Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шаян көп салалы лицей-жалпы орта мектебі Сабақтың тақырыбы:

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы ОРЫНДАҒАН: Досанова Г.К. ОРЫНДАҒАН: Досанова Г.К.
Advertisements

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютердің құрылғылары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға дербес.
Информатика пәнінің мұғалімі: Нұрманов Қ.Б.. Дербес компьютердің жұмыс принципі.
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру, таныстыру және флешка, диск ұғымдарымен таныстыру ; Тәрбиелілік:
ЭЕМ-нің құрамы ОРЫНДАҒАН :АБДІКАМАЛОВ ЕРЛІК. Аппараттық жабдықтар Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте.
Орындаған: Байзақ Е. Қабылдаған: Есжанов Ғ. Тобы: 101 «Б»ФӨТ Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы.
Информатика деп 1) Ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттеумен, 2) сонымен қатар ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату үрдістерімен және.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Өткізген оқытушы: Бирманова Аймгуль Алмуханбетказиевна Ақтөбе
Ақпарат жинаушылар. Жаңарған жетістіктер (Сабақ №2-3)
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Жаңа технологияның жылдам дамуына байланысты дәстүрлі оқыту әдістерін қайта қарауға тұра келуде. Бұл үрдіс әртүрлі пікірлердің қалыптасуына да септігін.
ТАҚЫРЫБЫ: «Процессор » Орындаған: Ергеш Айгерім Қабылдаған: Қасымбекова Н. Шымкент.
«Ойын технологиясы арқылы қазақ тілін үйрену» атты бейімделген бағдарламаның тақырыптық жоспары «Күншуақ» мектеп алды даярлық тобына арналған
2008г. ©
Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі.
173 Алия Молдағұлова атындағы мектептің 8 Г сынып оқушысы Сүттібаева Айшолпан.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өткен сабақтарды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, оқуға қызығушылығын, ынтасын арттыру.
1 Кіріспе. Дәріс 1. Күшті әсерлесу – бірнеше фемтометр арақашықтықтағы адрондар арасындағы пайда болатын әсерлесу; дербес жағдайда атом ядросы арасындағы.
Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасы Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы география пәнінің I-санатты мұғалімі Қазақстан Республикасы.
Транксрипт:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шаян көп салалы лицей-жалпы орта мектебі Сабақтың тақырыбы: Сабақтың тақырыбы: « Дербес компьютермен танысу » Пән мұғалімі: Султанбекова Бибигул Пән мұғалімі: Султанбекова Бибигул Пәні: Информатика Пәні: Информатика Шаян ауылы оқу жылы Шаян ауылы оқу жылы

Фамилиясы: Султанбекова Аты: Бибигуль Туылған жылы: 18 тамыз 1974 жыл Бітірген оқу орны: Халықаралық гуманитарлы - техникалық университеті. Факультеті: Информатика пәні Жұмыс орны: Шаян көп салалы лицей- жалпы орта мектебі Пед. Стажы: 7 жыл Санаты: 13

. Кіріспе XXI ғасыр –жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Бүгін де ақпараттық технология ғарыштық жылдамдықпен дамуда десек те артық айтпаған болар едік. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру әрине күрделі дайындықты талап етеді. Ал осындай ақпараттық кеңістікке баланы ерте бастан дайындау бүгінгі күн заман талабына айналып отыр. Мектепте білім беру басылымдығының өзгеруі информатиканы оқытудың мынандай мақсатарын белгілеп береді. Информатика жеткізуді балаға жағымды тәсілдермен түсінікті болып, оның жанына, жүрегіне жол таба біліп, баланың жүйке-жүйесін шаршатпағанды дұрыс. Баланы өмірге даярлау мәселесі бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Информатикадан білім беруді дамытудың мазмұны мен оқытудың әдіс тәсілдері болып тұр.

Мазмұны Ақпараттық технологиялар әртүрлі техникалық құралдары пайдалану тұжырымдайды, олардың ішінде ең бастысы компьютер болып табылады. Ақпараттық технологияларды пайдаланып арқылы білім сапасын көтеру. Ақпараттық технологияны білім жүйесінде қолданудың негізгі бағыттары төмендегідей; оқушылар техника қауіпсіздік ережесін жатқа білу; оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру; Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру. Төмендегі тақырыптарды түгелдей меңгерту; Дербес компьютердің құрылымы, мониторы,жүйлік блок, пернетақта, ал қалғаны қосымша мауыс, дыбыс шығарғыш, сканер, баспаға шығарғыш, модем, бейнекамера, Веб камерасы, сандық суретке түсіргіш, микрофон, проектор, құлаққаптар.

