Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Иммунология және аллергология» кафедрасы ЖАСУШАЛЫҚ ИММУНИТЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ. ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ТӨЗІМДІЛІК 1 Орындаған: : Жарылкап Ермек топ ЖМФ Тексерген: Қасымбекова Б.К Қарағанды 2016 ж
Мазмұны: I.Кіріспе II.Негізгі бөлім Иммунитеттің Т-жүйесінің қызметтері Т-лимфоциттердің дифференцировкасы Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасы Т-лимфоциттердің антигентәуелді дифференцировкасы Т-лимфоциттермен антигендердің танылуы Антигентаныстырушы комплекс Иммунологиялық төзімділікті қамтамасыз ету факторлары…….14 III.Қорытынды IV.Әдебиеттер тізімі
Кіріспе Ағза сыртқы орта факторлардан өзінде әр түрлі патологиялық үрдістер дамытуы мүмкін. Сол инфекциялық аурулармен күресуші – иммунитет. Жасушалық иммунитеттің орны қандай маңызды болса да, гуморальды иммунитет пен оған кіретін компоненттердің орны өз алдына ерекше. 3
Иммунитеттің Т-жүйесінің қызметтері 1 Жасушалық түрдегі иммунды жауаппен қамтамасыз ету Т-жүйесінің негізгі қызметі: Т-лимфоциттер генетикалық бөгде жасушаларға (мутантты және ісік жасушалары, вируспен зақымдалған жасушалар, бөгде трансплантат жасушасы және т.б.) цитотоксикалық әсер етеді. Т-лимфоциттер кейбір антигендерге қарсы фагоцитарлық түрдегі жауапты қалыптастырады. 4
2 Иммунитеттің Т-жүйесі табиғатта кездесетін көпшілік антигендерді тануға және жасушалық, гуморалды иммунды жауаптың қалыптасуында басты қызмет атқарады. Т-жүйесі иммунды жауапы реттеуде маңызды рөл атқарады. Бұл үрдіске, ең алдымен, әртүрлі түрдегі иммунологиялық серпілістерді ынталандыратын және тежейтін Т-хелперлер мен Т-супрессорлар өздері өндіретін лимфокидерінің көмегімен қатысады. 3 Т-жүйесі иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына және оның сақталып тұруына қатысады. Иммунологиялық төзімділік дегеніміз организмнің меншікті антигендеріне қарсы арнайы иммунологиялық ареактивтілік. 4 Жетілген эффекторлы Т-лимфоциттер иммунологиялық зерде қызметін, яғни организм антигемен қайталап әрекеттескен жағдайда иммунды жауаптың жылдам қалыптасуы. 5
Т-лимфоциттердің дифференцировкасы. Т-лимфоциттердің дифференцировкка үрдісінде екі негізгі кезең бар: Антигентәуелсіз Антигентәуелді Антигентәуелсіз-Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасы тимуста өтеді, оған ізашар Т- лимфоциттердің (іТ) тимусқа өтуі, тимоциттердің пролиферациясы, антигентанушы рецепторлардың түзілуі, Т- лимфоциттердің клондарының оң және теріс сұрыпталуы (MHC антигендері бойынша рестрикцияланған клондардың сақталуы және организмнің өзінің анигендерімен әсерлесуге қабілеті бар клондарының жойылуы), бір-бірінен қызметі және беткей CD-маркерлері бойынша ажыратылатын Т- лимфоциттердің әртүрлі субпопуляцияларының қалыптасуы жатады. 6
Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасы. Сүйек кемігінде түзілген іТ-лимфоциттер қан ағысымен тимустың қыртысты аймағына келіп орналасады. Бұл үрдісте тимустың эпителиалды жасушалары түзетін хемокиндер маңызды қызмет атқарады (хемокинндер іТ-лимфоциттерді тимусқа тартады). іТ- лимфоциттер тимусқа өту үшін гематотимикалық тосқауылдан өтуі тиіс. Бұл тосқауылдан өту іТ-лимфоциттердің мембранды молекулалары (протеогликан CD44, гиалурон қышқылының қалдықтары, β-интегрин және басқа ) мен жасушааралық матрикс молекулаларының (фибронектин, тосқауыл жасушаларының мембраналық молекулалары) өзара әсерлесуіне негізделген. 7
