Науқасты қарау Орындаған: Бекенова А Тобы: МПД 13 002-1 к С.Ж.Асфендияров атындағы Казахский Национальный Қазақ Ұлттық Медицина Медицинский Университет.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Мақсаты: Тыныс алу жүйесі мүшелерінің орналасу аймағын және құрылысының ерекшелігін: мұрын қуысын, көмейді, кеңірдекті, бронхтарды, бронх ағашын, өкпені,
Advertisements

Остеохондроз омыртқада болатын сырқаттардың ішіндегі ең көп тараған түрі. Аурудың бұл түрін зерттеу жүз жылдан бері тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Әуелде.
Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары аз қимылдау, мөлшерден тыс тамақ ішу, спиртті сусындарды ішу, темекі тарту жүрек іс әрекетін нашарлатады, ал бұл.
Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті Түркістан-2014 ж Қабылдаған: Мұстафаев А. Орындаған : Кудиярова А. Болатбек.
Болашақ медицина колледжі. Соматикалық ауруға науқастың әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалаумен сипатталады. Осыған орай,дерттің «объективті»
Зейін Зейіннің физиологиялық негізі. 3 ейіннің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
Ақпараттық блок Психолог: Күнделікті өмірде адам баласы сан түрлі қуанышты немесе келеңсіз жағдайларға ұшырасып жатады. Осы жағдайларда шығу немесе жағдайға.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Факультет: Жалпы медицина Дисциплина: Қалыпты физиология СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ.
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
П СОРИАЗ П СОРИАЗ. П СОРИАЗ – СОЗЫЛМАЛЫ, ҚАЙТАЛАНЫП ТҰРАТЫН, ТЕРІ АУРУЫ. А УРУ 16 МЕН 25 ЖАС АРАЛЫҒЫНДА КӨБІРЕК КЕЗДЕСЕДІ, БІРАҚ ТІПТІ БАЛА КЕЗІНДЕ БАСТАЛУЫ.
«Ойын технологиясы арқылы қазақ тілін үйрену» атты бейімделген бағдарламаның тақырыптық жоспары «Күншуақ» мектеп алды даярлық тобына арналған
Дәріс жоспары 1.Үлкен ми. Жалпы түсінік. 2.Ми діңгегі, оның ішкі құрылысы, жұлынға ұқсастығы. 3.Сопақша ми, орналасуы, құрылысы. 4.Артқы ми, бөлімдері,
Презентация ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ.
Тақырыбы: Жіті сол қарыншалық жетіспеушіліктің диагностикасы және жедел жәрдем көрсету алгоритмі Орындаған:Әшірәлиева Ж. Топ: 308 ЖМ Тексерген: Омиртаева.
Факультет: Жалпы медицина Курс: 3 Тобы: к Орындаған: Якупова.З.А С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Казахский Национальный.
Қылмыс пен жаза Орындаған: Жыргалбекқызы Анара 3 курс ЮП
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ : ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ Орындаған : Карамендиева А ТобЫ : Қабылдаған : Усипбекова М.
"Астана Медицина Университеті״АҚ Клиникаға кіріспе кафедрасы Тақырыбы: Бронхиалды астма ұстамасы кезінде мейірбике көмегінің алгоритмі. Орындаған:Жиенқұл.
Транксрипт:

Науқасты қарау Орындаған: Бекенова А Тобы: МПД к С.Ж.Асфендияров атындағы Казахский Национальный Қазақ Ұлттық Медицина Медицинский Университет Университеті им. С.Д.Асфендиярова

Науқасты объективті тексеру әдісі Науқасты объективті тексеру әдісі науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты объективті тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу (пальпация), соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация) тұрады.науқасты клиникалық тексеру әдістерініңпальпацияперкуссияаускультация Науқасты объективті тексеру әдісі науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты объективті тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу (пальпация), соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация) тұрады.науқасты клиникалық тексеру әдістерініңпальпацияперкуссияаускультация

