардағы функциялық аритмиялар, олардың этиологиясы, патогенезі және маңызы. III. Қорытынды IV.Қолданылған әдебиеттер

Жүрек ырғағының бұзылуы аритмия немесе ырғақсыздық деп аталады. Бұл жүрек соғуының реттілігінің, жүректің жиырылу күшінің, сол сияқты жүрекше мен қарыншанаң қозуы мен жиырылу үрдістерінің бұзылуы деп түсінуіміз керек.

Аритмия Жүрек ырғағының бұзылуы немесе ырғақсыздық. Жүрек соғуының реттілігінің, жүректің жиырылу күшінің, сонымен қатар, жүрекшк мен қарыншаның қозуы мен жиырылу үрдістеріің бұзылуы болып табылады. Қалыптыда серпіндер синусты түйінен рет, 0,8-1,0м/с жылдамдықпен шығады.

Этиологиясы: Кардиалды себептер: Миокард инфарктісі. Тұрақсыз стенокардия Жүрек жетіспеушілігі Кардиомиопатиялар Жүре пайда болған жүрек ақаулары Туа пайда болған жүрек ақаулары Миокардиттер Митралды клапанның пролапсы

Дәрілердің әсері: Жүректік гликозидтер Антиаритмиялық заттар Диуретиктер Симпатомиметиктер Электролиттік бұзылыстар: Гипокалиемия Гиперкалиемия Гипомагниемия Гиперкальциемия және т.б.

Токсикалық әсерлер: Шылым шегу Алкоголь Тиреотоксикоз Идиопатиялық аритмиялар

Патогенезі Жүрекше-қарыншалық түйіннің аймағында қозудың таралу күші кенеттен төмендейді (0,05 м\с), осының нәтижесінде жүрекшенің систола фазасы ерте аяқталады, қозу миокардқа тарап, ол жиырылғанша жүрекшенің систола фазасы ерте аяқталады, жүрекше-қарыншалық түйіннен Гисс шоғырына серпіндер тез тарайды(1- 1,5м\с), ал Пуркинье талшықтарының бойымен 3-4м\с жылдамдықпен тарайды.

Жүрек жұмысы бұзылуының негізіне оның 4 қасиеті жатады. Жүрек ырғағын басқаратын синустық түйін болады. Осы жерден импульс пайда болады да, толық күйінде жүрекшенің төменгі бөлігіне тарайды, атриовентрикулярлық түйініне барады, Гисса шоғы арқылы Пуркинье талшықтарына жетеді.

Жүрекке тән қасиеттің бірі автоматизм: синустық түйінде импульс пайда болу минутына 70 рет болады, төменгі бөліктерінде бірте- бірте сирейді. Жүрек соғу ырғағының өзгеруін аритмия деп атайды. Синустық аритмия- автоматияның бұзылуы, ол тахикардия, брадикардия және тыныстық аритмия болып бөлінеді.

Тахикардия 1-ден, физикалық күш түскеннен дамиды. Сонымен қатар оң және теріс эмоциялар: толқу, Ұрыс-керіс сияқты адренэргиялық әсерлерден болады. Жүрек соғысының жиілеуі одан ыссы қанның өтуінен, егер қызу 1 градусқа көтерілсе, жүрек соғу 10-ға көбееді. Тахикардия қуыс веналардың қиылысын тітіркендіргенде пайда болады.

Брадикардия- жүрек соғысының сиреуі, ол спортсмендерде кездеседі. Ұйықтағанда кезбе нерв тонусы күшейеді, сондықтан жүрек соғысы сирейді. Тыныс аритмиясы да кезбе нервтің тітіркенуінен: демді ішке алу аяғында жүрек соғысы сирейді, демді шығару кезеңінде жиілейді.

Қозғыштық бұзылуы қосымша тітіркендіргіш ошағының пайда болуынан, сондықтан жүрек кезектен тыс соғады, оны экстросистолия деп атайды. Қосымша тітіркендіру миокард инфарктісы, инфекция- токсикалық жарақат, ревматизм және т.б себептерден болады.

Қарыншалар экстросистолиясында QRS тістер жиыны деформацияланады және тағы бір ерекшелігі Р тісі болмайды, сонымен қатар орын толтыру фазасы болады, себебі келесі келген импульске қарыншалар рефрактерлік фазада болып жауап бере алмайды.

Кезектен тыс жиырылып соғу біртіндемей көп топ болып келсе – пароксимальды тахикардия дейді. Жүрек соғысы 1 мин, ішінде рет болуы мүмкін. Жүрек ырғағын қалпына келтіру үшін кезбе нервті тітіркендіру керек: мысалы, көз алмасын бармақпен басу, немесе демді ішке алып тоқталып күшену.

Толық емес үзілістің 3 дәрежесі болады: 1/ дәрежесінде қалыпты PQ арасы барлық жүре соғуында бірдей ұзарады, 2/ дәрежесі – ұзару әр соғыс сайын көбееді де V-VII қарынша комплексі түсіп қалады, оны Самоилов- Венкебах кезеңі дейді. Осыдан кейінгі ЭКГ жиыны қайта дұрыс қалыпты болады да одан арғы жүрек соғысында бәрі қайталанады. 3/ дәрежедегі үзілуде импульс өтуі одан әрі қиындап II-IV қарынша жиыны түсіп қалады. Бұл дәрежеде қан айналыс күшті төмендеп, мидан қан жүру нашарлайды. Егер толық емес үзіліс физиологиялық болса, атропин бергеннен кейін қалпына келеді, себебі ол кезде нервті тежейді.

