Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Жалпы гигиена және экология кафедрасы Студенттің өзіндік жұмысы Дисциплина:Жалпы гигиена Тақырыбы:Гигиенаның қалыптасуы және даму тарихы Мамандығы:Жалпы медицина Орындаған:Назарбаева А.С. 317 «А» тобы Тексерген: кафедра жетекшісі Бердешева Г.А. Ақтөбе,2016 жыл
1. Гигиена дегеніміз не? 2. Құл иеленушілік кезеңдегі эмпирикалық гигиенаның дамуы 3. Орта ғасырдағы гигиена 4. Гигиенаның ғылым ретінде қалыптасуы 5. Отандық гигиенаның дамуы
* Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды. [1]
Гигиенаны ң даму Эмприкалы қ кезе ң Ғ ылыми- сараптамалы қ
Ертедегі Мысыр Ертедегі Қ ытай Ертедегі Рим Ертедегі Ү ндістан Ертедегі Греция
* Біздің эраға дейінгі (б.э.д.) 4-3 мың жылдары Ертедегі Үндістанда қолданылған гигиеналық ережелер кейінірек (б.э.д жылдары) Ману мен Аюрведу заңдары жинағына және басқа да тарихи заңнама көздердің құрамына кірді. * Ертедегі Мысырда б.э.д. 4-5 мың жылдар бұрын аурудың алдын алу мақсатында уқалау, дәрет алуды кеңінен қолданған, іш айдайтын, зәр айдайтын және тер шығаратын заттарды қолданған. Сол уақыттың өзінде-ақ жеке бас гигиенасы, жыныс гигиенасы, науқастарды оқшаулау, өлген адамдарды жерлеу сұрақтарына қатысты ұсыныстар болған.
* Б.э.д. V-IV ғасырларда Ертедегі Грецияда жиналған гигиеналық білімдерді қорытатын, жүйеге келтіретін бірінші еңбектер пайда болды. Ол еңбектердің авторы, ертедегі атақты дәрігер Гиппократ (б.э.д жж.) болды. * Ертедегі Римде қоғамдық гигиенаның дамуы бұрынғыдан да өркендеді. 30-ға жуық акведуктар, яғни су құбырлары тартылды. Олардың біріншісі б.э.д. 614 жылы арканың үстінде орнатылды, олардың биіктігі 30 м-ге дейін жетті. Қалаға тәулігіне, адам басына 1000 л дейін тау суы беріліп отырды.
* Феодализм дәуірінде Батыс Еуропада өмір сүрудің барлық салаларында, оның ішінде гигиенаның дамуында да, қараңғы дағдарыс және құлдырау кезеңі басталды. Құдіретті шіркеу ауруларды емдеуге тыйым салды, себебі, бұл «құдайдың ісіне араласу» деп есептеді, ал емдеген адамдарды қатаң қуғынға ұшыратты, аскетизмді уағыздап, барлық гигиеналық шаралардан бас тартуға шақырды. Осының нәтижесінде, ертедегі гигиенаның барлық ережелері ұмытыла және жойыла бастады, ал орта ғасырлық қалалар жұқпалы аурулардың нағыз ордасына айналды.
* Санитарияның мүлдем болмауы, орта ғасырды тітіренткен обаның, сүзектің, тырысқақтың, шешектің, дизентерияның қырғын эпидемияларының басты себептерінің бірі болды. 14-ші ғасырда оба ауруынан Еуропадағы 100 миллион халықтың төрттен бір бөлігі өлді.
* Орта ғасырда, Еуропаға қарағанда, Шығыста білімнің әр түрлі салаларының, оның ішінде медицина ғылымы мен гигиенаның да, өркендеген кезеңі болды. Сол уақыттарда өмір сүрген ( жж.) ірі ғалым, атақты дәрігер - тәжік Әбу Әли Ибн-Сина (Авиценна) бүкіл әлемге белгілі болды. Оның 5 томдық іргелі шығармасында «Дәрігерлік ғылымның Канонында» гигиенаның көптеген сұрақтары баяндалады.
* 1700 жылы атақты Падуа қаласының дәрігері Б.Рамаццинидің ( жж) «Қолөнершілердің аурулары туралы ойлар» атты атақты еңбегі жарық көреді. Бұл еңбекте 52 мамандықтағы жұмысшылардың жұмыс жағдайы мен кәсіби аурулары бірінші рет жазылған. Рамаццинидің жұмысы кәсіби гигиена саласында бірінші болған жоқ. * 1437 жылдың өзінде -ақ Ульрих Элленбог өзінің «Металдардың улы және зиянды булары мен түтіндері» кітабын жазды. * Ал атақты Парацельстің жылдары «Кен қазушылар мен құюшылардың аурулары» жайында жұмыстары жарияланды.
* 19 ғасырдың ортасында жаратылыс ғылымдарының дамуы, гигиенаны эксперименталдық жолға қойды да, өз алдына жеке пән ретінде басына бастады. Ғылыми- эксперименталдық гигиенаның негізін қалаушылар Германияда-М.Петтенкофер, К.Флюге, М.Рубнер, Англияда - Э.Паркс пен Дж.Саймон, Францияда - М.Леви, Ресейде- А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман болды.
* ғасырларда Ресейде гигиенаның дамуында алдын алу шараларының маңыздылығы жөніндегі кемеңгер ғалым М.В. Ломоносовтың, сондай ақ, аса көрнекті, клиникалық медицинаның негізін қалаушылардың – М.Я.Мудровтын, Н.И.Пироговтын, С.П.Боткиннің, Г.А.Захарьиннің және т.б. ғалымдардың алдыңғы қатарлы көзқарастары ерекше роль атқарды.
* Пирогов гигиенаны менсінбеуді тарихи адасушылықтардың қатарына жатқызды. Ол «келешек- алдын алу медицинасынікі болатынына» сенімді болды. Н.И. Пирогов: «Мен гигиенаға сенемін, біздің ғылымымыздың шынайы жетістігі осында» деді.
* 1932 жылы Республикада бірінші рет Алматы қаласында медициналық институт ашылды. Қазақстандағы санитарлық қызметті ұйымдастырушылардың бірі болған Н.Н.Попов негізін салды. Кафедраларды ұйымдастыру және онда жүргізілген ғылыми зерттеулер гигииенаның негізі болып табылды, осыған байланысты Республикадағы барлық гигиенаның дамуы осы негізгі сүйеніп отырды.
* Қазіргі уақытта Қазақстанда Е.Алтынбеков, А.А.Лукашев, В.А.Козловский, Е.Н.Сраубаевтардың еңбек гигиенасы бойынша мектептері бар, коммуналдық гигиена бойынша (И.С.Корякин, Б.А.Неменко), тамақтану гигиенасы бойынша ( Т.Ш.Шарманов, С.П.Терехин және т.б.), қоршаған орта гигиенасы және экология бойынша (К.Р.Амрин, Ү.И.Кенесариев және т.б.), Еңбек гигиенасы бойынша жасаған еңбектерінің негізгі бағыттары өндіріс салалары мен ауыл шаруашылықтарында кеңінен қолданылып келеді.
1. Балалар энциклопедиясы, III-том 2. Гигиена под ред. акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР:Медицина, А.М.Большаков, И.М.Новикова "Общая гигиена", М.: Медицина,2002 г. 4. Мельниченко П.И., Ушаков И.Б., и др. Гигиена: Словарь-справочник– М.: Медицина, Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человека. 4е изд., испр. и доп. – Ростов на Дону «Феникс» б.