Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер патрих, бирмалықтар су мейрамы, тәжіктер гүл гардон, бәйшешек, гүлнаурыз, хорезмдіктер наусарджи, татарлар нардуган, буряттар сагаан сара, соғдылықтар наусарыз, армяндар навасарди, чуваштар норис ояхе деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже сумалак ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – күн символын салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.парсы
Қазақтардың тұрған үйі кигіз үй
. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос- жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен
Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар ( көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т. б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. күрес қыз қуу алтыбақан Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол діни мейрам, ескілік сарқыншағы деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл - ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен (« Айқыш - ұйқыш », « Ақ серек пен көк серек », « Алқа қотан », т. б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, « Қызғалдақ » мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай « Алтыбақан » айналасындағы тамашамен аяқталатын. Айқыш - ұйқыш » Ақ серек пен көк серек » Алқа қотан » қазақша күреспен ат жарысымен Алтыбақан »
Мейрамдарда киетін ұлттық киімдер Ұл бала киіміҚыз бала киімі
Адамдар әнсалып және билегені
Айтыс
Алтыбақан ойыны
Көкбар ойыны
Қыз қуу ойыны
Күрес
Асық ойнау ойныны