1 Монғол дәуіріндегі Қазақстан
Қазақстанды жаулап алу жорығы Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды.
Моңғол дәуіріндегі дипломтия XIII ғасырдың алғашқы онжылдығында-ақ монғолдар Оңтүстік Сібір халықтарын өзіне бағындырды. Одан кейін Қытайға басып кіріп, іс жүзінде бүкіл Шығыс Түркістанды және Хуанхэнің солтүстігіндегі Қытайды уысында ұстады. Ал, енді Шыңғыс ханның Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға баратын жолында Қазақстан мен Орта Азия жатқан еді. Шыңғыс ханның түркі халықтарымен өзара қатынасында Орталық Азияның барлық көшпенді халықтарын біріктіріп, оларды бір империяның қол астына қосу мақсатын көздеген дипломатия тұрды. Мұның өзі саяси одақтық қатынастар құруға және билеуші әулеттердің өзара некелік қатынастар орнатуына жиі-жиі әкелді.
Жаулап алған жерлерін Шыңғысхан ұлыстарға бөліді,
Моңғолдар жаулап алуының зардаптары Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.
Қалалардың қирауы Оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен.
Қорытынды Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқыншылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына тәжеу жасады. ұл шапқыншылық Қазақстан жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің, золық – зомбылықтың күшін орнатты.