Сабақтың тақырыбы: « Дербес компьютермен танысу » Сабақтың мақсаты: а) Дербес компьютер мен оның негізгі бөліктері және олардың Міндеттері жөнінде алған білімдерін тиянақтау. ә) Пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық ой-өрісін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру, өз ойларын тиянақты жеткізу білуге үйрету. б) Оқушыларды өмірге және білім алуды жалғастыруға, тәртіпке, еңбекке баулу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкамен жұмыс,слайдтар. Сабақтың өту барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 2. Өткен сабақтар бойынша қайталау тест сұрақтары. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 4. Жаңа білімді қолдану –жаңа сабаққа практикалық тапсырма « Информатикалық домино ойыны» 5. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары. 6. Үйге тапсырма беру. 7. Бағалау. I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу Түгендеу Назарларын сабаққа аудару.

- Сіздер алдыңғы сабақта Есептеуіш техникасының даму тарихы бөлімінің кіріспесімен тақырыбымен таңыстыңыздар. Енді сіздің осы тақырыптар бойынша білімдеріңізді тексерейік, үй тапсырмасы тест сұрақтары карточкамен жұмыс. II. Өткен сабақтар бойынша қайталау тест сұрақтары. 1. Ең ерте замаңғы есептеу құралы? 2. Есепшоттың жасы нешеде? 3. «Абак », «Суанпан», «Серобян» деп есепшотты кімдер атаған? 4. Есепшот Ресейде қай ғасырлары пайда болды? 5. Логарифм түсінігін енгізген ғалым жылы Роберсонның жасаған құралы? жылы Логарифм сызғышның идеясын ұсынған ғалым? 8. Қай жылы Блез Паскаль механикалық есептеу машинасын құрастырды? жылы Лейбниз Паскальдың идеясын дамытып құрастырылған машинаның атауы? 10. Компьютердің атасы атаған ғалым? 11. Аналетикалық машинаның жобасы қай жылы жасалды? жылы Бэббидж машинасы бағдарлама жазған ғалым? 13. XIX ғасырда есепші перфорациялық машинаны құрастырған ғалым? 14. Говорда Айкен 1944 жылы құрастырған машинасы? 15. Есепші перфорациялық машинаны 1880 жылы АҚШ-та қандай қызметке пайдаланды III. Жаңа сабақ VI. Үйге тапсырма беру. Бағалау.

III. Жаңа сабақ Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғыдан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды – бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компютер оларсыз да жұмыс істей алады. Компьютердің негізгі құрылғылары компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Жүйелік блок дербес компьютердің негізгі құрылғысы болып табылады.Жүйелік блоктың алдыңғы тақташасында қосып өшіру батырмасы бар, дискіжетек, компакт-дискіден оқитын CD-ROM орналасқан. CD-ROM Жүйелік блок

, Процессор мен жад Компьютер сипаттамасының басында, әдеттегідей, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігін көрсетеді. Одан әрі жедел жадтың (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компютердің бұл құрауыштары – ең бастылары, өйткені оның жұмысының жылдамдығын осылар анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен қатқыл дискіні, ең күшті бейнеадаптерді және керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ баяу процессор мен мардымсыз жад кезінде барлық осы байлық пайдасыз болады. Процессор, немесе, оны тағы микропроцессор деп атағандай, компьютер мәліметтерін өңдеудің орталық құрылғысы болып саналады. Процессор микросхема ретінде көрінеді де жедел жадпен қатар аналық тақшада тұрады. Процессорлар Microsoft Word немесе Netscape Communicator сияқты бағдарламалар жұмысы үшін қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым жылдам болған сайын, солғұрлым компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы үлкен болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцтерде (МГц) немесе гигагерцтерде (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. 1 МГц секундына бір миллион ырғаққа тең, ал 1 ГГЦ бір миллиардқа; 1 ГГц = 1000 МГц. Процессорларды аналық тақшаға орнатады, сондықтан олар компьютерлердің ерекше ішкі құрауыштары болып саналады Процессорға үстінен радиатор орнатылады

Олар әр түрлі типті болады. Базарда ең арзаны, жалпы мойындалғаны және кең таралғаны «Экструзиондық» (пресстелген). радиаторлар болып саналады. Оларды өндіруге пайдаланылатын негізгі материал алюминий. Сондай-ақ радиаторларды мыстан да жасайды, олар қымбаттау тұрғанымен, өте тиімді. Радиаторға үстінен желдеткіш (кулер) орнатады. Желдеткіш процессорды салқындату үшін қызмет етеді. Желдеткіш жұмыс істеу үшін оны аналық тақшаға қосу қажет.

Жад Жад деп мәліметтердің кез келген қоймасын айтады, бұл көбінесе тез (еркін) қатынас құруға болатын мәліметтерді уақытша сақтауға арналған құрылғы. Егерде процессорға әрбір бит үшін қатқыл дискіге қатынауға тура келетін болса, онда компьютер өте баяу жұмыс істеген болар еді. Осының орнына мәліметтер, процессор әлдеқайда тез жұмыс істейтін, жедел жадта сақталады. Жад түрлерінің көпшілігі мәліметтерді уақытша сақтауға арналған.

Жедел жад (RAM) Компьютердің жедел жады (қысқартылған түрде – ОЗУ немесе RAM) мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Кез келген бағдарламаның, ОЖ-ні қамти отырып, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін жүктеуге жетел жадтың біршама көлемі талап етіледі. Бұл қатқыл дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қатынас құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, солғұрлым үлкен жедел жад талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді ағытқанда жедел жадта сақталынатын мәліметтер өшіріледі. Жедел жад ішкі жад болып саналады да сыртқы жадтың мысалдары бола алатын қатқыл дискі немесе жинақы-дискіден ерекшеленеді. Тіпті компьютер ағытылғаннан кейін де ақпарат сыртқы жадта сақталады. Жедел жадтың көлемі мегабайтармен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін, ең шекті өлшемде, іске қосылған бағдарламалардың әрбір данасы 64 Мб жедел жад талап етеді. Пәрменді пайдаланылатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламаларға (мысалы – компьютерлік ойындарға) оданда үлкен жад талап етіледі. Жаңа компьютерлерге қазір ең аз дегенде 256 Мб-тық жедел жад орнатады. Егерде компьютерде орнатылған жадтан үлкен жатты талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жад орнатылса, солғұрлым жақсы.

Монитор Монитор мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған, пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді. Бейнелеу құрылғысы болып табылады. Мониторлар түрлі-түсі және бір түсті болады, бір бірінен мөлшері бойынша да ерекшеленеді (әдетте кинескоптың диагоналы 9-дан 42 дюймға дейін (немесе 23-тен 106 см-ге дейін)). Мониторлардың тағайындалуына байланысты реттеудің, түрлі- түсін түзетудің және т.б. әр түрлі құралдарымен жарақтандырылған. Әр түрлі мониторлардың ажыратқыштығы да әр түрлі, яғни кескіндерді енгізетін нүктелердің саны көлденеңі мен тігі бойынша – ең үлкен кәсіби мониторларда 640*480 нүктеден 1600*1280 нүктеге дейін барады. Ажыратқыштығы неғұрлым жоғары болса, экрандағы кескін солғұрлым айқын болады.

Мониторда ақпарат екі тәсілмен бейнелене алады: Электрондық-сәулелік түтікшелері бар мониторлар (ЭСТ) Сұйықкристалдық дисплейі (СК) бар мониторлар. Электрондық-сәулелік түтікшелері бар мониторлар ЭСТ көмейінде электрондық зеңбірек, ал түбінде люминоформен қапталған экран тұрған шыны құтыдағы электрондық вакуумдық аспап болып табылады. Қыза отырып, электрондық зеңбірек экранға қарай үлкен жылдамдықпен қозғалатын электрондар ағынын ұшырып шығарады. Электрондар ағыны (электрондық сәулелер) люминоформен қапталған экранның белгілі бір нүктесіне бағыттайтын тоғыстырушы және ауытқытушы шарғылар арқылы өтеді. Электрондардың соққысының әрекетінен люминофор экран алдында отырған пайдаланушы көретін жарықты шығарады.

Үйірілу процесінде (экран бойынша орын ауыстыру) сәуле экран люминофорының элементарлық бөлігіне әрекет етеді де кескін пайда болады. Сәуленің қарқындылығы үнемі өзгереді де нәтижесінде экранның тиісті бөлігінің жарықтылығы өзгереді. Сәулелену өте тез жоғалатындықтан электрондық сәуле экран бойынша қайта-қайта және қайта-қайта жарықтылықты жаңарта отырып жүгіруі тиіс. Осы процесс кескінді жаңарту (немесе регенерация) деп аталады. Мониторлардың көпшілігінде регенерацияның жиілігі, сонымен қатар тік үйірудің жиілігі деп аталады, көптеген режімде шамамен 85 Гц-ке тең, яғни кескін экранда секундына 85 рет жаңарады. Регенерация жиілігінің төмендеуі көзді өте қажытатын кескіннің жыпылықтауын тудырады. Олай болса, регенерация жиілігі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым пайдаланушы өзін жайлы сезінеді. Монитор қамтамасыз ететін регенерация жиілігінің бейнеадаптер бапталған жиілікке сәйкес болуы өте маңызды болып табылады. Егерде мұндай сәйкестік болмаса, онда экранда кескін мүлдем пайда болмайды, ал монитор істен шығуы мүмкін.

Монитор экранының типтері Мониторлар экраны екі типті бола алады: дөңес және жазық. Типтік дисплейдің экраны дөңес. Мұндай құрастырылым ЭСТ-нің көпшілігіне тән (оның ішінде телекөріністік киноскоптарда да). Әдетте экран тігінен де, көлденеңінен де майысқан болып келеді. Кейбір модельдерде (Sony FD Trinitron и Mitsubishi DiamondTron NF) экран бетінің тек көлденең қимасы бойынша шамалы қисықтығы бар Trinitron құрастырылымы пайдаланылады. Экранның тік қимасы бойынша қисықтығы нөлге тең. Мүндай экранда шағылысулар аз болады да кескіннің сапасы жақсарады. Бұл құрастырылымның кемшілігі - өндірістің жоғары өзіндік құны, ал, олай болса, бағасы да аса жоғары болады. Сұйықкристалдық дисплейлер Басқа физикалық құбылыстарға негізделген бейнелеу құралдарының баламалы құрастырылымдары бар. Жазық көрсеткіштік тақталарды дайындаушылардың технологиясын пайдаланып, кейбір бірлестіктер LCD-дисплейлер (Liquid-Crystal Display) деп аталатын сұйықкристалдық дисплейлерді жасап шығарды. Оларға жазық шағылыстыруы жоқ экран тән және энергияны тұтыну қуаты төмен (мұндай дисплейлердің кейбір модельдері 5 Вт тұтынады, ал электрондық- сәулелік тұтікшелері бар мониторлар 100 Вт-тық энергияны тұтынады). Қазіргі уақытта активтік матрицасы бар сұйықкристалдық тақталардың түсті беру сапасы бойынша электрондық-сәулелік тұтікшелері бар мониторлардың модельдерінің көпшілігін басып озды.

Сұйықкристалдық экрандардың ажыратқыштық қабілеті, әдеттегідей, типтік электрондық-сәулелік түтікшелерге қарағанда төмен және құрылғы айтарлықтай қымбат екендігін атап өту керек. Сұйықкристалдық дисплейлердің бірнеше түрлері бар: пассив матрицалы бір түсті пассив матрицалы түрлі-түсті актив матрицалы түрлі-түсті (аналогтық) ең қазіргі заманғы актив матрицалы түрлі түсті (сандық) Сұйықкристалдық экранда поляризацияланған жарық сүзгі бөлек екі жарық толқынын тудырады да тек поляризациялану жазықтығы оның өсіне параллель бөлігін ғана өткізеді. Сұйықкристалдық мониторға екінші жарық сүзгіні оның осі бірінші сүзгінің осіне перпендукляр болатындай орналастыра отырып, экранға жарықтың өтуін толық болдырмауға болады (экран қара болады). Екінші сүзгінің поляризация осін айналдыра отырып, яғни жарық сүзгілерінің остерінің арасындаға бұрышты өзгерте отырып, өтетін жарық энергиясының мөлшерін, демек экранның жарықтылығын өзгертуге болады. Түрлі түсті сұйықкристалдық экранда кескіннің әрбір пикселіне – қызыл, жасыл және көк нүктелер үшін бір бірден үш ұяшығы бар тағы бір қосымша сүзгі бар. Жарық толқыны сұйықкристалдық ұяшықтар арқылы өтеді, әрбір түрлі түстің өз ұяшығы бар. Сұйық кристалдар қасиеттері сұйықтыққа ұқсас өзек тәрізді молекулалар болып табылады. Бұл зат поляризациялану жазықтығы оптикалық оске параллель жарықты еркін өткізеді, бірақ электр зарядының өзара әрекетінен молекула өзінің бағытын өзгертеді. Ол арқылы өтетін жарық толқынының поляризация жазықтығы да бір мезгілде өзгереді. Бір түсті сұйықкристалдық мониторда жарық сүзгілер жоқ болғанымен, онда жіктелудің бір элементіне сұр түстің өзгерісін беруге бірнеше сұйықкристалдық ұяшықтан келеді.

