Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы Абай атындағы 130 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Тәуекел Кеңескүл Әлтайқызы
(Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші)
Жүргізуші: Ұлы тойын жеңістің, Мәңгі тойлай береміз. Дүние халқы тойлаған, Күнімізге сенеміз. Ешкімді де ұмытпай, Еске алып жүреміз. Мектеп қой еліміздің қаны, жаны, Мектептен басталады бәрі, бәрі. Киелі қасиетті шаңырақта, Шырқалсын Қазақстан әнұраны. (ән ұран орындалады) Жүргізуші: Адамзат аңсап күткен күн, Сұрапыл соғыс біткен күн. Жеңістің туын тіккен күн Нұр мерекесі көктемнің. Құрметті ардақты ағалар, ардагер ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мерекелік кешімізді соғыс ардагерлеріне өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір жанұяға, қайттып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әперген, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.
9 – мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі белгіленген. Міне, барлығымыз осы мерекені атап өтудеміз. Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап сіздерге зор денсауллық,отбасыларыңызға береке бірлік,мол байлық тілейміз. Бүгінгі кешіміздің қонақтары : Кеңес дәуірінде осындай елге елеулі, халыққа қалаулы, Ұлы Отан соғысының майдандарында от кешіп оралған Ұлы Отан соғыс ардагері Қожалақов Оразбай атамыз және ауған соғыс ардагерлері Баймаханов Әлсейіт ағаларымыз ортамызда. Сіздердей аталарымыз, ағаларымыз барда біздің ой қазынамыз ешқашан ортаймақ емес. Әнімізді бір шоқ гүлге балаңыз Аталардан сіздей үлгі аламыз Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Гүл жайнасын ұшан теңіз даламыз – дей отырып мына шырқалар әсем әсем әнімізді мерекелік тарту ретінде қабыл алыңыздар. Ән : (Мәншүк өлең) Жүргізуші: Бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзін мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Баекеева Рабиға апайға береміз. Ән : ( Сарбаздар)
Жүргізуші: Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны, Желбіре тулар, Толықсып тұрса май гүлі. Қуану керек ! Қуану керек ! Десек те, Ұмыту қиын қайғыны. Соғыстан, қан майданда оралмаған азаматтарымызды үнсіздікпен еске алайық ! (1 минут).Жеңіс әні. Жүргізуші: Ел үшін еңбік етсең, халқың сүймек, Біз үшін отқа,суға түсіп жүр!- деп Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес Неше мың жыл өтсе де тарих білмек – дей отырып: сөз кезегін тарих пәні мұғалімі Шілманова Галия апайға береміз. 1945ж 22маусымы 1945ж 9 мамырына арналған. Жүргізуші: Ұлы Отан соғысы халық үшін тарихта бұрын соңды болып көрмеген сын болды. Халықаралық имперализмнің ең басты да, қанқұмар қара күші Герман фашизмін талқандау үшін совет адамдары қолдан келгеннің бәрін жасады.Олар тылда,бәрі де майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін! деген ұранмен күні –түні бірдей қажымай талмай еңбек етсе, ал майданда «Отан үшін, бейбіт өміір үшін!»теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Сөйлеңдер, ал сөйлеңдер ардагерлер, Әкелер қатарынан қалған ерлер! Жеңістің тау мұзартын тамамдаған, Теңдесіз тарихтағы тарлан сіздер!
Ендігі сөз соғыс ардагері, ауылдың сыйлы қариясы О.Қожалақов ағайға беріледі. ( Мерекелік ән) Жүргізуші: Әркімнің өзі қан кешкен, Тарихы бар – ау айқасы Бәрі де өшпей қалды есте, Сыр тартып,тыңдап байқашы! Бейбітшілік кезінде Ауғанстанда әскери интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің ерлігі еш уақытта ұмытылмайды. Ауғанстанда борышын өтеп келген ағаларымызға, ауылдас ағаларымызға сөз беріледі. 7сынып оқушылары соғыс ардагерлеріне сұрақтар қойды. Жүргізуші: Кешімізді аяқтай келе,Ұлы Отан соғыс ардагерлері және осы кешке қатысқан мұғалімдер өз пікір ойларын білдірді. Әкелеріміздің бұл ерлігі мәңгі жасап,ұрпаққа ұран,елге мұра болып қала бермек. Енді ешқандай деймін соғыс болмасын, Өмір гүлі жайнап тұрсын солмасын. Аспанда тек ақ кептерлер қалықтап, Жер бетінде бейбітшілік орнасын! – деп Ешкім де ешқашан да, ұмытылмайды атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге, тыңдағандарыңызға көп рахмет!