Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Студенттің өзіндік жұмысы 5 Тақырыбы: Орындаған: Тексерген: Топ:

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Пән: Информатика Кафедра:
Advertisements

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Кафедра: анатомия Факультет: жалпы медицина Тақырыбы: Жүректің ірі қан тамырларының
Орындаған: 105 Б Тексерген: Мәдихан Ж.Ш Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Кафедра: Жаратылыстану ғылыми пәндер.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылыстарында қолданатын фитотерапия Орындаған: Қабиева.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті факультет: жалпы медицина кафедра: патологиялық анатомия Тақырыбы:Өңеш аурулары:
Орында ғ ан: Алдашева Санду ғ аш 310 А Тексерген: Аманжол қ ызы Айн ұ р Марат Оспанов атында ғ ы Батыс Қ аза қ стан Мемлекеттік Медицина Университеті Университеті.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина Унтверситеті Маманды ғ ы : жалпы медицина Кафедра: патологиялы қ физиолоия Дисциплина: патологиялы.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Факультет : Жалпы медицина Кафедра : Цитология, эмбриология, гистология СТУДЕНТТІҢ.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Орындаған:Каниев А 307 Тексерген:Султанова А.Т.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Студенттің өзіндік жұмысы 5 Тақырыбы: Орындаған: Тексерген: Топ:
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Факультет: Жалпы медицина Дисциплина: Қалыпты физиология СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ.
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Пән: Дәлелді медицина негіздері.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Факультет: Жалпы медицина Тақырыбы:Мешел ауруының визуалді.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Жалпы гигиена және экология кафедрасы Студенттің өзіндік жұмысы Дисциплина:Жалпы.
Студенттің өзіндік жұмысы Тықырыбы : Г игиенаны ң қ алыптасуы ж ә не даму тарихы. Дисциплина : Жалпы гигиена ж ә не экология кафедрасы Мамандығы: Жалпы.
Транксрипт:

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Студенттің өзіндік жұмысы 5 Тақырыбы: Орындаған: Тексерген: Топ:

Жоспар: І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім 2.1 Амбулаторлы хирургия бөлімінің жабдықталуы 2.2 Қазіргі замаңдағы амбулаторлы хирургия орталығының жаңа технология үлгісі 2.3 Амбулаторлы жағдайдағы операция түрлері 2.4 Амбулаторлы хирургияға енетін функциялар ІІІ.Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе Халыққа медициналық көмек көрсету жағынан стационар орын басушы хирургиялық технологиялар дамып жатыр (амбулаторлық хирургиялық көмек, амбулаторлы хирургия орталықтары, бір күнді стационарлар және т.б). Амбулаторлы хирургия жаңа ұйымдастыру құрылысы негізінде дамып, стационардан поликлиникалық технология шартына ауысуын қарастырады, сонымен қатар, экономиялық жоғары шығынды клинико – стационарлы төсек – орындарын қысқартады. Қазіргі амбулаторлы хирургия орталықтарының жаңа технологиядағы үлгідегі кестесін келесі негізгі бағыттар қарастырады: ұйымдастырылған, емдік, ғылыми және оқытушылық. Халыққа көмек көрсету мақсатында болашағы мол Денсаулық сақтау ұйымының бағыты болып, стационар орын басушы хирургиялық технологиялар дамуда (амбулаторлық хирургиялық көмек, амбулаторлы хирургия орталықтары, бір күнді стационарлар және т.б)

Амбулаторлы хирургия бөлімінің жабдықталуы Қабылдау бөлімшесі. Науқастарды қабылдау бөлімі арқылы іске асырылады, бұл жерде науқастар бірнеше түрге бөлінеді. Науқастар ауруының түріне қарай тиісті бөлімшелерге жатқызылады. Қабылдау бөлімі тұрады: Тіркеу бөлімі, Науқастарды бірінші рет қарау бөлімі, Ванна бөлмесі, Таза аурухана киімдерін сақтауға арналған бөлім, Науқас киімдерін сақтауға арналған