Мониторларды қосу. Монитордың жұмысын басқаратын сигналдар компьютердің ішінде орналасқан электрондық схемалардан түседі. Кейбір ДК-де бұл схемалар аналық тақшада орналасады. Алайда жүйелердің көпшілігінде жүйелік өрімнің немесе кеңею өрімінің ұңғысына кірістірілетін жеке тақшалар пайдаланылады. Бейнеленуді басқаратын сигналдарды өндіретін кеңеюдің мұндай тақшалары бейне тақшалар немесе бейнеадаптерлер деп аталады. Бейнетақшалардың ұңғыларына мониторлар (DVI, VGA port) қосылады. Пернетақта – бұл компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Пернелер бірнеше топқпа бөлінеді. Символдық пернелер. Функционал пернелер Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Цифрлық пернелер.

Пернетақтамен және мауыспен танысу IBM PC-тің пернетақтасы пайдаланушы компьютерге ақпарат енгізу үшін арналған. Әзірше компьютердің адам дауысын тану міндетін қанағаттандыруы шешілген жоқ, сондықтан компьютерге алфавиттік-сандық ақпаратты енгізудің негізгі тәсілі пернетақтада басып шығару. Пернетақтаның әрбір пернесі оймақтай (механикалық немесе мембраналық) ажыратып-қосуға арналған қақпақ болып табылады. Пернетақтадағы шағын микропроцессор осы ажыратып-қосқыштардың қалып күйін қадағалайды да әрбір пернені басып немесе жіберген кезде компьютерге сәйкес хабарды (үзуді) жөнелтеді, ал компьютердің (операциялық жүйенің) бағдарламасы бұл хабарларды өңдейді. Қазіргі компьютердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Пернелер бірнеше топқпа бөлінеді. Символдық пернелер. Функционал пернелер Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Цифрлық пернелер.

1-сурет 2-сурет

Мауыс Қазіргі заманғы бағдарламалардың көпшілігімен жұмыс істеу үшін іс жүзінде мауысты немесе оны алмастыра алатын құрылғыларды (трекболды, сенсорлық тақтаны және т.б.) пайдалану міндетті болып саналады. Бұл құрылғылар көрсеткіш құрылғылар деп аталады, өәткені олар компьютер экранында сол немесе басқа элементтерді көрсетуге мүмкіндік береді. Үстелдік компьютерлерде ең жиі пайдаланылатын көрсеткіш құрылғы қолға қолайлы екі немесе үш батырмасы бар шағын қорап болып табылатын манипулятор маус болып саналады. Компьютерге қосуға арналған өткізгішімен бірге бұл құрылғы шындығында құйрығы бар маусты еске түсіреді. Үстелдің бетінде немесе басқа бетте мауысты сырғытып орын ауыстырған кезде компьютер экранында маустың көрсеткіші (әдетте жебелік) сәйкес түрде қозғалады. Сол немесе басқа әрекетті орындау қажет болған кезде, мысалы мауыстың көрсеткіші орнатылған меню пунктін орындау керек болғанда пайдаланушы мауыстың сол немесе басқа батырмасын басады. Кейбір пайдаланушылар маусты емес, тұғырдағы шар формалы манипуляторлы трекболды пайдалануды пейіл көреді. Шағын компьютерлерде маустың орнына трекболды, сенсорлық тақтаны немесе трекпойнтты пайдаланады. Барлық осы құрылғылар қызметтік түрде маусқа балама болады, олардың арасындағы таңдау талғамның ісі.

