Қалжа мен шілдехана тойы «Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың тууын қазақтар қатты қастерлеп, «ұл туғанға күн туады» дейді. Байырғы қазақ салты бойынша, бала туған күні сол отбасында той басталып, «қалжа» сойылып, маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа әйелдер жиналып, «баланың бауы берік болсын» айтып құттықтайды. Ал кешке қыз – бозбала жиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп, өлең айтып «шілдехана» күзетеді, түрлі ойын – сауық кейде өткізеді.
Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ. Сәлемдеме Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес.
Шілдехана (салт). «Сәрсенбай зор қуанышта болып, шілдеханаға қанша қыз – бозбала жиып... баланың есімін Жамал қойып еді» (М.Дулатов). Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. «Шілдеханаға» шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана - өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі.
Бесік жыры (салт). Әлди- әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін.... Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл- күйін көтереді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Алайда соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып бесік жырын айтатын әже, ана азайды. Бесік тербететін баланың өзі бөпесін өлең айтып ұйықтататын.
Сәбидің өмірге келгеніне 40 күн толғаннан кейін тағы бір салтанатты рәсім орындалады. Оны қырқынан шығару деп атайды. Ал қыз бала, керісінше, жеңілтек болып кетпесін, байсалды, орнықты болсын деп анық қырық күн толғаннан кейін қырқынан шығару рәсімін орындаған. Бұл күні жиналған әйелдер баланың шашын, тырнағын алып, жақсылап тұрып шомылдырған. Мұндайда әдеттегідей қарапайым су емес, ішіне күміс немесе 40 құмалақ салынған (бүгінгі күні оның орнына бадана қолданып жүрген көрінеді), қырық қасық тап-таза су құйылған суға шомылдырады.
Бесікке салу
Шілдехана.