Жалпы хирургиялық бөлім. Хирургиялық науқастарды емдеу арнаулы және барлық керекті нәрселермен жабдықталған бөлмелерде жүргізіледі. Онша үлкен емес кереует мөлшеріндегі учаскелік ауруханаларда хирургиялық бөлімдердің болмауы да мүмкін, бірақ оларда да кешіктіруге болмайтын шұғыл хирургиялық жәрдем көрсету және онша үлкен емес жоспарлы операцияларды жасауға мүмкіншілік болуы керек. Хирургиялық бөлім науқастар жататын бөлмелерден, операция блогынан, таңу, байлау және қосымша бөлмелерден тұрады. Хирургиялық бөлім су құбыры, орталық жылыту, канализация желісі және ауаны сорып шығарушы аспабымен жабдықталған.

Операция жасайтын бөлме. Операция жасайтын бөлме мен қосымша бөлмелерді операциялық блок деп атайды. Ол бөлек тұруы тиіс. Онда таза және іріңді операция бөлмелері болу керек. Егер операциялық бөлме біреу ғана болса, онда бірінші таза операциялар жасалады, содан соң іріңді. Бұлардан соң ең соңғы жинастыру әдісін естен шығармаған жөн. Іріңді операциялық бөлмені тазалау таза операциялық бөлмеге қарағанда мұқият тазалану керек. Операциялық блоктың қабырғасында және төбесінде ешбір шығыңқы орындар болмай, олар майлы сырмен боялады, еденге керамикалық плиткалар төселеді. Қазіргі операциялық бөлмелердің қабырғасы арнаулы плиткалармен қапталған, оның ақ емес, ашық жасыл не көкшіл болғаны дұрыс, себебі ақ түсті хирургтардың көздерін тез талдырады.

Ауаны жаңарту, алмастыру. Операция бөлмесінің ауасы жақсы тазалануы қажет. Сол үшін ауаны көбірек тартатын суырып- сорушы аспаптарды қолдану керек. Ауаны тек салқындатып, қыздырып, ылғалдандырып қана қоймай, оның ауасын микробтардан арылту үшін арнаулы кондиционерлер қолданып жүр. Жабдықтау. Операциялық бөлмедегі аспаптар және жиһаздар тек жұмыс үшін керекті заттар: операциялық стол, құрал- саймандар және таңба, байлау заттарын қоятын операциялық мейіркештің столдары, хирургтың құрал-сайман столы, қан ағуын тоқтату үшін термокоагулятор, электроотсос және анестезиологиялық аппарат болуы тиіс. Оттегі баллондардың операциялық бөлмеде болмағаны жөн. Газды беру трубалар арқылы беріледі.

Наркоз бөлмесі – бұл наркоз аспаптары, анестезиолог пайдаланылатын дәрі-дәрмектер, құжаттар сақталатын жер. Кейде бұл бөлмеде наркоздың бастапқы кезеңдері жүргізіліп, соңынан науқас операция жасалатын бөлмеге апарылады. Зарарсыздандыратын немесе автоклавтық бөлме – бұл операциялық киімдерді және құрал-саймандарды зарарсыздандыруға автоклавтарды, стерилизаторларды және қайнатқыштарды пайдаланылатын жер.

Амбулаторлық хирургия орталығының ерекшеліктері: -тез арада хирургиялық емдеу түрлерін көрсету; -қысқа уақытта бірнеше пациентке қызмет көрсетуі, - ауруханаға жатқызуды керек етпейтіндігі; -ішкі ауруханалық инфекциялану қаупінің болмауы; -пациент дәрігерге өз қалаған уақытында келуі; -амбулаторлық көмек түрінің стационармен салыстырғанда құнының төмендігі.

