Жоспар: Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім – Мәдени балды өсімдіктердің шаруашылықтағы маңызы – Егістік қияр – Алма – Бақша таңқұрайы – Мәдени жүзім III.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Археологтардың зерттеуіне сүйенсек, аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді. Ежелгі мәдени ескерткіштердің.
Advertisements

Пияз тұқымдастар. Пияз тұқымдастар – даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын даражарнақты өсімдіктер (83-сурет). Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты.
ДәрумендерДәрумендер. Д ӘРУМЕН – АДАМ МЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІГІНЕ, ОЛАРДЫҢ ОРГАНИЗМІНДЕГІ ЗАТ АЛМАСУДЫҢ БІРҚАЛЫПТЫ БОЛУЫ ҮШІН АЗ МӨЛШЕРДЕ ӨТЕ ҚАЖЕТТІ.
ДәрумендерДәрумендер. Д ӘРУМЕН – АДАМ МЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІГІНЕ, ОЛАРДЫҢ ОРГАНИЗМІНДЕГІ ЗАТ АЛМАСУДЫҢ БІРҚАЛЫПТЫ БОЛУЫ ҮШІН АЗ МӨЛШЕРДЕ ӨТЕ ҚАЖЕТТІ.
1. Лездемелік сұрақтар: 1. Лездемелік сұрақтар: 1. Құлқайыргүлділер тұқымдасы қай класқа жатады? 2. Құлқайыргүлділер тұқымдасының қанша түрі бар? 3.Қазақстанның.
Қауын (Cucumіs melo). ҚАУЫН Қауын (Cucumіs melo) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен.
Орындаған: ЖАРЫЛКАСЫН АРАЙЛЫМ Алматы Технологиялық Университеті Тағам Өндірістері Факультеті Алматы,2018 ж. Тақырыбы: Жасымық ұнын нан кондитер өндірісінде.
Ауыл шаруашылығы. Бидай Күріш Қарбыз ҚауынАсқабақ.
Жобаның негізгі мақсаты: Б ө лме ө сімдіктеріні ң бірі кактусты ң т ү рлерін, ерекшеліктерін о қ ып ү йрену.
Дұрыс тамақтана білеміз бе?Дұрыс тамақтана білеміз бе?
Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары аз қимылдау, мөлшерден тыс тамақ ішу, спиртті сусындарды ішу, темекі тарту жүрек іс әрекетін нашарлатады, ал бұл.
Дұрыс тамақтана білеміз бе?. 1. Тамақтану тәртібі 2. Тамақтанудың негізгі ережелері 3. Тамақтану процесінің принциптері 4. Тамақ ішу тәртібі.
Қалқанша бездің жұмысын, оның адам организмінде атқаратын ролін, қалқанша бездің өзгеруінен болатын эндемиялық зоб(жергілікті жемсау) ауруының таралуы.
Қашқаргүл тәрізділер (латынша: Asterácea e), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер(латынша: Compósitae) қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы Қашқаргүл.
Орындаған: Қойшыбай Г.Қ. ПО 301. Дәнді бұршақты дақылдарға - асбұршақ, май бұршақ, үрмебұршақ (фасоль), малазықтық бұршақ, бөрібұршақ, жасымық, ноқат.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Дәріс 9 Еттің морфологиялық және химиялық құрамы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алқа тұқымдас өсімдіктер туралы мағлұмат беру,олардың ортақ белгілерімен адам өміріндегі маңызын айту. Дамытушылық: оқушылардың.
Биогенді элементтер Орындаған:Абдуллаева Гүлзада Тобы:103(F) Қабылдаған:Шеримбетова Гаухар Орындаған:Абдуллаева Гүлзада Тобы:103(F) Қабылдаған:Шеримбетова.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Дәрілік технологиялар кафедрасы.
Транксрипт:

Жоспар: Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім – Мәдени балды өсімдіктердің шаруашылықтағы маңызы – Егістік қияр – Алма – Бақша таңқұрайы – Мәдени жүзім III Қорытынды IV Пайдаланылған әдебиеттер