Тимустың қыртысты қабатында лимфоциттердің көбею үрдісі өте интенсивті жүреді. Адамда орта есеппен тәулігіне шамамамен 5х10 тимоциттер түзіледі, ал тимустан осы уақыт арасында шамамен тек 8х10 жасушалар ғана шығады. Жаңа түзілген жасушалардың шамамен 3% тимустан шығады.Ол меншікті гистосәйкестік антигендерімен әрекеттесуге қабілеті бар Т-лимфоциттер клондардың сұрыпталуына негізделген. іТ- лимфоциттерден жартылай жетілген Т-лимфоциттердің тимус ішіндегі түзілуі үрдісі фенотиптік Т-жасушалық маркерлер экспрессиясының өзгеруімен сипатталады. Олардың негізінде беткей CD-антигендер (дифференциялаушы антигендер) жатады. Әртүрлі CD-антигендер дифференцировканың белгілі кезеңіне, сондай-ақ функционалды әртүрлі Т-лимфоциттердің субпопуляцияларына тән. 8
Т-лимфоциттердің антигентәуелді дифференцировкасы. Тимуста түзілген Т-лимфоциттер қан ағысымен иммундық жүйесінің шеткі мүшелерінің Т-тәуелді аймақтарына келеді. Бұл жасушалардың фенотипі немесе CD4+ немесе CD8+. Тек кейбір жасушалар тобының (шамамен 2%) фенотипі CD4+CD8+ болуы мүмкін – бұл жетілмеген жасушалар. Шеткі мүшелерде «аңқау» Т-лимфоциттер антигендермен кездесуі және олардың антигентәуелді дифференцировкасы басталады. Т-лимфоциттердің антигентәуелді дифференцировкасы 4 негізгі кезеңнен тұрады: 1 Функционалды жетілмеген Т-лимфоциттермен (аңқау) антигендердің танылуы; 2. Олардың жетілген эффекторлы жасушаға дейін пролиферация мен дифференцировка түрінде антигенге қарсы серпілісі; 3. Иммундық жауаптың эффекторлы кезеңіне – антигенді бейтараптау мен жоюға қатысуы; 4. Т-зерде жасушаларының түзілуі. 9
Т-лимфоциттердің антигенерекшелі клондарының түзілуі антигентәуелсіз дифференцировканың негізгі мазмұны мен нәтижесі болса, антигеннің өзімен шақырылатын және осы антигенге арнайылығы бар Т- лимфоциттер клонының пролиферациясы мен дифференцировкасы және олармен антигенге қарсы иммундық жауаптың жүзеге асуы антигентәуелді дифференцировканың негізі болып табылады. Бұл үрдіс антигентаныстырушы жасушалардың қатысуымен жүреді. 10
Т-лимфоциттермен антигендердің танылуы. В-лимфоциттер қандай да бір нәруыздармен байланыспаған бос антигенді детерминантты анықтауға қабілеті бар болса, Т-лимфоциттер эпитоптарды тек І және ІІ класс МНС нәруыздарымен комплекс түрінде ғана анықтай алады. Мысалы, Т-киллерлер бөгде эпитопты тек І класс МНС нәруыздарымен комплекс түрінде ғана анықтайды. Бұл шектелуді МНС- рестрикция деп атайды. Сонымен Т-киллер І класс МНС нәруыздарына рестрикцияланған. Т-хелперлер антигендерді ІІ класс МНС және нәруыздарымен комплекс түрінде ғана анықтайды, яғни олар ІІ класс МНС нәруыздарына рестрикцияланған. Т-лимфоциттердің антигентанушы кешені (Т-жасушалық рецептор, Т-хелперлерде CD4 нәруызы, Т-киллерлерде CD8 нәруызы және CD3 нәруызды кешені) мен МНС антигендері бойынша рестрикцияланған антигентаныстырушы жасушалар арасындағы қарым- қатынас көрсетілген. 11