Науқасты қарау Қарау кезінде науқастың жалпы көрінісін және жағдайын байқаймыз. Науқастың жалпы жағдайын қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді. Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы жабындылардың түсін (терісі, шырышты қабаттары), дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын, дене, аяқ – қол). Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі қалпы активті, пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді. Активті дегеніміз ол отырып, тұрып, өзіне – өзі қарай алатын науқастарды айтамыз. Пассивті дегеніміз ол науқас өте әлсіз, күйзелген, ес түссіз жатқан, әдетте төсекте жатып, өзгенің көмегінсіз дене қалпын өзгерте алмайды. Кей ауруларда науқас өзін бір қалыпта ғана жақсы сезінеді оны мәжбүрлі қалып деп айтамыз. Мысалы, жүрек ауруларында ентікпе әсерінен көбіне отырғанды қалайды. Мәжбүрлі қалып науқастың жағдайын жеңілдетеді, бірақ аурудан жазылуға көмектеспейді. Мысалы, өкпенің жарылған абсцессінде науқас «ауырған» жағында жатады, бұл қақырықтың шығуын ауырлатады және инфекцияның одан ары таралуына жағдай туғызады. Қарау кезінде науқастың жалпы көрінісін және жағдайын байқаймыз. Науқастың жалпы жағдайын қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді. Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы жабындылардың түсін (терісі, шырышты қабаттары), дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын, дене, аяқ – қол). Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі қалпы активті, пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді. Активті дегеніміз ол отырып, тұрып, өзіне – өзі қарай алатын науқастарды айтамыз. Пассивті дегеніміз ол науқас өте әлсіз, күйзелген, ес түссіз жатқан, әдетте төсекте жатып, өзгенің көмегінсіз дене қалпын өзгерте алмайды. Кей ауруларда науқас өзін бір қалыпта ғана жақсы сезінеді оны мәжбүрлі қалып деп айтамыз. Мысалы, жүрек ауруларында ентікпе әсерінен көбіне отырғанды қалайды. Мәжбүрлі қалып науқастың жағдайын жеңілдетеді, бірақ аурудан жазылуға көмектеспейді. Мысалы, өкпенің жарылған абсцессінде науқас «ауырған» жағында жатады, бұл қақырықтың шығуын ауырлатады және инфекцияның одан ары таралуына жағдай туғызады.

Сана–сезімнің жағдайы Сана – сезімнің бірнеше жағдайын ажыратады: анық ес; ступор – науқас сыртқы ортада нашар хабардар болады, сұрақтарға нашар немесе кешігіп жауап береді. сопор (субкома) – ұйқы жағдайы. Егер науқасты осы жағдайдан қатты дауыспен оятса, онда ол сұраққа жауап береді ле, қайта терең ұйқыға кетеді. кома – сана–сезімнің толық болмауы. Ол бас миының орталықтарының зақымдануымен байланысты. Комада бұлшық еттердің босаңсуы, сезімталдықтың және рефлекстердің болмауы, кез келген тітіркендіргіштерге (жарықтық, ауырлық, дауыстық) жауап бермейді. Кома қант диабетінде, миға қан кеткенде, улануда, бауырдың ауыр зақымдануында, бүйрек жетімсіздігінде болуы мүмкін. Кейбір ауруларда орталық жүйке жүйесінің қозуынан сана– сезімнің зақымдануы болады. Оларға сандырақтау, галлюцинация (есту және көру) жатады.сандырақтаугаллюцинация

Науқастың бетінің көрінісі Науқастың беті ағзада болып жатқан өзгерістерді айқындайды. Ол қорқуды, сағынуды, уайымдауды көрсете алады. Қызба кезінде науқастың беті қызарады. Беттің ісініп, бозаруы және көздің қабағының түсуі бүйрек ауруларымен ауыратын науқастарда болады. Алкогольды ішімдіктермен, наркотиктермен уланғанда, уремияда көз қарашығының тарылуы, атропинмен уланғанда кеңеюі болады. Бауырдың зақымдануында склераның сарғаюы байқалады.

