Windows98-графиқалық операциялық жуйе,оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеледі Windows98-дің обьектілерін әр түрлі құрылғылармен.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Аналық тақша қайда орналасқан? Порталдар дегеніміз не? Аналық тақшада нелер орналасқан атап шығыңыз? Шинаның неше түрі бар? Сақтау құрылғысын атаңыз Алмасу.
Advertisements

Windows бас қ ару элементтері. Windows-дің операциялық жүйесі дегеніміз не.
ListBox, ComboBox, Horisontal Scroll Bar, Vertical Scroll Bar, Timer, Shape. Тағайындалуы, қасиеттері, оқиғалары, тәсілдері ж
Информатиканың тест сұрақтары
Информатика 5-сынып Мәтін бөліктерін ерекшелеу. Атырау облысы, Новобогат орта мектебі Сайпеденова.Ж.
A, B, C, D 1. Артығын таңдаңдар: A) Word Pad B) Microsoft Word C) Paint D) Блокнот.
Интерактивті тақта – дегеніміз не? Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі.
Тақырыбы: «Пішім. Қасиеттері, оқиға, тәсілдер». Мақсаты: Пішін, қасиеттері, оқиғалар және тәсілдері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Сабақтың.
Сұрақтар І топ «Процессор» ІІ топ «Монитор» 11.Информатика деген не? 1.Ақпараттық процесс дегенiмiз не? 2 Компьютер құрамына кiретiн негiзгi құрылғылар?
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Басқару элементтері – бұл пайдаланушы немесе программалық объект туындататын оқиғаға әсер ететін, графикалық интерфейс қосымшаларының элементі болатын.
Қалам – бұл сымсыз, батарейкасыз жұмыс жасайтын қалам-тышқан. Ол арқылы тақтаға жазу, сызу немесе бір файлды ашу жұмыстары жүргізіледі. Дербес компьютер.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
Сабақ мақсаты: білімділік: Photoshop программасында суретті безендіру құралдарын тани білуге, берілген суретке түс пен түзету сәйкестігін қолдануға дағдыландыру,
Бір бетшені аштым да, Мәтін жаза бастадым Бірақ тілін шет елдің Аудара алмай тастадым Тілді қалай өзгертем Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt ) ( Ctr.
Инженерлік калькулятор бағдарламасын іске қосу үшін:
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
С# тіліндегі м ә тіндік ө ріс. C# тілі туралы түсінік Жаңа бағдарламалау тілі - С#. Бұл тілмен жұмыс істеу үшін Framework ортасын және С++ бағдарламалау.
MS POWER POINT. Құ жаттар, электронды қ кестелер мен к ө рмелер жасау ғ а арнал ғ ан ба ғ дарламаны ң бірнеше т ү рлерін біріктіретін бума.
Үй тапсырмасы Артығын таңдаңдар. Тізімдермен жұмыс қашан қажет? Жауабы: В. Әңгіме мәтінін тергенде.
Транксрипт:

Windows98-графиқалық операциялық жуйе,оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеледі Windows98-дің обьектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады,оның негізгісі-маус.Маустың құрылымы мен жұмыс істеу принциптері жоғарыда қарастырылады. Маустың көмегімен Windows98-дің обьектілерімен төмендегі әрекеттерді орындауға болады: белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу. Бұл операцияларды орындау үшін,маусты басқаруды үйрену керек,яғни маусты кілемше бетінде жүргізуді,оның оң және сол жақ батырмаларын тез басуды білу керек.Маустың сол жақ батырмасын-негізгі,ал оң жақ батырмасын көмекші батырма дейді.

Жұмыс орнында Windows- тың обьектілері мен басқару элементтері орналасқан.Обьект- олармен Windows жұмыс істейтіндердің барлығы. Обьект-ұғым. Әр обьектінің өзіне тән қасиеттері болады.Олар бір-бірімен қасиеттері бойынша ажыратылады.Windows-тың обьектілеріне қапшықтар,файлдар,терезеле р,таңбашалар,белгішелер мен маус нұсқағышы жатады.

