Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҚР білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері Семинар 10. Тақырыбы: Орындаған:Қоспан Гүлзат СПиС-14-1.
Advertisements

2007 ҚР «Білім беру Заңы», жж. арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің.
Білім беру реформасы – Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі.
Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Астана медицина университеті АҚ Қазақстан тарихы және философия кафедрасы Презентация Тақырыбы:Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйелердің типтері.
Конституция деген сөздін латыннан аудармасы құрылғы, жарғы, заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің.
Практика 1Азаматтық Қорғаныс (АҚ) мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. [1] Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан,
Еңбек ресурстарын басқару МК-21 тобы Жора Аяжан
1 ҚазақстанРеспубликасының Білім туралыБілім туралыЗаңы.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшу бағдарламасы. Орындаған:Турсунахунов Т. 22 Бух тобы.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
Тақырыбы: Туроперейтингтің Қазақстанда пайда болу алғышарттары және оның кәсіпкерлер үшін тартымды факторлары СОӨЖ Қабылдаған: Ақтымбаева А.С. Орындаған:
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Мақсаты: 1)Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, Елбасының қоғамға және мемлекетке.
Транксрипт:

Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.

Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) болуы тиіс.

Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.

2005 жылдан бастап Қазақстан Рес­ публикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, бағдарламасы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, бағдарламасы 2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы,бағдарламасы Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнін­дегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды. бағдарламасы

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қа­тысушы болып табылады. Бұл Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықара­лық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалды. Мамандарды үш дең­гейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D док­торы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.

Тәуелсіз сыртқы бағалау элемент­терін қамтитын (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірың­ғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі – МАБ), талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б.) Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі құрылды.

Білім беру ұйымдарының материал­ дық базасы нығайтылуда жылдың өзінде мектептерде 640 биология кабинеті, 536 – лингафондық мультимедиалық кабинет (бұдан әрі – ЛМК), 10 физика кабинеті, 78 химия кабинеті жарақтандырылды, 721 мектеп интерактивті тақталармен толықтырылды. Қазіргі уақытта 3450 мектептің лингафондық мультимедиалық кабинеттері бар, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны ге көбейіп отыр.

Білім беру сапасы арттырылуда. Инклюзивті білім дамуда. Орта мектептің балаларын тегін тамақтандыру және жеткізу мәселелері баяу шешілуде. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылғы нан 2010 жылы ке артты.

Білім саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 18 оқушыға бір компьютерден келеді жылы аталған көрсеткіш 41-ді құраған, оның ішінде 36-сы – ауылдық жерлерде. Интернет желісіне мектептердің 98 %-ы қосылған, ауылдық жерлерде – 97 % (2005 жылы – тиісінше 75 % және 70 %). Мектептердің 34 %-ның кең жолақты интернетке шығуға мүмкіндігі бар.

Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS – 2007 халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысып, 36 елдің 4 сынып оқушылары арасында математика бойынша 5-орынды және жаратылыстану бойынша 11-орынды иеленді.

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептердің желісі құрылды. Қазіргі уақытта республикада үш тілде оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді. 6 Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылды.

Ұлттық жоғары мектепте білім берудің әлемдік деңгейіне жету жөнінде шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім кеңістігіне енді, Болон Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орны – «Назарбаев Университеті» құрылды.

Сапалы жоғары білім алуға ынталы студенттердің саны өсіп келеді. Шет елдерде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алады. 3 мыңға жуық «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты әлемнің 27 елінде оқиды

Шетелдіктер үшін еліміздің жоғары оқу орындарында білім алудың тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдануда. Республиканың жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары білім алуда.

Дегенмен қазақстандық білім беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай күйінде қалып отыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мәнін арттыру жалпы әлемдік үр­діс­тер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып келеді.

2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2005 жылмен салыстырғанда 16,8 %-ға өскен және балалардың 40 %-ын ғана құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш %-ға жетіп отыр.

Инклюзивті білім беру қажетті деңгейде дамымаған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі баланың сі немесе 19,5 %-ы – мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8 %-ды ғана құрайды.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдармен қатар жекеменшік балабақшалар да ашылуда, егер 2005 жылы олардың саны 158 болса, 2010 жылы 284 болып отыр.

Орта білім Білім беру жүйесінің базалық деңгейі орта білім болып табылады. Оны тегін алу құқығына ел Конституциясы кепілдік береді. Орта білім беру жүйесінде материал­дық- техникалық, оқу-әдістемелік база­ның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың маз­мұны мен әдістерін жаңарту қажет­тілігіне байланысты проблемалар орын алған.

