Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Астана қаласы.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Практика 1Азаматтық Қорғаныс (АҚ) мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. [1] Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан,
Advertisements

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші.
Білім беру жүйесіндегі АББО басқа ЖОО кітапханаларымен серіктестігі және қызмет көрсету қызметін жетілдірудің маңызы Ережепова Ж. Ж. гуманитарлық мамандықтарына.
Кітапхана 205 қазақ орта мектебінің кітапханашысы Смайлова Зейнегүл Жадігерқызы туған жылдан бері мектеп кітапханасында қызмет атқарып.
Тақырыбы: ВМО Орындаған: Жүрсінәлі Алтынай Тобы: Бт-11 Тексерген: Капсалямов Бауыржан.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ СӨЖ Тақырыб: А.Байтұрсынов Қабылдаған:Нурбетова Г. Орындаған: Захаров А.
Ақпаратпен бөлісу Мұғалім және оқушы портфолио- сы Мұғалім және оқушы портфолио- сы.
Тақырыбы: Туроперейтингтің Қазақстанда пайда болу алғышарттары және оның кәсіпкерлер үшін тартымды факторлары СОӨЖ Қабылдаған: Ақтымбаева А.С. Орындаған:
Н.Мейірманов атындағы негізгі мектеп Тақырыбы: Абай мен Ахмет шығармаларының идеялық үндестігі ( сыныптан тыс оқыған шығармалар бойынша ) Өткізген Байтемірова.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің.
Мақсаты : Латын әліпбиіне көшудің жолдарын, оның қажеттілігі мен артықшылықтары, жастарға беретін мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталып, маңыздылығын ашу.
Қазақстандық теңге-Қазақстанның ұлттық валютасы жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді.
{ Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы Мемлекеттік туы
Инклюзивті білім беру Тақырыбы: Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту мәселелерін шешу.
Үй тапсырмасын сұрау - Кім жылдам - Сөзжұмбақ Кім жылдам Тұңғыш ғарышкер кім? Ғарыш айлағы қайда орналасқан? Шәкен Айманов қай жылы дүниеге келген? 1991.
Халық Банкінің депозит нарығы. 4.Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық.
Қолданбалы сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан және халықаралық ұйымдар. Еліміздің халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастығы Дүниежүзілік сауда ұйымы.
79 орта мектебі 5 А сынып Тарих пәнінің мұғалімі Сұлтанбекова Феруза Абдезқызы.
Қазақстан Республикалық Ұланына 20-жыл. Ұлантермині Италияда (XII ғ.) пайда болған және мемлекеттік туды күзету үшін іріктелген жасақты білдірген. Кейін.
Әлеуметтану тарихының негізгі кезеңдері Орындаған: Тәңіртай Болатхан 11 АК.
Транксрипт:

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Астана қаласы

Президент ҚР ҰАК құруға қатысу және оған қызығушылық білдіре отырып, кітапханының Қазақстандағы білімнің жолсерігі, оның білім үдерісіндегі маңызды рөлі ретіндегі мақсатын белгіледі. Астана қаласының «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 23 ақпандағы 461 қаулысымен құрылды. Оның басты мақсаты – Астананың ақпараттық, білім және мәдени - ағартушылық инфрақұрылымын одан әрі дамыту. Кітапхана ж. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев ҚР ҰАК ресми түрде ашты.

ж. кітіпхана алғашқы оқырмандарды қабылдады. Оқырмандар билігінде Каталогтардың электрондық залы, электрондық ресурстар залы, ақпараттық-библиографиялық сервис қызметі, Мұнай мен Газдың электрондық оқу залы, әлемдік әдебиет бөлімі, Ғылыми оқу залы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған заманауи технологиялық әзірлемелерімен жабдықталған зал және тағы басқалар сияқты қазіргі заманғы залдар бар. Кітапханада бір мезгілде 500 оқырман орнына арналған 17 зал ашылды. Кітапханада 2,5 млн. кітап данасына арналған кітап қоймасы мен электрондық ақпаратты терабайттық көлемдерде сақтауға мүмкіндік беретін серверлер кешені орналастырылған.

ҚР ҰАК оқырмандары үшін бірқатар электрондық қызмет түрі ұсынылады: қашықтық толық мәтінді дерекқорға қолжетімділік, кітапханашыға сұрақ қою мүмкіндігі – виртуалды анықтама қызметі, ҚР ҰАК қорларындағы шығармадардың электрондық көшірмелері бөлігін (дайындау және электрондық пошта бойынша жеткізу) ұсыну, бірнеше күн бұрын он-лайн режимінде оқу залдарына алдын-ала тапсырыс беру, кітапханаға қашықтықтан жазылу және тағы басқа да қызметтер.