Белшілердің тағы бір түрі- бұл таңбашалар.Егер белгішелер өзі обьект болса,онда таңбашалар оның бейнесін көрсетеді.Бір обьектінің көптеген таңбашалар оның бейнесін көрсетеді.бір обьектінің көптеген таңбашалары болуы және олар кез-келген жеорде орналасуы мүмкін. Олар белгішілермен қатынасу үшін қолданылады. Бірқатар обьектілер белгілі бір белгілері бойынша топтастырылады,оларды анықтау үшін қапшық түсінігі пайдаланылады. Қапшық-бұл обьектілер қоймасы.Қапшықтардың ішінде тек файлдар,белгішелер,таңбашалар ғана емес,басқа қапшықтар да болуы мүмкін.Қапшықтар ашық немесе жабық болады.Жабық қапшық белгіше түрінде, ал ашық қапшық терезе түрінде көрінеді. Мауспен жұмыс істеу Маустың негізгі батырмасы- әдетте сол жақ батырма, ол сендердің оң қолдаррыңның сұқ саусағының астында болады. Ал маустың оң жақ батырмасы-қосымша батырма.

Маусты шерту деп оның нұсқағышын қажетті обьектіге орналастырылып,маустың сол жақ батырмасын бір рет басуды және жіберуді айтады. Маустың оң жақ батырмасын шерту деп- маустың нұсқағышын белгілі бір обьектіге орналастырып,маустың оң жақ батырмасын бір рет басуды және жіберуді айтады. Маустың оң жақ батырмасын басу қажет екендігін әрқашан арнайы айтылады.Белгілі бір обьектіге маус нұсқағышын апарып,оң жақ батырмасын шертсек,экранда динамикалық немесе контекстік деп аталатын командалардың қосымша менюі шығады. Маусты екі рет шерту деп-маустың нұсқағышын обьектіге орналастырып,оның сол жақ батырмасын жылдам екі рет басуды және жіберуді айтады. Динамикалық(конт екстік) меню

Мауспен алып бару деп- маустың нұсқағышын керек обьектіге орналастырылып, оның сол жақ батырмасын жібермей, басып тұрып, обьектіні қажетті жерге апарып, сонан соң жіберуді айтады. Маустың оң жақ батырмасын алып бару жоғарыда айтылған әрекеттерге ұқсайды, бірақ мұнда оң жақ батырманы басу керек. Сонда динамикалық меню пайда болады, одан орындағыларың келетін әрекеттің командасын таңдайды. Маустың оң жақ батырмасымен апару пайдаланушыға сол жақ батырмаға қарағанда көп мүмкіндік береді. Оның оң жақ батырмасымен апарғанда обьектіні көшіруге, жылжытуға, оған таңбаша жасауға болады. Созу апаруға ұқсайды, бірақ мұнда ештеңе орнынан қозғалмайды, тек қана созылады. Егер меңзерді терезенің жақтауына немесе бүрышына қойса, онда ол қос бағдаршаға айналады, содан кейін маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, маусы оңға немесе солға қозғаса, терезе өлшемі өзгереді.

Windows-тың басқару элементтері Жұмыс орнының терезесінде обьектілерден басқа басқару элементтері де болады.Оларға: іске қосу(Пуск) батырмасы,бас меню,меню жолындағы меню мен командалар жатады. Команда деп осы команданың белгішесіне маус нұсқағышын апарып шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.Командалар ұзын немесе қысқа болады.

Қысқа команда деп белгішенің суреті бар меню жолындп шерткенде (мысалы,WordPad),бағдарламаны қосу әрекетінің орындалуын айтамыз,яғни компьютерге бағдарламаны іске қосу командасын беріледі. Ұзын команда деп біз белгілі бір нәтижеге: бағдарламаны іске қосуға немесе құжатты ашуға әкелетін ірекеттер тізбегіне нұсқауды айтамыз. Есептер тақтасы Экранның төменгі жағында жіңішке көк жолақ бар,оны Есептер тақтасы(Панель задач) деп атайды. Есептер тақтасын жылжытуға болады. Ол ушін маустың нұсқағышын есептер тақтасының бос орнына орналастырып,оның сол жақ батырмасын шертіп және оны жібермей басып отырып, Есеп тақтасынның контурын қажетті орынға апарып, маус батырмасын жіберу керек.