Джойстик – бұл компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады.

Баспа құрылғылары Баспа құрылғылары: Принтер –ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік графикалық ақпаттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша ақ қара немесе түрлі түсте шығаруға болады. Принтердің бірнеше түрі: Матрицалық, сия бүрікіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.Лазерлік қазіргі кезде өте тимді пайдалануға ыңғайлы, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады,яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ порошок –тонер қағазға тартыладыда, қатты қызып, оған жабысады. Сублимационалдық принтерлер арнайы қағазға термобалқу технологиясы негізінде жасалған. Ол фотосурет басып шығаруда жиі қолданылады. Жарық диодты (LED) принтерлердің лазерлік принтерлерден айырмашылығы лазерлік сәулелердің орнына жарық диодты матрицалар қолданылады. Сондықтан LED принтерлері біршама арзандау болып келеді. Графопостроитель, плоттер

Дискжетектер Дискжетектер бұл алуан типті тасуыштардан мәліметтерді шығарып оқуға/жазуға арналған физикалық құрылғылар. Дискжетектер ішкі (жүйелік блокқа құрамдасқан) немесе сыртқы бола алады және кәбіл не өткізгішсіз жалғастыру арқылы компьютерге қосылады. Сол кәбілдердің өзі ішкі дискжетектерде де (USB немесе FireWire өрімдері бойынша қосылатындарды шығарып тастағанда) бар: мәліметтер кәбілі компьютер порттарының біріне қосылады, ал қоректену кәбілі қоректену көзіне қосылады. Төменде жұмыс бекеттерінде тым кең тараған дискжетектердің сипаттамалары келтірілген. Әрқайсысы туралы егжей-тегжейлі сөйлеселік.

Қатқыл дискілер Қатқыл диск (немесе қатқыл дискінің жетегі) бұл мәліметтердің компьютердегі негізгі қоймасы; компьютерлердің көпшілігі құрамдас қатқыл дискілермен жабдықталған. Оған қосымша бағдарламаларды орнатады, онда файлдарды әзірлейді және әр түрлі мәліметтерді сақтайды. Компьютерді сатып ала отырып, сендер қатқыл дискінің сыйымдылығы сипаттаманың алғашқы жолдарында (жедел жадтың мөлшері мен процессордың жылдамдығымен қатар) келтірілгенін көресіңдер. Қатқыл дискінің сыйымдылығы әр түрлі компьютерде айырмашылықтары болады да байттармен өлшенеді. Байт сегіз биттен 4 тұрады, әрқайсысы 1- ге немесе 0-ге тең бола алады. Қатқыл дискілердің сыйымдылығы әдетте мегабайттармен (Мб) немесе гигабайттармен (Гб) өрнектеледі. Гигабайт шамамен миллиард байтқа тең. Қатқыл дискілердің сыйымдылығы 4 Мб- тан 80 және гигабайттан да артықтау аралықта өзгеріп отырады. Қазіргі заманғы ДК-лерде сыйымдылығы 20-дан 80 Гб-қа дейінгі, ал серверлерде сыйымдылығы одан да үлкен қатқыл дикілерді орнатады, өйткені желінің клиенттері өздерінің мәліметтерін әдетте серверлерде сақтайтындықтан қосынды көлем өте ғаламат болады. Серверлерде жиірек бірнеше қатқыл дискі болады, жалпы сыйымдылығы терабайттармен (Тб; 1 Тб жуықтап триллион байтқа тең) өрнектеледі. 1Тб = 2 40 байт.

CD- және DVD-дискілердің жетектері CD и DVD-дискілердің [1] жетектері мәліметтерді жинақы-дискілерге жазуға («күйдіруге») және оқуға мүмкіндік береді. CD- және DVD- дискілер -бұл жүздеген мегабайт мәліметтер сыятын ауысымды тасуыштар. Мөлшерінің онша үлкен еместігі және айтарлықтай сыйымдылығы арқасында бағдарламалардың көптеген дестелері қазіргі уақытта осы тасуыштарда таратылады. Осы тасуыштар үшін мәліметтерді тек оқуға, оқу мен жазуға қабілетті дискжетектер, сонымен қатар құрама жетектер бар, Оларды шолу 2-1 кестеде келтірілген. [1] Иілгіш дискілердің дискжетектері Иілгіш дискілерге арналған дискжетек 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды. «Иілгіш диск» (флоппи-диск) термині алғашқыда шын мәнінде иілгіш болған 5,25-дюймдік дискетке қатысты болған, 3,5-дюймдік дискілер кіші әрі қаттылау. Бұл дискілер ауысымды тасуыштар болып саналады, олардың сыйымдылығы 1,44 Мб. Компьютерде иілгіш дискілерге арналған дискжетекке «А» әрпі тағайындалады.

