Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ( ) ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Өмір жолы Абай қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан - ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы Абайға көп ықпал еткен.
Шы ғ армалары екіншісі ғақлия ( немесе қара сөз ) деп аталатын прозасы ; үшіншісі өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. бірі өз жанынан шығарған төл өлеңдері ; А бай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді:
Ғылым таппай мақтанба Интернатта оқып жүр Пайда ойлама, ар ойла Жасымда ғылым бар деп ескермедім Әсемпаз болма әрнеге Жазғытұры Жаз Күз Қыс Желсіз түнде жарық ай Қансонарда бүркітші шығады аңға Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін Кұлақтан кіріп, бойды алар Өзгеге, көңілім, тоярсың Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол Білімдіден шыққан сөз Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы Сап, сап, көңілім, сап, көңілім
Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: Жасымда ғылым бар деп ескермедім деген өлең жазған.
Ақынның айтпақ өсиеті Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.
Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың бас кітабы-Абай жолы ұлы ақынға арналған.1993 жылы Абай жолы эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.
Абайдың шығарған кітаптарының бірі
1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір- біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады.
Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді.
Абайдың 31-ші қара сөзі Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар. Әуелі-көкірегі байлаулы болмақ керек. Екінші- сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғыну керек. Үшінші-сол нәрсені, ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдеріне: уайымсыз, салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.