Есептер тақтасы Есеп тақтасының оң жақ бұрышында сағат орналасады.Сағатты түзету үшін,оның белгңшесінде маустың сол жақбатырмасын екі рет шерту жеткілікті.Сағаттың суреті бар терезе пайда болады онда уақыт пен мерзім көрсетуін өзгертуге болады.Мерзімді өзгерту үшін,ай атының жанындагы бағдаршаны шертіңлер,ашылған менюдегі белгілі бір қажетті ай атында маусты шертеміз.

Windows операциялық жүйесінің негізгі обьектісі терезе болып табылады. Терезе(Окно)-жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ.Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Барлық терезелердің түрін төмендегі 4 топқа бөлуге болады: 1.Қапшық терезелері; 2.Қолданбалар терезелер; 3.Диалог терезелері; 4.Анықтама терезелері; Қапшық терезелерінде,оны басқару элементтерінен басқа Windows-тың басқа обьектілерінің де белгішелері бар.

Қолданба(приложение)- бұл да бағдарлама, ол Windows жүйесінің басқаруымен жұмыс істегендіктен, қолданбадеп аталады. Диалог терезелері- қосымша ақпараттарды енгізуге арналған арнайы терезе. Олар Windows-ты және оның қолданбаларын басқару мен баптау үшін қажет, оларда басқару элементтері бар. Анықтама терезелері- Windows және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын шығару қызметін атқарады, сондай-ақ олардың осы терезені басқару элементтері бар.

Менің компьютерім(Мой компьютер)қапшығының терезесінің мысалында біз терезелердің негізгі элементтерін карастырайық? Шекалар(Границы).Терезел ерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтауларды шекаралар деп атайды. Олардың көбінің өлшемдерін өзгерту үшін,маус нұсқағышын шекараның біреуіне орналастырып,нұсқағыш қос бағдаршаға айналуын күтіңдер,содан соң маусты қажетті бағытқа тартыңдар.

Тақырып жолы(Строка заголовка). Терезенің ең жоғарғы шекарасының астында бірден терезенің аты көрсетілген төртбұрыш орналасқан, оны Тақырып жолы немесе Тақырып деп атайды. Мауспен тақырыпты іліп алып, терезені басқа орынға жылжытуға болады. Жүйелік меню белгішесі(Значок системного меню).Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню белгішесі орналасқан.Оны шертсендер,терезені басқарудың қарапайым командаларының тізімі ашылады,олардың көмегімен терезені жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады. Жабу батырмасы(Закрывающая кнопка).Тақырып жолының оң жақ шекарасында айқасқан сызық суреті бар батырма орналасқан. Жабу батырмасының сол жағында келесі батырмалар орналасқан: жималау(свернуть),жаймалау(развернуть),қалпына келтіру(восстановить). Жималау батырмасы.Жималау батырмасында шерту,есептер тақтасында тек қана батырмасын қалдырып,терезені Жұмыс орнынан алып тастайды.

Жаймалау батырмасы.Бұл батырма терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді. Қалпына келтіру батырмасы. Осы батырма терезені аралық калыпқа келтіреді, яғни терезе экранда болады,бірақ оның олшемінен кіші болады. Батырма экранға бірнеше терезені бір уақытта орналастыру үшін пайдаланылады. Меню жолы(строка меню). Тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең жолақ бар. Бұл-меню жолы,онда берілген қолданбаның негізгі командалары бар.Меню дегеніміз- берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі. Меню жолының командаларының бірін шақыру үшін,мауспен оның атын шерту керек,сонда созылған меню пайда болады. Құрал-саймандар тақталары(Панели инструментов).Көптеген терезелер батырмалары мен белгішелері бар құрал-саймандар тақиасымен жабдықталған. Олар неңұрлым жиі қолданылатын командаларға тез қатынау үшін пайдаланылады.

Жұмыс аймағы(рабочая область).Бұл-обьектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы.Қапшықтар терезесінің жұмыс аймағында келесі обьектілер орналасады: белгішелер,қапшықтар,файлдар,таңбашалар.Қолданбалардың терезелерінің жұмыс аймағында мәтіндер,суреттер,кестелер,слайдтар т.б жасауға болады.