Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді. Казақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді
Ә.Қоңыратбев Р.Бердібаев Педагогикалық зерттеудерде казақ әндерінің ерекшеліктері жөніңде арнайы еңбектер болғанымен, осы мәселе төңірегіндегі ой- пікірлер мен пайымдауларды С.А.Ұзақбаеваның, А.Нұғымованың, М.Х.Балтабаевтың, Ж.Өтемісовтың ізденістерінен байқауға болады.
Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс сияқгы: тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар әндері); еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы әндері); үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әңдері); ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны); жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту); нақиялы әндер (алғыс, бата, тілек, жұмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер); қиял-ғажайып әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер); сатиралы юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер); эпикалық шығармалар (терме, толғаулар); айтыс әндері; лирикалық әндер.
Адам баласының өмірге келіп ержетіп, есеюі, қаза болуы сияқты елеулі кезеңдерге, уақиғаларға байланысты туындаған. Нәрестенің өмірге келуі, әр шаңырақты қуанышқа толтырып, шілдехана жасалып, ат қойылған. Кіндігі түскен баланы 5-6 күннен соң бесікке салып, түрлі ырым-жоралғылар жасалған. Ал бесікке салынған баланың өсіп жетілуінде бесік жырларының тәрбиелік маңызы айрықша болады. Бесікке салынған бөбек анасының сүйіспеншілікке толы, жанға жағымды нәзік әуеніне балқып, тәтті ұйкыға кетеді. Ананың бесіктегі нәрестесін уата отырып айтқан игі тілектері, болашақка деген жақсы үміттерін сүтімен, әлдиімен ерте бастан-ақ құлағына кұйылып ержетеді.
мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінеді Казақ халқының негізгі кәсіпшілігі төрт түлік малмен байланысты болғандықтан, оның өмір тіршілігінде үлкен орын алғаны белгілі. Халық төрт түлік малды кұт санаған және Шопан ата қойдың, Қамбар ата жылқының, Сексек ата ешкінің, Ойсыл қара түйенің, Зеңгі баба сиырдың пірі ұғынып табынған. Аңшылық, саяткерлік әндері жігіттің арманы болған жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, сұлу қызға деген ғашыктық сезім арқау болып, мінсіз сұлулық, шынайы мөлдір сезім, жан-жануар, табиғат сұлулығын дәріптейді. Егіншілік әңдері: «Кеусен»,,,Ат желі» т.б Жұмысшы әндері :Оған «Ауыр еңбек астында», «Ақшамды бермей қойды ғой» тәрізді әңдерін жатқызуға болады.
казақ халқының от басының тағдырына, жас буынның өсіп, мұрат- мақсатына жетуіне, арман-кайғысына ортак әндер. Үйлену әндерінің алуан түрлері жасалып, халықтың тұрмыс тірішлігіне, әдет-ғұрпы мен салт-санасы, ой сезімі мен арманниетін білдіретін танымдық мәні елеулі. Әдет-ғұрыпқа байланысты бұл әндердің өзі жар-жар, сыңсыма, қоштасу, жұбату, беташар, той бастар түрінде айтылады, Халыкпен бірге жасасып, өркендеп келе жатқан бай салт-дәстүрінің ішіндегі өміршеңі келін түсіру той-томалағы. Бұл жоралғы халқымыздың қадір қасиетін, өнеге өрісін, тұрмыс тіршілігін сонымен қоса адамгершілік-этикалық кағидаларын танытады.
қазақ музыкасында ең бай мұрасы. Идеялық-эмоциялық мазмұны кең, тақырыптары адамзаттың қуаныш-мұңы, өкініші, махабаты, табиғат сұлулығы, жан-жануарлар әлемі, сұлу қыз, жүйрік ат, алғыр тазы, өкіншті өмір т.б. туралы сан қилы болады. Лирикалық әндердің поэтикалық мазмұны музыкалық әуенмен тамаша үйлесіп, көркем тоғысады. Сонымен бірге интонациялық ерекшелігі мен мәнерлік қасиеті сұлу сомдалады. Қайырмаларындағы «Ай-ай», «Беу-беу», «Ей», «Ахау», «Қарағым-ау», «Сәулем-ай», «Шіркін-ай» сияқты әсем әуен қозғалыстармен көмкеріліп әдемі көрік берді.
Күй музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығары лып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.музыкалық жанрқазақДомбырақобызсыбызғыдақырғызөзбек
Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық- формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдіңкүйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.ҚұрманғазыныңДәулеткерейдің
Қазақ күйлері өзінің құрылыс абылай тәсіліне, орындаушылық дәстүрін қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке бөлінеді. Біріншісі - екпінді қарқынды, музыкалық бейнет жағынан бағдарламалы симфониялық сипатта шығарылатын күйлер (Жантөренің "Шалқымасы", Құрманғазының "Кішкентайы", "Сарыарқасы",Динаның "Бұлбұлы", т.б.), ал екіншісі - терең филос, ой-сырға толы, шертпе күйлер (Тәттімбеттің "Сарыжайлауы", "Көкейкесті" мен "Сылқылдат", Тоқаның "Қосбасары", Сүгірдің "Тоғыз тарауық т.б.). Күйдің идеялық-көркемдік диапазоны кең.ШалқымасыСарыарқасыДинаныңТәттімбеттің
Дәулеткерей Шығайұлы Құрманғазы Сағырбайұлы Тәттімбет қазанғапұлы Дина Нұрпейісова