Мәдени балды өсімдіктердің шаруашылықтағы маңызы Ара шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды қосымша шаруашылығы болып саналады. Ара шаруашылығы көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда және малазықтық шөптерге қатысты тұкым шаруашылығын дамытуда бағалы тағам өнімдерін өндіруде табиғат байлығын, өндірістік шикізатты тиімді пайдалануда және де пайдалы медициналық препарат өндіруде өте маңызды рөл атқарады. Азық қорын тиімді пайдаланып, ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы, кеңес үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылықтағы жалпы табыс- кірістің %-ын ара шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекомдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30% пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануга негізделген. Сондықтан ара шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор

Балдың құрамы нектардың құрамына байланысты. Егерде нектардың құрамында жүзім қанты көп болса, балдың құрамында жүзім қанты көп болады. Балдың кристалдануы нектардың құрамындағы жүзім қантының мөлшеріне байланысты.Жүзім қанты көп болған сайын бал тезірек отырады (кристалданады). Мысалы, жөке агашы, қарамық, ақ бесде балдары тез кристалданады. Ал ақ акация балында жеміс қанты көп болады, сондықтан бірнеше ай бойы кристалданбайды. Нектардың балға айналуының биологиялық мәнісі мынада: 1) бал қанттардың қою ерітіндісі және оптимальды жағдайларда ашымайды; 2) күрделі қанттардың қарапайым қанттарға айналуының ара семьясының қыстан қиналмай шығуы үшін маңызы үлкен. Тозаңдары мол өсімдіктер қатарына тал (ива), бакбақ (одуванчик), ақ беде (белый эцпарцет), көк гүлкекіре (василек синий) және басқа көптеген өсімдіктер жатады.

Нектар бермейтін өсімдіктердің екінші тобы насекомдармен тозаңданатын айқын ашық гүлділер. Олардың химиялық құрамы 1-кестеде көрсетілген. 1-кесте. Тозаңдардың химиялық құрамы ӨсімдікҚұрамы СуБелокМайКөмірсуларКүлдер Кәдімгі қарағай7,713,11,2-2,1 Қандыағаш26,4-30,-- Тал12,322,34,132,22,6 Грек жаңғағы7,223,92,3-3,8 Жүзім5,021,92,7-2,8 Жүгері-3,81,430,33,1 Капуста9,925,89,624,72,8 Алма9,828,63,128,32,6 Ақбеде11,523,73,426,93,1 Бақбақ10,911,114,434,90,9

Бау-бақшалардағы балды өсімдіктер: 1 ) Жеміс ағаштар және жидек бұталар: таңқурай, қарлыған, шие, қараөрік, алма, алмұрт, қарақат т.б; 2) Субтропикалық аймақтың жемісті және басқа да бағалы балды өсімдіктері: құрма,, маслина, шабдалы, миндаль,акация, аива т.б; 3) Бақшалық және көкөністік балды өсімдіктер: асқабақ, қияр, қауын, қарбыз, пастернак және т.б.

Алма Алма (лат. malus) раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың сінің шаруашылықтың маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы жыл, биіктігі 3 10 м болады жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді.

Құрамы Алма құрамында % су, 7, 5 16 % қант, 0, % қышқыл, 9, 5 18, 5 % құрғақ қалдық, 0, 28 1, 0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай - ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Алманың пайдасы Жеміс - жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1 - ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Сондай - ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.

Мәдени жүзім Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4- ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды

Құрамы Жүзім құрамында қант, органикалық қышқылдар, ферменттер, илік, азотты және пектинді заттар, С, В1, В2, В6, В12, Р, РР дәрумендері, өзектер, сонымен қатар минералдар мен микроэлементтер бар. Жүзім ағзаны холестериннен тазартады. Медицинада гемоглобинді көтеру үшін, қан аздыққа, бүйрек, жүрек, жүйке ауруларына қарсы, бронхит кезінде жөтел мен қақырық шығару үшін қолданады. Жүзім шырыны несеп және өт айдау үшін қолданылады. Қазіргі кезде ғалымдар жүзім сүйегінің қатерлі ісіктерге қарсы ем болатынын дәлелдеуде. Жүзімнен шырын, компот, тосап, мармелад жасайды. Жүзім шарап өндіруде кеңінен қолданады. Ал шарап жасаудан кейінгі қалдықтардан сірке қышқылы, этил спирті, эфир майы шығарылады. Сонымен қатар жүзімді кептіріп, мейіз жасайды

Пайдасы Жүзім құрамындағы дәру-мендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол – сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәрyменінің белсенділігін арттырады. Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз, қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда өте көп кездеседі.

