Ақ ірімшік сиыр сүтін ашыту арқылы алынатын ( айран тәрізді ) диеталық тағам.[ Ақ ірімшік майы алынбаған сүттен, сондай - ақ майы ішінара немесе толық алынып пастерленген сүттен жасалады. Ашытқыны қышқыл стрептококтардың таза дәнінен дайындайды, кей жағдайда мәйек ферментін қосады. Ақ ірімшікт і сыртқы түріне ( қалпына ) қарап, сарысуы сығыл алынған әдеттегі ақ ірімшік және сары суы алынған, диеталық жұмсақ ақ деп бөледі. Әдеттегі ақ ірімшіктің майлы (18%), жартылай майлы (9%) және майы алынған түрі бар. Майлы ақ ірімшік сүт майы және ақуыз қоспасынан, ал майы алынған ақ ірімшік ақуыз қоспасынан тұрады. Ақ ірімшік ақуызында адамның өміріне қажетті амин қышқылының бәрі де бар, сондықтан да ол барлық жастағы адамдар үшін өте қажет тағам. Ақ ірімшік әсіресе балаларға, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге өте пайдалы, өйткені ол сүйектің жетілуіне, қаның жақсаруына, жүрек қызметі мен нерв жүйесіне қажетті кальций және фосфор тұздарына бай. Ақ ірімшікті емдік тағам ретінде пайдалану жөнінде Емдік тағамдар деген мақаланы қараңыз.
Құрамы -100 г Көмірсулар -1,8 г Ақуыздар -16 г Майлар -1,5 100 г -90 калория
Ірімшік сүтті арнайы өңдеуден өткізу арқылы алынатын жоғары калориялы неғұрлым сіңімді тағамдық өнімдерінің бірі. Әзірлеу және пісіру кезінде ол микробиологиялық, ферментативтік тағы басқа процестерден өтеді, соның нәтижесінде, дайын өкім сүтпен салыстырғанда дәмі және нәрлілігі жағынан едәуір құнды қасиеттерге ие болады. Ірімшік сиырдың, қойдың және ешкінің сүтінен жасалады.