Кәсіби келіссөздер техникасы Орындаған: Сейлхан Айман Тексерген:
Келіссөздер бұл адамдар арасында келісім жасау мақсатымен жүргізілген талқылау. Келіссөз мина бөліктерден тұрады: 1.Танысу. Байланысты қалыптастыру; 2.Қарым-қатынас бары сын бақылау; 3.Мәселені талдау; 4.Мәселені шешу; 5. Байланысты тәмамдау;
Ақпарат жинау Сәттілік сыры екінші бір адамның жүрегіне, көңіліне, басқаша айтқанда қалтасына жол таба білуде жатыр. Сіз белгілі бір компания мен әріптестік байланыс орнату үшін келіссөзге барсаңыз, ол компания туралы мүмкін болған барлық деректі біліп барғаныңыз жөн. Аталған компанияға қатысты кез келген дерек маңызды болуы мүмкін.
Сүйкім Өзіңіз туралы жағымды әсер тудырыңыз. Күлімдеңіз, бас шұлғыңыз, сұрақ қойып, мұқият тыңдаңыз. Оған жилы шырай танытып, әр сөзіңізді ойланып айтыңыз. Егер адам сізге оң көзбен қараса, сіздің мүддеңізге жеңілдік жасауы әбден мүмкін. Ол туралы алдын ала жеткілікті ақпарат жинап алған соң, оның қай бағытқа ұмтылатынын да шамалаңыз. Ешқашан бір жаққа асығып тұрған кейіп танытпаңыз. Сіз бұл әңгімені жалғастырып отыра берегу барсыз. Ал егер жақсы келісімге колу мүмкін болмаған жағдайда, ашуыңызды көрсетпей, дай ғана қоштасып, орныңыздан тұрып, сүйкіміңізді сақтап кете беріңіз. Ешқашан келесі тараптың алдында ашуға берілмеген жөн.
Шын мәнінде бұл келіссөзде жеңіс дегеніміз - сізге тиімді шешілген дайттар, ал қалғаны, яғни оларға тиімді шешілген мәселелер - жеңіліс. Сондықтан келіссөздің алдында сіз үшін нақты ненің жеңіс әкелетінін біліп отырғаныңыз жөн. Қарсы тарап сізге тиімді ұсыныс жасағанда, қуанып тұрғаныңызды білдірмеңіз. Егер ұсынысқа бірден келісім берсеңіз, сізді көндіру оңай екеніне олардың көзі жетпек. Сіздің соңғы сөзіңіз: "ойланып көрейін" болуы керек.
Нақтылық пен тәжірибе Сөзіңіз де, ұсынысыңыз да нақты болсын. Қарсы тараптың әлсіз тұсын біліп алып, соған бағыттап мұқият әрекет еткен дұрыс. Келіссөз бары сында өзіңіз әріптестік байланыс орнатқан компанияларды этап өтіп тұрыңыз. Қарсы тарап бұл компанияларды бірінші рет естіп отырса да, сіздің тәжірибеңіздің мол екенін түсінбек. Ал танымал, беделді компаниялармен байланыс орнатқан болсаңыз, бұл қарсы тарапқа нәтижелі әсер қалдырмақ.
Кәсібилік Жұмыс бары сында өз-өзіңізді дамытып, жетілдіріп отыруға тырысыңыз. Өйткені кез келген келіссөзде сіздің кәсібилігіңіз бен біліміңіз сынға түспек. Қаншалықты өз ісіңізді терең білсеңіз, кез келген адам мол білімнің алдында осалдық танытады.
Келіссөздер үшін қажетті құжаттар дайындауға аса мұқият қараған жөн. Құжаттарда грамматикалық және стилистикалың қателер жіберегу мүлдем болмайды. Олар ресми- іскерлік тілдің қалыптары мен стиліне сайт болуы керек. Келіссөздерге әріптестерге таныстыру үшін дайын анықтама материалдар салған капканы немесе жобаны ала барған жөн.
Назарларыңызға рахмет!