ҚР ҰАК өзіндік он-лайн жобалары: ҚР ҰАК ресми сайты ( Қазақстан Республикасы кітапханалар қауымдастығының ресми сайты ( Қазақстан кітапханаларының сайты - ( ұлы қазақ ағартушысы Абай Құнанбаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлемге танылған - Абай» сайты ( Халықаралық оқу конгрессінің сайты ( ҚР ҰАК веб-сервері «Адам құқықтары бойынша ашық сандық кітапхана» деген жобаны таратады, мұнда адам құқықтары жөніндегі заңнама актілері тұрақты түрде орналастырылады. Бұл ресурсты ( ҚР ҰАК қызметкерлері ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен ынтымақтастық шеңберінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы Алматы қаласы

1910 жылғы 31 желтоқсанда Верныйда оқу залы ретінде ашылған ж. Жетісу губ. көпшілік, 1928 ж. Алматы округтік көпшілік кітапханасы деп аталды ж. Қазақ КСР-нің мемл. көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды. Тұңғыш директоры – көрнекті қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхананың басты міндеттерінің бірі Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа өнімдерін жинау деп есептеді. Осыдан бастап, кітапхана республикадағы мемл. ұлттық кітап қорын және жазба мұраларын жинақтап, сақтайтын бірден-бір мекеме қызметін атқарады. Қазақ КСР Мин. Кабинетінің 1991 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысымен Ұлттық кітапхана мәртебесі берілді.

Ол – кітапханатану, библиогр., кітаптану, кітапхана жұмысын автоматтандыру, компьютерлендіру бағытында Қазақстанның ірі ғыл.-зерт. және ғыл.-әдістемелік орталығына айналды. Қазақстандағы баспа өнімдерінің міндетті даналарын, 1995 жылдан ҚР Жоғ. аттестац. к-тінің қорындағы диссертацияларды, 1993 жылдан ЮНЕСКО басылымдарын жинай бастады. Кітапхана 1971 ж. Алматы қ-ның арнаулы жобамен салынған көрнекті сәулет өнері ескерткіштерінің бірі болып табылатын ғимаратқа көшті.

Оның жалпы алаңы 29 мың м2, негізгі кітап қоры екі қабатты сөрелерге орналасқан. Кітапханада әлем халықтарының 100-ден астам тілдеріндегі 5,6 млн. дана басылым қоры бар. Оқырмандарға 1500 орындық 14 арнаулы зал қызмет көрсетеді. Уақытты үнемдеп, оқырмандарды тіркеу, кітап беру және қайтарып алу жұмыстарын жеңілдететін Штрихкод жүйесі іске қосылды.

Бағалы және сирек басылымдар қоры Шығыс халықтарының тілдеріндегі, көне орыс, Еуропа халықтарының тілдеріндегі кітаптардан құралған. Сирек кітаптар арасында араб тіліндегі Құран (12 ғ.), парсы және араб тілдеріндегі басылымдар, Қожа Ахмет Иасауидің еңбектері (Стамбұл, 1897 ж., Ташкент 1915 ж.), Бақырғанидың еңбектері, Низамидің парсы тіліндегі Хамсасы (1488 ж.), Фирдаусидің Шахнамасы (1723 ж.), Шығыс ақындары Рудакидің, Омар Хайямның, Саадидің, Хафиздің жинақтары, 19 ғ-дың басында жасалған қазақ хандарының шежіресі, әлемдегі сирек библиогр. құндылықтың бірі – корей энциклопедиясы Мунхон Биго бар. 14 ғ-да Д.Дидро мен Ж.Л. Д¢Аламбердің редакциялауымен жарық көрген француз тіліндегі Ғы- лым, өнер және қолөнер туралы энциклопедия немесе түсіндірме сөздік, көне иврит тіліндегі ұз. 16 м, теріге жазылған Тора, інжіл (Евангелие) (14 ғ.), т.б. сақталған. Кітапханаға күн сайын 2 – 2,5 мың оқырман келеді.

Кітапхана мамандары әзірлеген ұлттық компьютерлік РАБИС бағдарламасы кең өріс тауып, сала жұмысы автоматтандырылды. Әлемдік интернет торабы арқылы ақпарат алуға мүмкіндік беретін электронды басылымдар залы, электронды каталог жан-жақты қызмет көрсетеді. Ғыл.-көмекші, анықтамалық- библиогр. құралдар шығарылады. Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің қатысуымен түрлі танымдық шаралар, жаңа кітаптардың тұсаукесері, оқырмандар конференциясы өткізіледі.

Кітапхана жұмысы Халық жады, Кітап және қолжазба ескерткіштерді сақтау, Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе атты ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Ұлттық кітапхана АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания, Египет, Франция, Норвегия, Австрия, Түркия, ТМД елдерінің және т.б. елдердің кітапханаларымен байланыс жасап отырады жылдан Халықар. кітапханалық ассоциациялар мен мекемелердің, 1993 жылдан Еуразия кітапханалық ассамблеясының мүшесі. Түркі тілдес елдер кітапханаларының бірлестігі бағдарламасына қатысады. Оның бастамасымен ҚР-ның кітапханалық ассоциациясы құрылған.