Егер өткізгіштік Гисса шоғында немесе Пуркинье талшықтарында болса, онда оң немесе керісінше сол қарынша күштірсозылып бұзылады.ек соққандай болады, ол ЭКГ-да көрінеді QRS жиыны

Жыбырлау аритмиясы сол жүрекшедегі қарынша тесігінің тарылуында, тиреотоксикозда, жалпы кардиосклерозда пайда болады. Фибрилляция пайда болуы. 1-ден көптеген гетеротропты қозу ошағының болуынан, 2-ден қозу толқындарының айнала таралуынан.

Жүрек ырғағының бұзылыстары барлық жастағы, соның ішінде туа сала, балаларда кездеседі. Балаларда және жасөспірімдерде, миокардта және жүректің өткізгіштік жүйесінде айтарлықтай құрылымдық өзгеріс болмай-ақ, функциялық өзгерістермен байланысты жүрек ырғағының бұзылыстары жиі байқалады. Мұндай аритмиялар функциялық деп атайды. Және олардың даму жолдарында синустық тораптың автоматизмі, миокардтың қозымдылығы мен өткізгіштігі өзгерістеріне әкелетін жүрек әрекеттерінің нервтік- гуморальдық реттелулерінің бұзылыстары маңызды орын алады.

Функциялық аритмиялар дамуына әкелетін жүректен тыс факторлар болады. Оларға мыналар жатады: Жүрекке симпатикалық және парсимпатикалық нерв жүйелерінің өзара үйлескен әсері бұзылуы, осыдан олардың біреуі басым болып кетуі /невроздар, стресстер және эмоциялар кездерінде/ байқалады. Ішкі ағзалардың аурулары / ойық жара ауруы, өт шығару өзектерінің дискинезиясы, бүйрек аурулар т.с.с/ кездерінде жүрекке дерттік рефлекстер болуы. Гипоксия, анемия кездерінде, қышқылдық- сілтілік үйлесімнің және электролиттер алмасуының бұзылыстарында, организмнің уыттануларында пайда болатын организмнің ішкі тұрақтылығы көрсеткіштерінің кейбір өзгерістері ең маңызды жүректен тыс факторларға жатады.

Функциялық аритмиялар әртүрлі жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың бейспецификалық әйгіленімдері болады және арнайы емдеуді қажет етпеді. Олар аурудан сауыққан соң, науқас баланың жалпы жағдайы оңалғаннан кейін жоғалады. Функциялық аритмияоар кейде дені сау балаларда да, ұйықтап жатқанда, физикалық жүктемелер,көңіл күйдің қобалжулары кезеңінде пайда болуы мүмкін.

Синустық тахикардия-балаларда синустық ырғақтың қалыптыдан мин.30-дан астам артық жиілеуі. Ол физикалық ауыртпалықтардан, қуаныш, қорқыныш кездерінде симпатикалық нерв жүйесінің жүрекке әсері артық кеткенде дені сау балаларда да байқалады. Жіті және созылмалы жұқпалар, гипертиреоз, анемия т.с.с әртүрлі аурулар кездерінде де синустық тахикардия дамиды. Синустық тахикардияның сирек кездесетін түрі болып, конституциялық тахикардия есептеледі. Бұл кезде ерте жастан бастап жүрек соғуы мин. 100-ден астам болады, және ол ересек жаста да сақталады. Мұндай тахикардияның дамуында синустық тораптың туа біткен ерекшеліктері маңызды орын алады. Мұндай тораптың симпатикалық әсерлерге сезімталдығы көтеріңкі болады.

Синустық брадикардия- балаларда синустық ырғақтың қалыпты мүмкін болатын жиілігінен мин.30-дан астам сиреуі. Синустық аритмия-жүрек ырғағының иілеу кезері оның сиреу кездерімен алмасып тұруымен көрінеді. Ол тыныс алумен байланысты болады немесе байланыспай дамиды.

Ұстамалы /паросизмалық/ тахикардия- жүрек соғуының кенеттен ұстамалы түрде, балаларда мин қа дейін жиілеп кетуі. Ұстама аяқ астынан күтпеген жерден басталып, күтпеген жерден тоқталады.

Экстрасистолия- баларда ең жиі кездесетін аритмияның түрі және ол барлық жастың барлық кезеңдерінде байқалады. Функциялық экстросистолалар жиі вегетативтік реттелудің өзгерістерінен, нервтік рефлекстік әсерлерден, қантамырларының вегетативтік дистониясы сияқты жүректен тыс бұзылыстардың нәтижелерінде дамиды. Олар балалардағы барлық экстрксистолиялардың 60 пайызын құрайды және жыныстық даму кезеңінде ең жиі кездеседі.

Қорыты келгенде, Жүрек ырғағының бұзылуы аритмия немесе ырғақсыздық деп аталады. Осы жүрек аритмиясының пайда болуына көптеген факторлар әсер етеді екен.Және де аритмия кезінде жүректің бірнеше қызметі бұзылады.

1.Ә.Нұрмұхамбетұлы Ұрық дамуы мен балалық шақ аурулардың патофизологиясы Алматы 2006 жыл. 2.Ж. Сүндетұлы Патологиялық физиология Шымкент 1998 жыл 3.Интернет жүйесі.