Жалпы дене бітімі Адам затының үш типті конституциясы болады: нормостеник типі – дене бітімінің пропорционалды, бұлшық еттері тығыз, көкірек клеткаының конус тәрізді болуымен сипатталады. Колының, аяғының, мойынның ұзындығы денесінің өлшеміне сай. Қабырға бұрышы тік. астеник типі – мойыны ұзын және жіңішке, иықтары тар, жауырыны көкірек қуысынан қалаңқы, бұлшық еті әлсіз, терісі жұқа және бозғылт, диафрагма төмен, зат алмасуы күшейген болады. гиперстеник типі – көлденең өлшемдері, бұлшық еттері, тері асты май қабаты күштірек дамыған. Кеуде қуысы қысқа әрі кең, қабырғаларың бағыты горизонтальды бағытталған, иықтары кең және түзу, аяқ – қолдары қысқа, басы үлкен, диафрагма жоғары орналасқан, заталмасудың төмендегені тән. Адам затының үш типті конституциясы болады: нормостеник типі – дене бітімінің пропорционалды, бұлшық еттері тығыз, көкірек клеткаының конус тәрізді болуымен сипатталады. Колының, аяғының, мойынның ұзындығы денесінің өлшеміне сай. Қабырға бұрышы тік. астеник типі – мойыны ұзын және жіңішке, иықтары тар, жауырыны көкірек қуысынан қалаңқы, бұлшық еті әлсіз, терісі жұқа және бозғылт, диафрагма төмен, зат алмасуы күшейген болады. гиперстеник типі – көлденең өлшемдері, бұлшық еттері, тері асты май қабаты күштірек дамыған. Кеуде қуысы қысқа әрі кең, қабырғаларың бағыты горизонтальды бағытталған, иықтары кең және түзу, аяқ – қолдары қысқа, басы үлкен, диафрагма жоғары орналасқан, заталмасудың төмендегені тән.

Тері және шырышты қабатты қарау Теріні қарау терінің пигментациясын, құрғақтануын, тыртықтануын, қан құюлыларды және т. б. анықтайды. Терінің түсінің өзгеруі терінің қалыңдығына және тері қан тамырларына байланысты. Тері түсінің өзгеруі онда пигменттердің жиналуынан болады. Бозғылт – уақытша және тұрақты болуы мүмкін. Тұрақты бозғылт болу жедел және созылмалы қан кетуден кейін немесе анемия кезінде болуы мүмкін. Уақытша бозғылт болу тері тамырларының спазымында, қорықанда, жаурағанда, қалтырағанда пайда болады. Терінің қалыпты емес қызаруы – терінің майда қан тамырларының кеңеюінен және толуынан пайда болады. Қызыл түсті тері кейбір ауруларда байқалады, ол қанда эритроцит пен гемоглобиннің көп мөлшерде көбеюі әсеріне (полицитемия). Цианоз – терінің көкшілтім болуы. Ол қанда көмірқышқылдың көп мөлшерде болуына байланысты. Цианоз жергілікті және жалпы цианоз болып бөлінеді.

Жалпы цианоз жүрек және өкпе жетімсіздігінде дамиды. Ол кейбір туа пайда болған жүрек ақауларында, улармен уланғанда (беролет тұзы, анилин, нитробензол) кездеседі. Бет және аяқ– қолдың цианозы өкпенің капилярларының өлуімен жүретін өкпе ауруларында кездеседі (пневмосклероз, өкпе эмфиземасы). Жергілікті цианоз дененің жеке бөліктерінде тамырлардың қысылуынан немесе бітелуінен дамуы мүмкін. Көбінесе тромбофлебит әсерінен дамиды. Сарғыштық – өт пигменттердің теріде және шырышты қабаттарда жиналу әсерінен дамиды. Сарғыштық әрдайым склераның және қатты таңдайдың сарғаюымен жүреді, сол себептен оны басқа сарғаюлардан оңай ажыратуға болады (күнге күю, актихинді қолдану). Сарғаюдың түсі ашық сарыдан ашық жасылға дейін өзгеруі мүмкін. Сарғаюдың әлсіз деңгейін субиктерикалық деп айтады. Жалпы цианоз жүрек және өкпе жетімсіздігінде дамиды. Ол кейбір туа пайда болған жүрек ақауларында, улармен уланғанда (беролет тұзы, анилин, нитробензол) кездеседі. Бет және аяқ– қолдың цианозы өкпенің капилярларының өлуімен жүретін өкпе ауруларында кездеседі (пневмосклероз, өкпе эмфиземасы). Жергілікті цианоз дененің жеке бөліктерінде тамырлардың қысылуынан немесе бітелуінен дамуы мүмкін. Көбінесе тромбофлебит әсерінен дамиды. Сарғыштық – өт пигменттердің теріде және шырышты қабаттарда жиналу әсерінен дамиды. Сарғыштық әрдайым склераның және қатты таңдайдың сарғаюымен жүреді, сол себептен оны басқа сарғаюлардан оңай ажыратуға болады (күнге күю, актихинді қолдану). Сарғаюдың түсі ашық сарыдан ашық жасылға дейін өзгеруі мүмкін. Сарғаюдың әлсіз деңгейін субиктерикалық деп айтады.

Шаш және тырнақты қарау Шаштың дененің шаштан таза жерде көп өсуі эндокринді бұзылыстың болуымен сипатталады. Шаштың түсуі гипотериозға, ал уыстап түсуі сифилиске тән. Шаш тері ауруларыпда яғни фавуста, себореяда түседі. Тырнақтың сынғыштығы және қатпарлануы витаминді алмасудың бұзылысынды және жүйке жүйесінің ауруларында кездеседі.

Мүшелеп қарау Басты қарау. Басты қарау. Бастың қатты үлкеюі мида судың жиналуында, микроцефалияда байқалады. Туа пайда болған сифилисте – бас сүйектің спецификалық орналасуы және жүректің аортальды ақауында бастың пульсациясы болады. Көзді қарау бірқатар симптомдарды анықтауға көмектеседі. Мысалы, диффузды токсикалық жемсауда, ботулизмде (қылилық), жүйке жүйесінің ауруларында ( көз қарашығының бір деңгейде болмауы, птоз және т. б.) көздің патологиялық өзгерістері кездеседі.

Ауыз қуысын қарау Ауыз қуысын қарау (аран, тіл, тістер, шырышты қабық) асқазан ауруларын, анемия, эпилепсияны және т. б. ауруларды анықтауда диагностикалық маңызы зор. Құлақ қалқандарын қарап, сыртқы дыбыс жолдарын мұқият қарайды. Бастың шашты бөліктерінде шаштың жалпы көрінісіне, шаштың түскен бөліктеріне (микроспория), тері зақымдануларына, педикулездардың болуына немесе болмауына көңіл аударады.

Мойынды қарау Ұйқы артериясының пульсациясына (жүрек ақауы, тиреотоксикоз), қалқанша безге, лимфа түйіндерге көңіл аударады.

Сүйек–бұлшык ет жүйесін қарау. Бұлшық еттер (атрофия, гипертрофия), буындар (деформация, қимылдау дәрежесі), тамырлар (веналардың варикозды кеңеюі), тырнақтар ( сынғыштақ, формаларына) жағдайын бағалау қажет. Бұлшық еттің дамуын науқастың жұмысымен немесе спортпен айналысуымен сипатталады. Жергілікті бұлшық ет атрофиясын (көбінесе аяқтарда) келесе сау мүшемен салыстыра отырып диагностика жүргізеді. Бұлшық еттің күшін және қызметінің бұзылуын анықтау өте маңызды, себебі олар жүктілік кезінде, бүйрек (эклампсия), бауыр (бауыр жетіспеушілігі), орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (менингит), холерада және т. б. ауруларда байқалады. Акромегалияда перифериялық сүйектердің қатты өсуі, ал рахитта сүйектердің өзгеруі, тауық көкірегі, қабырғалардың шеміршекке өту кезінде жуандауы, аяқтарының қисаюы байқалады.

Кеуде сарайын қарау.Кеуде сарайына (конус тәрізді, эмфизематозды және т. б.), жүрек ұшы соққысына баға береді. Алдыңғы құрсақ қуысын қарау.Іштің формасын, өлшемін және тыныс алуда қатысуын бағалайды. Лимфа түйіндерін қарау.Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері қолға сезілмейді және көрінбейді. Аурудың түріне қарай олардың көлемі бұршақтан алмаға дейін үлкеюі мүмкін. Лимфа түйіндерін қарағанда олардың ауырсынуына, жылжығыштығына, консистенциясына, терімен жалғасуына көңіл аудару керек. Көбінесе жақ асты, мойын, бұғана үсті, қолтық асты және шап түйіндері үлкееді. ] ]