Дінмұхаммед Қонаев – академик, ғалым, зерттеуші
Д. А. Қонаев Қазақ КСР Ғылым академиясын да, Республика ғылымын дамытуға да көп еңбек сіңірді. Оның басшылығымен ғылыми мекемелердің жұмысын кеңейту, оларды кадрлармен нығайту, ғылымның өндіріспен байланысын күшейту, Республиканың өндіргіш күштерін дамытудың өзекті де түйінді мәселелерін шешу, ғылыми әлеует пен материалдық ресурстардың тиімді пайдалану, сондай-ақ мәдениет саласында дамытуға баса назар аударылып, Ғылым академиясының жұмысы жандандырыла түсті.
Ғылыми ұйымдастырушылық қызметін бірден дұрыс басқара алуының алғышарттары мынада: -Ең алдымен, оның білім мен ғылымға құштарлығы; -Өскен орта мен қалыптасу баспалдақтары және жылдарының ықпалы.
Д. Қонаев ғылым саласына орасан зор қызмет етті жылы академияның толық мүшелігіне сайланады. 100-ден астам ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді.
Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, жас ғалымдарды қолдай отырып, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді. Д. Қонаев тағылымы терен, ой-өрісі кең білімдар адам болған. Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың естелігінде: «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусыз» дейді.
1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» 1992 жылы – «О моем времени» 1994 жылы – «От Сталина до Горбачева», «Ақиқаттан аттауға болмайды», «Өтті дәурен осылай: естелік-эссе»
Назарларыңызға рахмет!