Ойын Сыныптан 3 оқушы ортаға шығады. Олар саяхатқа шыққысы келетін 3 оқушыны таңдайды Олар жүктерін көтеруге көмектесетін 3 оқушыны таңдайды.
Қиял мен шындық Вместе мы – сила!
ОҚЫЛЫМ Қалай ойлайсыздар, осыдан бір, бір жарым ғасыр бұрын адамдар нені қиялдады? Ол шындыққа айналды ма?
ӨЛЕҢ ОҚУ Өнер-білім бар жұрттар Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым жерлерге, Күн жарымда барғызды. Адамды құстай ұшырды; Мал істейтін жұмысты От пен суға түсірді; Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді. Теңізде жүзді балықтай, Дүниені кезді жалықпай, Білгендерге осылар Бәрі-дағы анықтай, Білмегенге танықтай; Біз де бекер жатпалық, Осыларға таныспай; Ат өнері білінбес Бәйгеге түсіп жарыспай; Желкілдеп шыққан көк шөптей Жаңа өспірім достарым, Қатарың кетті-ау алысқа-ай, Ұмтылыңыз, қалыспай. Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды. Өнер – жігіт көркі деп Ескермедік мақалды... Біз болмасақ сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды.
СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП Өлең не туралы деп ойлайсың? Өлеңде қиял бар ма? Өлеңдегі ақын қиялы қазіргі өмірде шындыққа айналды ма? Оны неден көре аламыз? Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды тауып көріңіз. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.
Берілген түсініктемеге сәйкес сөздің мағынасын анықтаңыздар. ойдан шығару елестету шындыққа жанаспайды ойды дамытады ертегілер фантастика болашақты болжау қиялдау ақиқат шын жалған теріс бұрмалау шексіз
ойдан шығаружаңа бір нәрсені ойлап табу елестетужоқ нәрсені көре алу шындыққа жанаспайдыадам сенбейді ойды дамытадыжаңа идеялар пайда болады ертегілербұрынғы заманда болған оқиғалар фантастикақиял-ғажайып болашақты болжауалдын ала көріп, білу қиялдауөз ойыңа сену ақиқатбар нәрсе шынөтірікке қарама-қарсы жалғанжоқ, өтірік теріскері әсер бұрмалаубасқаша айту шексізшеті жоқ, ешқашан бітпейді
Берілген сөздерді пайдаланып, «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің мазмұна сәйкес болашақта шындыққа айналуы мүмкін жағдайлар, құбылыстар, технологиялар туралы өз қиялыңызды жазыңыз. Мәтінде көркемдегіш құралдарды пайдаланыңыз.
Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалаңыз. Әрбір жұлдызды не үшін бердіңіз, мысал келтіріңіз және бір ұсыныс айтыңыз.
Үйге тапсырма. Фантастикалық шығармадан үзінді оқу, фантастикалық шығарманы көру, мазмұндау.