Егістік қияр Қияр (лат. Cucumis sativus ) асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады. Құрамында 9596% су, 45% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 225% қант, 1% белок, 0,1% май, 0,7% клетчатка, С, В тобындағы витаминдер, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы бар. Өсімдік туралы Қияр немесе кәдімгі қияр – Асқабақ (Cucurbitaceae) тұқымдастылардың ішіндегі қияр туыстыларына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, биіктігі 1-2 метрге дейін барады. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Қияр мәдениетке 6000 жыл бұрын енген. Оның Отаны – [Үндістанның тропикалық аймағы және Қытай]]. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі. Қолданылуы Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Мысалға, XVII ғасырда жазылған «Прохладный ветроград» атты орыс кітабында қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Қияр шырынын судың орнына ішуге болады деп айтылған.

Терінің күйген немесе зақымдалған жерін қиярды қою арқылы емдеген. Косметика саласында да қияр үлкен орын алған. Қияр көптеген теріні ағартатын кремдердің құрамында бар. Сонымен қатар, қиярды табиғи күйінде немесе тұздап тағамдарға пайдаланады. Күтімі Қиярдың дұрыс күтімі топырағын қопсыту, арамшөптерін жұлу, жаңа өскен сабақтарын қыстыру және дұрыс суаруда. Ең алғаш топырақ қопсыту жұмыстарын топырақ бетінен сабақтары шыққан соң істей беруге болады. Кейіннен мұны әр 10 күн сайын қайталап тұрады. Қопсыту жұмыстарымен бірге арамшөптерін жұлған абзал. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі болады. Қиярды кешке қарай, күні бойы күн астында тұрған сумен суғарған жөн. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек.

Бақша таңқұрайы Таңқурай – раушангүлдер тұқымдасына жататын, жартылай бұталы көпжылдық өсімдік. Таңқурайдың бұталары алғашында шөптесін болып, кейіннен бұтаққа айналады. Жапырағы күрделі пішінді, жиегі аратісті, үстіңгі беті қою жасыл, ішкі жағы ақ түсті. Гүлдері ақ немесе ашық қызғылт болады. Гүлі 5 күлтелі, аздаған гүлшоқтар болып жеке-жеке өседі. Гүлдеуі маусымнан күзге дейін жалғасады. Сондықтан пісу мерзіміне қарай, өнімін жинау бірнеше айға созылады. Жидегі өте нәзік, күлгін- қызғылт түсті. Дәмі тәтті, аздаған қышқылдығы бар. Таңқурай ұсақ сүйекшелерден құралған бірнеше дәндердің бірігуінен тұрады. Жабайы түрінде бұл дәндер бір-бірінен оңай ажыратылып алынады. Ал, екпе түрлерінде сүйекшелері бірігіп кеткен тәрізді болып көрінеді. Жалпы пісу кезеңі шілде, тамыз айлары. Нәзік хош иісті. Табиғатта таңқурай аралас ормандарда, қылқанжапырақты ағаштар арасында жақсы өседі. Өзен аңғарларында, бұталардың арасында, көлеңкелі, ылғалды жерлерде кездеседі.

Құрамы және пайдасы Таңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар,пектиндер, азот қоспалары, илік заттар,С, А, В топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы

Қорытынды Ара шаруашылығын тиімді ұйымдастыру үшін сол региондағы балды өсімдіктер құрамын зерттеп, ол өсімдіктердің гүлдеу күнтізбесін білу керек. Осы мәліметтердің негізін де балды өсімдіктерді үзіліссіз гүлдейтіндей жағдай жасауға болады. Ол үшін балды өсімдіктерді мәдени өсімдіктермен аралас егіп, ауыспалы егістік алқабын жасауға болады. Соның нәтижесінде ара шаруашылығын табысты шаруашылыққа айналдыруға болады. Ара ұшуының оптимальды радиусы 2 км-ге дейін деуге болады. Дегенмен, омарта айналасының балды өсімдіктерін 3 км радиусында зерттеу керек, мұндай шеңбердің көлемі 28 шаршы км болады.

Әдебиеттер 1. Глухов М.М. Медоносные растения. Москва: Колос, с. 2. Митропольский А. Пыльца растений и перга как корм для пчел //Пчеловодство С Мұхитдинов Н. Қазақстан биоресурстары:оқу құралы.-Алматы, Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., Қазақ тілі терминдер сөздігі I том