2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бо­йынша республикада жергілікті атқару­шы органдар (бұдан әрі – ЖАО) мен Қазақ­стан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – БҒМ) ведомст­волық бағынысты 7576 мемлекеттік күн­дізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 2,5 млн.-ға жуық оқушы білім алады. Мектептердің жалпы санының 64,6 %-ы үлгілік, 35,4 %-ы – ыңғайлас­тырыл­ған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағ­ дай­да. Мектептердің 37,4 %-ы тасымалданатын суды пайдаланады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп 4 ауысымда жұмыс істейді. Мектептердің 25,1 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Республиканың негізгі және орта мектептерінің 47,4 %-ы жаңа үлгідегі физика кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы лин­гафондық мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған. Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының жаб­дықтары мен мүкәммалының ескіруі 80 %-ды құрайды. Мектептердің 26,4 %-нда спорт залдары жоқ. Мем­ле­ кет қар­­жыландыратын арнайы автобустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ. Осылардың барлығы 12 жылдық білім беру моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға себеп болды.

Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы саны­ ның 56,5 %-ын құрайтын (2005 жылы – 52 %) ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде – 68,6 %.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызмет­кер­лердің тұлғасына және кәсіби құзырет­тілігіне жоғары талаптар қоюда. Бүгінгі таңда педагог еңбегін мате­риал­дық және моральдық жағынан ынталандыратын және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін барабар заңнама­ лық база мен жүйе құрылмаған. Жұмыс істейтін әрбір бесінші мұға­лімнің жасы 50-де және одан да үлкен. Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %. Жыл са­йынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.

Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп фемини­за­циясы (81,3 % әйел мұғалімдер) бай­қалып отыр. Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог кәсібінің беделінің болмауы жо­ға­ры білікті кадрлардың бұл саладан кетуіне ықпал етеді жылдан бастап қыз­меткерлер жалақысының 400 %-ға өске­ніне қара­мас­тан, оның деңгейі еліміздегі төмен дең­гейлердің бірі бо­лып қалып отыр.

Осылайша, қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.

Техникалық және кәсіптік білім ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, ең­бек нарығының сұраныстарын және эко­номика мен әлеуметтік саланы да­мы­тудың перспективаларын қанағаттан­дыруда маңызды рөл атқарады жылғы 1 шілдедегі жағдай бо­йын­ша жалпы мемлекеттік статистика деректері бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұ­мыс істейді, 2005 жылмен салыс­тырғанда олардың саны 64-ке өсті, оның ішінде 306 кәсіптік лицей, 480 колледж. Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің 32,7 %-ы кәсіптік лицейлер мен колледждерде оқуын жалғас­тыруда, оның ішінде 9-сыныптан кейін – 24,8 %, 11-сыныптан кейін – 7,9 %. ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның ішінде 36,3 %-ы ғана мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Техникалық және қызмет көрсету ең­бегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық және 416 біліктілік бо­йынша жүзеге асырылады.

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым Жоғары білім республика экономи­касының барлық салалары үшін құзы­ретті және бәсекеге қабілетті мамандар­ды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңыз­ды рөл атқарады. Қазіргі уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттік, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның ішінде 16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.

Көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын мамандар сапасына қанағаттанбайды. Бі­лім беру бағдарламалары жұмыс беру­шілердің күткен нәтижелеріне жауап бермейді және экономика талаптарына сәйкес келмейді.

Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды жасырын фак­тор жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабыл­ данбайынша жоғары білім саясаты тиімді болмайды.

Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс орын ал­ ған: профессор-оқытушы құрамын жү­йе­ лі даярлау жоқ, қоса жұмыс атқару кеңінен таралған.

Қазақстанның жоғары оқу орындары­ның материалдық-техникалық ресурс­тары жеткілікті қарқынмен жаңартыл­майды. Жоғары оқу орындарында гума­ни­тарлық мамандықтар сияқты техни­калық мамандықтар бойынша да кітапхана қорын жаңартудың бекітілген нор­ма­лары сақталмайды. Көптеген пәндер бойынша оқулықтар әзірленбейді немесе аз тиражбен басылады. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген, кітапхана қоры бы­тыраң­қы сипатқа ие.

Ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар. Ескірген материалдық-техникалық ба­­за және зертхана жабдықтары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүм­кіндік бермейді. Жобалау институттары мен конструк­торлық бюролар санының жеткіліксіздігі өндірістегі технология трансфертін бә­сеңдетеді. Жобалау институт­тары­ ның, конструкторлық бюролардың және өндірістің жоғары оқу орындарымен өзара қарым-қатынас тетігі жоқ. Жастарды ғылымға тарту үшін жағ­дай­лар жасалмаған. Кадрлардың қар­таюы байқалады. Ғылыми қызметкер­лер­дің орташа жасы – 55-те.

Қазақстанда әзірлемелерді орындай­тын және ғылыми-зерттеу және тәжіри­белік- конструкторлық жұмыстарды нә­тижесіне жеткізуді қамтамасыз ететін, оларды тәжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың инс­титуционалды нысандары дамымаған. Қазақстандағы ғылыми әзірлеме­лер­дің үлес салмағы дамыған елдерде қабылдан­ған деңгейден он есе төмен қалып отыр.

Әлеуметтік сауалдың нәтижелері рес­ понденттердің 64 %-ы мемлекеттік жо­ ғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейім деп санайды, 54 %-ы жоғары оқу орындарында жемқорлықтың деңгейін жоғары деп бағалайды, 28 %-ы диплом­ дарды «сатып алу» фактілерін көрсетеді.

Одан басқа, білім саласында білім беру статистикасы мәліметінің біртұтас базасы жоқ. Білім берудің мемлекеттік статистика нысандарында кең жария­ла­ нымдар жоқ, біріктірілмеген, олар бо­ йын­ша терең талдау жоқ әрі қоғамның көпшілігіне қолжетімсіз. Білім берудің ұлттық статис­тикасының көрсеткіштері халықаралық статистиканың талап­ тарына сай емес.

Осылайша, білім берудегі ахуалды тал­дау мыналарды көрсетеді. Күшті жақтары: білімді дамытудың нақты айқындал­ған басым бағыттары; мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы; білім берудің әрбір деңгейі бойынша ұлттық және республикалық орталық­тар­дың болуы; қазақстандық білім беру құрылымы­ның Білім берудің халықаралық стан­дарты жіктеуішімен сәйкестігі; техникалық және кәсіптік білімді қайта құрылымдау; Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі; TIMSS – 2007 халықаралық зерттеуіндегі жоғары көрсеткіштер; Еуропалық білім беру кеңістігіне кіру.

Әлсіз жақтары: білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі; педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі; педагог кадрларды даярлау сапасы­ның жеткіліксіздігі; жоғары білікті педагог кадрлардың тап­шылығы; балалар құқықтарын қорғау маман­дары­ның саны жеткіліксіз; білім берудегі менеджменттің нашар дамуы; білім беру саласында мемлекеттік – жеке-әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жүйесі толық дамымаған; білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы; білім беру статистикасы халықара­лық стандарттарға сәйкес емес және білім алушыларға қолжетімсіз; мектепке дейінгі тәрбиемен және оқы­тумен төмен қамтылуы; жалпы орта және жоғары білім маз­мұнының бірігуінің жоқтығы; білім беру ұйымдарының материал­дық-техникалық базасының нашар­лығы; ШЖМ ұсынатын білім беру қыз­меттері сапасының нашарлығы; инклюзивті білімнің нашар дамуы; ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы; колледждер мен ЖОО бітіруші­лері­нің біліктілігіне білім беру жүйесінің ұсыны­сы мен жұмыс берушілердің сұ­ра­ны­сының арасындағы теңдіктің жоқтығы; жоғары білім мен ғылымның ықпал­дасуының жоқтығы.

