Алматы 2016 жыл
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер, сапрогумолиттер.шөгінді Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.
1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен отқа жанатын қара тасты кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кенорнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың т немесе әр жылы орта есеппен 10 мың т көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды.Байжанов АппақҚарағандыкенҚарағанды 1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, Кариб, Карно, Герберт секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. Мұнда небәрі 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған 3 үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болды.көмірқайлакүрексүйретпе шанашахта 1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 т-дан көмір өндірді. 19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кен орны да ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың т-дай ғана болды.кенЕкібастұз көмір кен орны Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді.
Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын- кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады. Біраз бөлігі электр қуатын алу үшін электр стансаларында энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Кемір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр. Сондықтан да жер астында шахталық әдіспен өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар - Қазақстан мен Ресейдін, металлургиялық зауыттары мен электр стансалары.
Тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан да тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі - көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіріледі. Соған сай өндіру құны арзан болып келеді. «Богатырь», «Восточный» және «Северный» кесінділерінде ашық әдіспен өте мықты роторлы экскаватормен қазып алады. «Богатырь» кесіндісінің қуаттылығы өте жоғары. Жылына 50 млн тонна өндіріліп, дүние жүзіндегі жетекші кесінділердің біріне жатады. Екібастұз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең төмен көмір. Соның нөтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде және Ресейде ірі электр стансалары (Орал және Омбы) салынған.
*Қ*Қ азіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған қор – 38,63 млрд. т және қазіргі кезде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В– С 1 санатына, 1,94 млрд. т – С 2 санатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С 1 (5,82 млрд. т) және С 2 (0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+С 1 және 2,55 млрд. т-сы С 2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкөбікенішінде шоғырланған.
* Осы қысқа мерзімде Менделевтің периодтық жүйесін қаншалықты меңгергендеріңді тексерейік. Олар туралы жұмбақтар жасырамыз. Жауабын үш тілде айту керек. (қазақша, орысша, латынша) дұрыс жауапқа 5 ұпай қойылады. * 1. Қара металлургиямын, жанамын, Машина,трактордың қанымын. VIII В топшада болсамда, Металл атаулының көп қолданылатын санымын ! (темір, железо, ferrum) * 2. Ертеден белгілі жетеудің бірімін Электроника саласында ірімін Көптеген құймаларға кіремін Әдемілігі жөнінде алтынмен тең жүремін ! (мыс, медь, cuprum) * 3. Менделеев аулының алтыншы көшесінде тұрамын Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын Мені балқыта алмай қиналады көбісі Қазақстан – әлемде кенім жөнінен бірінші ! (вольфрам, вольфрам, вольфрам) * 4. Батыр майданда шынығады қойнауда шыңдалады! (темір, железо, ferrum)
* Сөзжұмбақ 1.Көмір қандай әдіспен алынады? (ШАХТАЛЫҚ) 2.Көмір қандай затқа жатады? (ОРГАНИКАЛЫҚ) 3.Көмірді кокстегенде түзілетін басқа қосылыстардан қандай зат алынады? (ПЛАСТМАССА) 4.Орыс ғалымы, металдардың белсенділік қатарын жасаған? (БЕКЕТОВ) 5.Көміртек пен сутек атомдарының қосылысы? (КӨМІРСУТЕК) 6. Қара түсті, тұтқыр сұйықтық? (МАЗУТ) 7.Біздің еліміздегі көмір өндіретін алабтың бірі? (ЕКІБАСТҰЗ) 8.Ең қатты металл? (ХРОМ) Т А С К Ө М І Р