CD және DVD-дискілердің жетектері CD и DVD-дискілердің [1] жетектері мәліметтерді жинақы-дискілерге жазуға («күйдіруге») және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVD-дискілер бұл жүздеген мегабайт мәліметтер сиятын ауысымды тасуыштар. Мөлшерінің онша үлкен еместігі және айтарлықтай сыйымдылығы арқасында бағдарламалардың көптеген дестелері қазіргі уақытта осы тасуыштарда таратылады. Осы тасуыштар үшін мәліметтерді тек оқуға, оқу мен жазуға қабілетті дискжетектер, сонымен қатар құрама жетектер бар, [1] DVD дискілер мен жинақтауыштардың 2 стандарты бар: – (минус) және + (плюс). DVD стандарты кеңірек тараған. Macintosh пен ДК-мен үйлесімді IBM компьютерлеріне сыртқы CD- мен DVD-дискжетектерін қосуға балады. Осы мүмкіндікті құрамдас CD-ROM мен CD-DVD жүйелеріне CD-RW мен DVD-RW-ді үстемелеу үшін пайдаланады. Жинақы- дискілерге жазу технологияларын жетілдіру жазатын жетектердің құнын төмендетеді де олар тездете компьютердің стандарттық құрауышына айналады.

USB-дискілер компьютердің USB-портына тікелей қосылады, тым жинақы, мөлшері мен пошымына қарай оларды жиі «дискілер– автоқаламдар» (pen drives или flash drives) деп атайды. Бірнеше жүз мегабайт сыяды, олар мәліметтерді алмасуға пайдаланатын сыртқы флоппи-дискжетектердің орнына лэптоптарды пайдаланатындардың арасында ерекше танымал. Zip-дискілер сыйымдылығы 100-ден 250 Мб-ға дейінгі ауысымды тасуыштар. Иілгіш дискілерге ұқсас, бірақ сыйымдылығы айтарлықтай үлкен, жиірек құрамдас болады. CD-RW-дискілермен тез ығыстырылады.

Сканер Сканер –қағаздағы кескінді (жазуды, суретті )түсініп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті,графикті, мәтіндерді сканерлеуге түсіріп алуға болады. Кескін сканерленгеннен кейін,оларды графикалық программаларда өндеуге (үлкейтуге,кішірейтуге қайта бояуға т.б) болады. Сканер кескінді (суретті,т.б) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол –жолмен жазық суретті сканерлейді,оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлерқара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады. Олардың планшетті, барабанды,оптикалық түрлері бар.

Сергіту сәті Атқаратын қызметіне қарай суретерді жеке-жеке атарын атап шық.

Enter Енгізу пернесі Бос орын (пробел ) ең ұзын перне Символдарды бір бірінен ажыратып жазады. BackpaceСол жақтағы символды өшіреді CapsLock Үлкен әріптерді теру және кіші әріптерді теру. DeleteОң жақта символды өшіреді NumLockЦифрлар енгізіледі IV. Сәйкестендіру тестісі і

V. Сабақты бекіту сұрақтары: 1. Дербес компьютердің құрылғыларын ата? 2. Мауыстың қанша түрі бар? 3. Қандай құрылғы компютердің миы деп аталады? 4. Баспаға басып шығаратын құрылғы? 5. Дыбыс шығаратын құрылғысы? 6. Ақпаратты басып шығару құрылғысы?

VI. Үйге тапсырма: §2.2 Компьютердің құрылысы VII. Оқушылар білімін бағалау VIII. Оқушылар білімін бағалау диаграммасы Пайдаланған әдебиеттер. 1. Информатика 7-сынып Н. Ермеков, Н. Стифутина 2. Информатика негіздері N жыл