ҚР білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңдері Қазіргі заманауи жағдайларда стратегиялық ресурс адами капитал болып табылатын еңбек өнімділігі экономикалық гүлдену мен бәсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс. Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес. Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргізу негізі болып табылады. Бағдарлама екі кезеңде іске асырылады: 2011 – 2015 жывлдар мен жылдар. Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) жекелеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін әзірлеумен, оларды сынақтан өткізумен, сондай-ақ ауқымды қаута құрулар мен сынақтардың басталуымен байланысты жұмыстарды жүргізу көзделген. Екінші кезеңде (2016 – 2020 жылдар) құрал-жабдықтарды сатып алуды, инвестицияларды (білім берудің материалдық инфрақұрылымын жаңарту және өзге көршығынды жұмыстар) көздейтін іс-шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Бағдарламаның білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларын әдістемелік, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз етуге басымдық беріледі, алдыңғы кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру қарастырылған. Әрбір кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның іске асырылуын және бағдарламалық іс- шаралардың білім беру жүйесінің жай-күйіне әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2020 жылға дейін мынадай әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер қамтамасыз етіледі: 1. Адами капитал сапасы мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің артуына байланысты туындаған мемлекет экономикасының тиімділігінің және бәсекеге қабілеттілігінің артуы. 2. Білімдерді жобалау, құру және реконструкциялаудың жаңа ұстанымдарын есепке ала отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Білім берудің ескірген және апатты нысандарын жою. Білім берудің технологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңарту (асханалар мен спортзалдарды, автопарктерді, компьютерлік техниканы және т.б. жаңарту). 3. Бюджет құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру. 4. Білім беру саласының қолжетімділігін, ашықтылығын, сапасын арттыру, корпоративтік басқару ұстанымдарын енгізу. 5. Жаңа қаржы-экономикалық тетіктерін енгізу, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын нормативтік-жанбасылық ұстанымдар негізінде, біліктілік арттыру жүйесін ваучерлік негізде қаржыландыру. 6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік түрлерін енгізу, балалардың мектепке білім алуға деген жоарғы дайындылығын қалыптастыру, олардың ерте позитивтік әлеуметтенуін қамтамасыз ету. 7. Бейіндік оқыту ұстанымдарына негізделген «Бейіндік мектеп» жоғарғы мектебінің моделін, оның ішінде оқушылардың жеке оқу траекториясын пайдалана отырып құру. 8. Оқушылардың барлық әлемдік білім берудегі ақпараттық ресурстарына оn-line қолжетімділігін қамтамасыз ету. 9. Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу. 10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған мектептік және кәсіптік білім берудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін «инклюзивті» оқыту жүйесін құру.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2020 жылға дейін мынадай әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер қамтамасыз етіледі: 1. Адами капитал сапасы мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің артуына байланысты туындаған мемлекет экономикасының тиімділігінің және бәсекеге қабілеттілігінің артуы. 2. Білімдерді жобалау, құру және реконструкциялаудың жаңа ұстанымдарын есепке ала отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Білім берудің ескірген және апатты нысандарын жою. Білім берудің технологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңарту (асханалар мен спортзалдарды, автопарктерді, компьютерлік техниканы және т.б. жаңарту). 3. Бюджет құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру. 4. Білім беру саласының қолжетімділігін, ашықтылығын, сапасын арттыру, корпоративтік басқару ұстанымдарын енгізу. 5. Жаңа қаржы-экономикалық тетіктерін енгізу, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын нормативтік-жанбасылық ұстанымдар негізінде, біліктілік арттыру жүйесін ваучерлік негізде қаржыландыру. 6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік түрлерін енгізу, балалардың мектепке білім алуға деген жоарғы дайындылығын қалыптастыру, олардың ерте позитивтік әлеуметтенуін қамтамасыз ету. 7. Бейіндік оқыту ұстанымдарына негізделген «Бейіндік мектеп» жоғарғы мектебінің моделін, оның ішінде оқушылардың жеке оқу траекториясын пайдалана отырып құру. 8. Оқушылардың барлық әлемдік білім берудегі ақпараттық ресурстарына оn-line қолжетімділігін қамтамасыз ету. 9. Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу. 10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған мектептік және кәсіптік білім берудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін «инклюзивті» оқыту жүйесін құру.

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері Қазіргі заманғы жағдайда стра­тегия­лық ресурсы адами капитал болып та­бы­латын еңбек өнімділігі экономикалық өркендеу мен бәсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс. Мем­лекет осы ресурстың дамуына үлес қосуы керек. Білімді адамдарсыз заманауи инфра­құрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппарат құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес. Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақ­ты қолдауының болуы осы реформа­ларды жүргізуге негіз болып табылады. Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады: 2011 – 2015 жылдар мен 2016 – 2020 жылдар.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) жекелеген бағыттар бойынша білім беруді да­мытудың модельдерін әзірлеумен, олар­ды сынақтан өткізумен, сондай-ақ ау­қым­ды қайта құрулар мен экспери­мент­тердің басталуымен байланысты жұ­мыс­тарды жүргізу көзделген.

Екінші кезеңде (2016 – 2020 жылдар) басымдық жабдықтарды сатып алуды, білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс- шараларға инвестициялар салуды (білім берудің ма­ териалдық инфрақұрылымын жаң­ғыр­ту және басқа да шығыны көп жұмыстар, әдістемелік, кадрлық, ақпараттық қам­тамасыз ету) көздейтін іс-шара­ларды жүзеге асыруға беріледі, негізінен, өт­кен кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру қарастырылған.