Антиген таныстырушы комПлекс ТЖР – Т-лимфоциттердің антигентаныстырушы рецепторы, ол жоғарыда айтқандай бір-бірімен ковалентті байланысқан екі полипептидті тізбектен (α және β) тұратын гетеродимер. Тізбектің әрқайсысы варибельді V-домені мен тұрақты С-доменінен тұрады. Вариабельді домендер антигенді детерминанттармен тікелей байланысады. Олардың құрамында иммуноглобулиндердің идиотиптік детерминанталарына ұқсас идиотиптік детерминанттар болады. Т- жасушалық рецептор молекуласының құрылымы иммуноглобулиндер тұқымдастығының құрылымына ұқсас келеді. ТЖР вариабельді және тұрақты домендері иммуоглобулиндердің сәйкес домендеріне ұқсас. Т- жасушалық рецептордың В-лимфоциттердің иммуноглобулинді рецепторлардан айырмашылығы – ол бір валентті, ал иммуноглобулиндердің рецепторлары – екі валентті 12
Антигентаныстырушы жасуша бетіндегі иммуногенді кешенді ТЖР көмегімен анықтаған кезде Т-хелперлер алған белгі арнайы деп атайды. Бірақ, Т-хелперлердің толық белсенуі үшін бұл белгіні қабылдау жеткіліксіз. Сондықтан тағы бір белгі – костимулдаушы белгі қажет. Егер жасуша аталған белгіні алмаса, онда апоптозға ұшырайды және жойылады. Т-хелперлер екінші белгіні өздерінің бетінде орналасқан CD28 (CD40L немесе CTLA-4) молекуласы мен АТЖ бетіне экспрессияланған костимулятор молекулалары – нәруызды молекулалармен әрекеттескенде алады. Макрофагтар мен дендритті жасушаларда аталған молекулаларға В7 молекуласы, ал В- лимфоциттерде В40 молекуласы жатады. Нәруызды атигендердің пептидті фрагменттері немесе вирустардың пептидтері дендритті жасушаларла ІІ класс МНС нәруыздарымен ассоциациялануы мүмкін. Мұндай жағдайда ДЖ бетіндегі иммуногенді комплексі СD4 т- хелперлер анықтайды, нәтижесінде жасушалық және гуморалдық иммундық жауап қалыптасад 13
14 ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ТӨЗІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ФАКТОРЛАРЫ Иммунитеттін орталық мүшелерінде (тимуста) клондардың теріс сұрыпталу нәтижесінде. АТК клеткалардын қызметінің төмендеуі. Олар В7 белогын синтездемейді. Аутоантигендермен әсерлесу қабілеті бар Т- және В-клеткаларды жоюлуы, Т- және В-лимфоциттердің корецепторларын блоктау, Аутореактивті клондардың жұмысын басатын супрессор клеткалар қызметінің төмендеуы. Антиидиотипті антиденелердің қатысуы.
Қорытынды Қорыта келегенде, адам организінде иммунды жүйе қызметі өте зор. Әсіресе, жасушалық иммунитет вирустық, саңырауқұлақтық инфекциялармен ешқандай жасанды иммунды шаралар көмегінсіз күресуге көмектеседі. Барлық жасушалар белгілі қызмет атқарады және бір-бірімен әрекеттеседі, ол биологиялық емес зат – цитокинмен – иммунды реакция реттеушісі арқылы жүзеге асырады. Цитокиндер – иммунды жүйенің әртүрлі класстары бір-бірімен ақпарат алмасып, қорғаныс координациясын жүзеге асырады. Клетканың бетіндегі рецепторларға әсер етуші цитокиндер «цитокин ортасы» - ауысып отыратын сигналдар матрицасы болып табылады. Әртүрлі тіндерде өзінің сау «цитокинді ортасы» болады. 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Шортанбаев А.А. Жалпы иммунология: Алматы: эверо, Хаитов Р.М. Иммунология Мәскеу ГЭОТАР-Медиа 2015 Интрнет желісі Хаитов Р.М. Иммунология: Учебник для вузов с компакт – диском – М.: ГЭОТАР – Медиа, Земсков А.М., Земсков В.М., Караулов А.В. Клиническая иммунология. – М.: ГЭОТАР – Медиа, Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммуного статуса М.: ГЭОТАР-Медиа,