Амбулаторлы жағдайдағы операция түрлері Амбулаторлы немесе кіші хирургияға келесі операциялар түрлері жатады: Тырнақтағы операциялар – тырнақасты гематомаларын ашу, пластикасымен тырнаққа байланысты операция, тырнақ пластинкасының резекциясы; Қатерсіз ісіктерді жою (атерома, гигрома, липома); Лимфаөзектерін тілу; Буынішілік блокадалары (артриттер, артроздар, жарақаттар); Остеохондроз кезіндегі паравертебральды блокада; Өкпеқапты пункциялар;

Трофикалық жаралар мен жазылмайтын жаралар емі; Шап, кіндік жарықтарын жою; ЛОР – операциялары (аденотомия, аденотонзиллотомия, тонзилэктомия және т.б); Урологиялық операциялар (аталық без шемені, аталық без тамырларының варикозы, кондилома және т.б); Колопроктологиялық операциялар (кондиломаларды тілу, анальды жарықтар, тік ішек жыланкөздері, тік ішек түскенде шырышын тілу); Кішігірім гинекологиялық операциялар (көптеген кондиломаларды жою, жатырішілік спиральдарды енгізу, жүктілікті тоқтату және т.б); Травматологиялық және ортопедиялық операциялар (жалпақ табанға операциялар, табан саусақтарының деформацияларына, ДОА – ның консервативті емі.

Амбулаторлы хирургияға енетін функциялар Амбулаториядағы хирургиялық бағыт – бұл өзінің идеологиясымен, өзгешелігімен, перспективасымен жеке бағыт. Хирургиялық науқастарды қабылдауда поликлиникадағы дәрігердің жұмысы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады, амбулаторлы науқастарға емдік – диагностикалық көмекті ұйымдастырудағы анықталатын сапамен ғана емес, сонымен қатар, көптеген хирургиялық стационардың қызмет көсету тұрғысынан. Оларға науқасты амбулаторлы жағдайда толықтай зерттеу, жоспарлы түрде денсаулықты қалпына келтіру, стационар жағдайында нуқастарды емдеуге іріктеу, құрсақ қуысы, кеуде қуысы мүшелерінің жедел ауруларымен науқастарды уақытында анықтап, оларды дереу госпитализациялау жатады.

Сонымен, поликлиникадағы хирургтың жұмысына төсектік фонда рациональды қолдану тікелей байланысты, операцияалды кезеңнің жалғасуымен, сонымен қоса, ем нәтижесі де байланысты. Амбулаторлы хирургтың қызметінде оперативті емдеу тәсілі үлкен орын алады. Оның көлемі мен сипаты поликлиника категориясына, хирург тәжірибесі мен шартына байланысты. Көбінесе жұмсақ тіндердің іріңді ауруларына байланысты операциялар, әртүрлі түрдегі блокадалар, шеткі мүше буындарының пункциялары жиі кездеседі. Хирургтың жоспарлы жұмыс уақытында әр жоспарлы операцияға медициналық құжаттарды толтырумен қоса, орта есеппен 25 – 35 минут қажет болса, ал іріңді операцияларға – 15 – 20, блокадаларға – 10 минут жеткілікті. Хирургтар медициналық құжаттаржы толықтай толтыруға, әсіресе, амбулаторлы картаны толтыруға көп көңіл бөледі. Себебі, бұл құжаттар хирургиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қоса, заңды түрде маңызы зор.

Қорытынды Хирургия – хирургиялық операциялар көмегімен емделетін жедел және созылмалы ауруларды оқытатын медицина саласы. Амбулаторлы хирургия жаңа ұйымдастыру құрылысы негізінде дамып, стационардан поликлиникалық технология шартына ауысуын қарастырады, сонымен қатар, экономиялық жоғары шығынды клинико – стационарлы төсек – орындарын қысқартады. Қазіргі амбулаторлы хирургия орталықтарының жаңа технологиядағы үлгідегі кестесін келесі негізгі бағыттар қарастырады: ұйымдастырылған, емдік, ғылыми және оқытушылық