Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (1902- 1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.Қазақ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ( ). Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, публистика, журналистика, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген.
Advertisements

Презинтация на тему: Ғ абит М ү сірепов Подготовили: Павлова Екатерина Кухта Виктория.
СӘБИТ М ҰҚ АНОВ. Оны ң есімін жалпы қ аза қ о қ ырманына ке ң інен таныт қ ан «С ұ лушаш» дастаны, «Адас қ андар» романы осы кезде ө мірге келді.
Ғабит Мүсірепов – үлкен дарын иесі Аналар - өмір шуағы.
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек». З. Қабдолов.
Бейімбет Майлин (Бима ғ амбет) ( ) қ аза қ ты ң к ө рнекті жазушысы, қ аза қ әдебиетін қ алыптастырушыларды ң бірі.
Сәкен Сейфуллин. Сәкен ( Сәдуақас ) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген.
Подготовила : ученица 7 « В » класса ОСШ 3 им. Абая Семёнова Т. қ. Талғар – 2011 ж.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты Тақырыбы: Тексерген: А.Қ.Нұғыманов Орындаған: М.М.Жаупанова 11 «А» сынып оқушысы.
Қасым Аманжолов
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы туған. Аймауытов қазақтың көрнекті жазушысы, драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушыларың бірі.
Үй тапсырмасы: 2. Ж.Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 3. Жамбыл неше жасынан өлең айтып, жыр додасына түскен? 4. Ж.Жабаев 15 жасынан кімнің ақ
Махаббат қызық мол жылдар романы – ғашықтық тақырыбындағы сүбелі туынды, сарбелі туынды, сырбаз дүние. Кітап оқиғасы Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі.
Сабақтың мақсаты: Ә.Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, Әңгімелерінің мазмұнын ашу. Оқушыларды адамгершілікке, саналы білім алуға, имандылыққа,
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ( ) ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев ( )
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...
1. « Сәлемдесу – ә дептіліктің б елгісі ». Т аныстыру. 2. « Сөз м әйегі – к өркем т іл ». М әнерлеп о қу. ( Ә р т оптан 3 о қушыдан ш ығып а йтады, о.
Абай ( Ибраһим ) Құнанбаев ( ) ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна.
Транксрипт:

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы ( ) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.Қазақ КСРСоциалистік Еңбек Ері Сурет:Ғабит Мүсірепов.jpg Балалық шағы Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.Солтүстік Қазақстан облысыныңЖамбыл ауданы Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.Қазан

Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осы кезде өзінің тырнақалды туындысы «Тулаған толқында» повесін жазады. Содан былай қарай баспа орындарында, партия, кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп, шығармашылық жұмысын толассыз дамыта береді. Соның нәтижесіндей болып, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреді. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді.Бекет ӨтетілеуовтыңрабфактаТулаған толқында»Қос шалқар»Көк үйдегі көршілер»Шұғыла»Талпақ танау»Бір адым кейін, екі адым ілгері»

Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазады. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды.Қазақ солдаты»Оянған өлке» Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды.1968Кездеспей кеткен бір бейне»АбайҰлпан»

Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері Ақтоқты» пьесаларын жазады. Оның шығармаларының негізінде кинофильмдер түсіріледі.драматургҚыз Жібек»Қозы Көрпеш Баян сұлу» Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.

1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі болды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген Тулаған толқында мен Американ бидайығы атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. Тулаған толқында повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды. М. әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. Қос шалқар (1928), Көк үйдегі көршілер (1929), Өмір ертегісі (1930), Алғашқы адымдар (1932), Шұғыла (1934), Үздіксіз өсу (1934), Жайлау жолында (1936), Тұтқын қыз (1938), Жеңілген Есрафил (1939), тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі. Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады.КСРО

Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды.1925Едіге» 1928 – 38 жылдары «Қазақстан» баспасында, «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде редактор, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісіҚазақстан»Социалистік Қазақстан»Қазақстан Компартиясы 1938 – 55 жылдары шығармашылық жұмыстармен айналысқан, Қазақстан Жазушылар одағы төралқасының мүшесі 1956 – 57 жылдары «Ара – Шмель» журналының редакторыАра – Шмель» 1957 – 62 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысыҚазақстан Жазушылар одағы 1974 – 75 жылдары ҚазКСР Жоғары Кеңесінің төрағасы 1959 жылдан КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. Алғашқы «Тулаған толқын» (1928) повесінде 1918 – 1920 жылдардағы азамат соғысы жайы суреттелсе,азамат соғысы

«Қос шалқар» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Туннель» (1930), «Шұғыла» (1935), «Алғашқы адымдар» (1932) әңгімелері қазақ ауылындағы таптық күресті көрсетеді жылы «Ананың арашасы» новеллалар циклын жариялады. «Оянған өлке»романында (1953, 1984) революцияға дейінгі Қарағандыдағы қазақ жұмысшыларының қалыптасу процесі суреттелген жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі жарияланды. Мүсіреповтің драмалық шығармалары – «Қыз Жібек» операсының либреттосы (1934),«Амангелді» (1939), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1939), «Ақан сері – Ақтоқты» (1942) пьесалары. КОКП 22- съезінің, Қазақстан Компартиясы 10 – 15-съездерінің делегаты. КСРО Жоғары Кеңесі 5-шақырылымының, ҚазКСР Жоғары Кеңесі 6 – 11 шақырылымдарының депутаты. ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. (1970), Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1976) лауреаты. 3 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Халықтаралық Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған.новеллаларроманында«Амангелді»«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»Қазақстан КомпартиясыҚазКСР Жоғары Кеңесі

Жазушы, ҚазақстанАкадемиясының академигі (1958), Социолистік Еңбек Ері (1974), Қазақстанның халық жазушысы (1984) – 10 жылы ауыл мектебінде дәріс алып, діни сауат ашқан. Оқуын Қостанай уезднің Обаған болысындағы 2 кластық орыс мектебінде жалғастырған (1916 – 18).Пресногорьков жоғары бастауыш мектебінде оқыған (1921). Ауыл мектебіндегі әдебиет пәнінің мұғалімі Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалымен әдебиетке ықыласы ауды – 26 жылы Орынбордағы жұмысшы факултетінде С.Мұқановпен бірге оқыды, онда С.Сейфуллинмен танысты. Омбы а. ш. интернатын бітірген (1927) – 28 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы, Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы (1928 – 32), Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі (1933), Қазақ әдебиеті (1934), Социалистік Қазақстан (қазіргі Егемен Қазақстан) (1935) газеттерінде бас редактор, Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1936), Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі (1937) қызметтерін атқарды – 55 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан. Ара – Шмель журналының бас редакторы (1956 – 57), Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы (1956 – 61, 1964 – 66), КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1959 – 85) қызметтерін атқарды. ҚазақстанҚостанайПресногорьковС.МұқановпенС.СейфуллинменОмбыБурабайЕгемен Қазақстан

Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел – Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел – Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол Ананың анасы (1933), Өлімді жеңген ана (1933), Ашынған ана, Ананың арашасы (1934), Ер ана (1942), Ақлима (1944), Әмина, Ана жыры, Ана шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады. Отызыншы жылдарда драматург ретінде де бой көрсетті. Оның драматургиядағы тырнақалдысы - сахнада мың реттен аса қойылған "Қыз Жібек" операсының либреттосы (1935) еді. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасы да (1939) халық эпосының сарынында жазылған. Жазушының қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық еңбектері "Суреткер парызы" (1970), "Заман және әдебиет" (1982) атты кітаптарына енген. Үш рет Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.