Қ АРА Ғ АНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫ Қ УНИВЕРСИТЕТІ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қ ара ғ анды Мемлекеттік Медицина Университеті Д ә рігерге дейінгі дайынды қ кафедрасы СӨЖ Орындаған: Абдуалиева А. Тулашова Б. БалтабаЕВ Е. Тексерген:
Advertisements

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Бауыр патофизиологиясы Орындаған:Турманбаева А.А 201 ЖМФ 201 ЖМФ.
Дәріс жоспары 1.Кіші қан айналым шеңберінің веналары. 2.Жоғарғы қуыс венасы. 3.Төменгі қуыс венасы. 4.Қақпа венасы.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Урология кафедрасы СӨЖ Тақырып: Несеп-жыныс жүйесін физикальды тексеру әдістері.Зерттеу алгоритмін құру. Орындаған:
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ.. Жоспар: 1.Кіріспе бөлім. 2.Негізгі бөлім: Синтетикалық тігіс материалдарының жіктелуі. Синтетикалық тігіс.
1 2 Мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ МББЖ);Мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ МББЖ); Access МББЖ-сының сервистік мүмкіндіктері;Access МББЖ-сының.
Та қ ырыбы: Шетелдік менеджмент, Бас қ ару процесіні ң мазм ұ ны. Орында ғ андар: Орында ғ андар: Тексерген Тексерген.
«Компьютерлік графика» Тесті бастау. Графикалық редактордың міндеттерінің бірі: Әрі қарай Бейнені енгізу; Бейненің кодын сақтау; Бейнежадыда орналасқанды.
Есеп шығару сабағы. а) Білімділік: Зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі мен қозғалысын туындайтын құбылыстармен таныстыру. Алған теориялық білімдерін.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті СӨЖ СӨЖ Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде. Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтік білімнің құрылымы.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Проблемалық жағдай. Бір бірімізбен сөйлесіп тұрғанда арамыздағы тартылысты неге сезбейміз? Бір бірімізбен сөйлесіп тұрғанда.
К.Д. Ушинский Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі. Санаты: ІІ Еңбек өтілі: 7 жыл Зерденің жұмысын жақсартуға.
ТАҚЫРЫБЫ: Үлкен қуаттағы және кіші қарқындылықтағы лазер сәулесінің әсер етуінің биофизикалық механизмдері Орындаған: Ералханова А. Мухитдинова Г. Охас.
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен,
Лириканы ң бас қ а һ арманы - а қ ынны ң ө зі. А қ ын е ң алдымен ө з жайын, м ұң ын, арманын, қ уаныш сезімін жыр ету ар қ ылы халы қ ты ң та ғ дырын,
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Жұқпалы аурулар кафедрасы та қ ырыбы: С ібір жарасы элективті пәні: Аса қауіпті инфекция. маманды ғ ы: «Мейірбике.
Ғалымдардың пікірінше, адамның саусағына қарап оның сезім мәселесіне келгенде қандай адам екенін айтуға болады екен. Психолог және әлеуметтанушы мамандар.
Қ АРА Ғ АНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫ Қ УНИВЕРСИТЕТІ.
«Бүйрек физиологиясы. Несеп түзілуінің механизмі» Дәріскер: аға оқыт. ЛЕПЕСБАЕВА Г.А Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Физиология кафедрасы.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: «Балалардағы және нәрестелердегі тыныс алу мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері»
Транксрипт:

Қ АРА Ғ АНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫ Қ УНИВЕРСИТЕТІ

ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 4050 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.

Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 34 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 7075%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолданушылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, 6ұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр.

Инфекция көзі. Вирус жұққан адам вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.

Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай: жыныстық қатынас; вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда); анасынан нәрестеге жүғу арқылы.

ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өндеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.

Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. АҚШ-та, Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 4063%-на АИВ қан құю арқылы жұққаны анықталған. Бірақ 1985 жылдан бері жоғары дамыған елдерде, 1987 жылдан бастап ТМД елдерінде донор қанына қатаң бақылау жүргізіле бастады. Мұндай тәртіп ЖИТС, В гепатит және басқа жұқпалы аурулардынң таралуына жол бермейді. Соған қарамастан Қазақстанда АИВ-тың 20%-ы емдеу- профилактикалық мекемелерде жұқтырылғаны тіркелген (ДДҰ мәліметі бойынша мұндай көрсеткіш 0,5%-ға тең). Экономикасы нашар дамыған елдерде ЖИТС-тің қан арқылы жұғу қаупі әлі де сақталып отыр.

ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жүққан әйел- дерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі.

ЖИТС жұғудан қалай сақтанады? Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр. ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар: әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар; жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.

Профилактиканын басты міндеті ЖИТС тасымалдаушыларды аны қ тап, ж ұғ у арнасын сенімді т ү рде жауып тастау. Осы ма қ сатта к ө птеген елдерде мынадай шаралар ж ү ргізіліп жатыр: халы қ ты ң (т ұ р ғ ындарды ң ) кейбір топтарын с ө зсіз ж ә не жоспарлы т ү рде лабораториялы қ тексеруден ө ткізу; донорлык, қ анды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, наша қ орларды, гомосексуалистерді, жез ө кшелерді тексеру; ауыр ғ андарды арнайы аурухана ғ а жат қ ызу ж ә не емдеу; сенім телефондарын ұ йымдастыру; ЖИТС-пен ауыр ғ андар ғ а консультация ж ә не к ө мек беретін комиссия ж ұ мысын ұ йымдастыру; диагностикалы қ орталы қ тар, кабинеттер ашу т. б.

Оларға мыналар жатады: салауатты, әдепті өмір сүру; кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу. Г. В. Сколубовичтін. (1989) айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөкшелік ЖИТС вирусын жұқтыру кепілі»); стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау; әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу; презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды); қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу; маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару; ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.

Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру. ЖИТС көп жағдайда өлімге соқтыратын аса қатерлі вирустық дерт. Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталықтары, диагностикалық лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты ЖИТС вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйымдастыру. Жоғарыда аталған ЖИТС орталықтары ұйымдастырушы, тәсілдеуші және емдеуші мекемелер ретінде жұмыс атқарады. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар

Олардың жұмыс бағыттары мынадай: 1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жүққан адамдарды дер кезінде тауып отыру; 2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасында 5 жылдың ішінде ( ) 4 млн 870 мың адам арнайы тексеруден өтті. Екіқабат әйелдерді тексеру және өз атын жарияламай тексерілу жұмыстары кең түрде жүргізілуде. Әрбір облыс орталығыңда осындай тексеру жүргізетін арнайы кабинет жабдықталған және одан 6ұл індет туралы жан-жақты ақыл-кеңес алуға болады.

«ЖИТС (СПИД) ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңында (1994) ЖИТС ауруымен күресу күрделі, кешенді мәселе деп танылған. Оны шешуге Денсаулық министрлігімен қатар басқа да министрліктер (Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі, Сыртқы істер т. б.) қатысады, олардың жұмысын ҚР Министрлер Кабинеті жанынан құрылған Үйлестіру кеңесі басқарады. Қазақстан Республикасында тұратын не ұзақ мерзімге жұмыс атқаруға келген әрбір шет ел азаматы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығын сақтау туралы» заңына сәйкес ЖИТС вирусының жүққан-жұқпағандығын анықтау үшін медициналық куәлендіруден (тексерістен) өтуі тиіс.

ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы, шаштаразшы т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Олар үшін ЖИТС-пен ауыру, вирус тасымалдаушы болу кәсіби ауру болып табылады, сондықтан біраз жеңілдіктер жасау жайы қарастырылған. Мәселен, бір мерзімдік ақша төлеу тәрізді. Оның үстіне ЖИТС-пен сырқаттанушылармен, вирус тасымалдаушылармен тікелей жұмыс істейтін медицина және ғылыми қызметкерлер жұмыстының зияндылығы үшін қосымша, ақылы 24 күндік демалыс және негізгі жалақысының 60%-на дейін үстем ақы алуға құқылы.

ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола алмайды. Әдейі және біле тұра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық тексерілуден қашқақтаушы, өз жұмысын салақ атқару нәтижесінде ЖИТС вирусымен сау адамдардың зарарлануына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын не оның вирусын тасымалдаушы екендігін рұқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады.