Жобаның негізгі мақсаты: Б ө лме ө сімдіктеріні ң бірі кактусты ң т ү рлерін, ерекшеліктерін о қ ып ү йрену.
Жобаның міндеттері : Кактус өсімдігіне қатысты кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу; Кактустың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету; Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегімен танысу.
Бағыты: Жаратылыстану
Өзектілігі: Кактус өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.
Нәтижесі: Іздену нәтижесінде кактус шырынын пайдаланып жараны тазарту, қан тоқтату,жараға таңуға қолдану.
Опунцийдің жапырағы ұсақ 2-5 мм. Олар өте шырынды. Көктемде өте қысқа мерзімге пайда болады, одан кейін солып жерге түседі. Опунцийдің тұқымы ішінде өседі. Кактусты өте ертеден медицинада пайдаланады. Ол - ревматизм, жүрек ауруына, тері ауруына, қант ауруларына ем. Мысалы: 100 г опунцияның құрамында 1 г - белок, 0,2 г - май, 22 г - көміртегі, 40 мг - кальций, 56 мг - фосфор, 0,6 мг - темір, 4 мг - натрий, 331 мг - калий, 130 МЕ - А витамині(каротин), 0,02 мг - тиамин (витамин Е), 0,06 мг- балық майы (витамин В 2), 0,7 мг - ниацин, 45 мг - аскорбин қышқылы. Опунцияның каллорилығы - 84 килокаллорий. Кактус гүлдері өте әдемі, ал кактустың өзі әр түрлі, әрі қызық. Көбінесе бұл өсімдікті үйде өсіреді. Осы қызық өсімдік біздің үйімізде гүл ыдыстарына қатып қалған сияқты. Олар өте баяу өседі, сирек гүлдейді. Оларды тіпті суармай-ақ қоюға болады. Бұл жасыл дөңгелек тікенекшелер өмірге бейімсіз түр танытады. Бірақ осы сүйкімсіз өсімдіктер кенеттен, күтпеген жағдайда гүлдейді
Нотокактустың өне бойына бір мезетте бір немесе көп жұлдызға ұқсаған гүлдер шығады. Көп жылдық жаңғақ тәрізді дөңесқабырғалы кактусты бірнеше әдемі ашық, әрі нәзік гүлдер шығып әшекейлейді. Олар жай өседі, 3-5 жылда ғана гүлдейді. Ашылған гүлдері 5 күнге дейін немесе одан ұзақ тұрады. Нотокактус жаз мезгілінде гүлдей ді.
Селеноцереус кактусы Ең ірі кактус селеноцереус, оның ұзындығы - 24 см. Селеноцереус кактустардың ішінде ең әдемісі болғандықтан оны «Түн патшасы» деп те атайды. Оның ақ гүлдері түнде ашылып, күн шығысымен қайта жабылады. Оның хош иісі әтірге ұқсас. Кактустар баяу, жылына 2-3 см-ге өседі. Бұл кактустан жүрекке қажетті емдік дәрі жасалынады. Ол дәрі «Патшаның алтын емі» деп аталады. Кактустың емдік қасиеті жоғары.
Карезон кактусы Карезон кактусы қан тоқтатуға көмектеседі, өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Карезон кактусын қан тоқтатуға қолдану тәсілі: кактустың кішкене бөлігін таза пышақпен кесіп алып, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып таңып тастаңыз. 2-3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.
Лютер Бёрбанк Американдық селекционер, бағбан Американдық селекционер Лютер Бербанк бес жылдан аса уақытын жер жүзінен кактустың көптеген түрлерін жинап, оның биологиясын зерттеп, будандастырудың әдісін ойлап табуға жіберді. Бірақ, ғалымды жұмыстың ең қиыны алда күтіп тұр еді. Бұл жөнінде ғалым кейін былай деп естелік жазды:«Бес жылдан аса уақыт бойы кактустың гүлдеу кезін зерттеу мен үшін күні-түні бірдей азап болды. Әлденеше рет енді кактуспен жұмыс істемеспін деп шын жүрегіммен бекіндім. Сол кездегі өз жағдайымды еске түсіріп отырып, сол жұмыстарды қайталап шық десе, ешуақытта келісім бермес едім». Ғалым он мыңнан аса кактус өсімдігімен күні-түні жұмыс істеді. Толып жатқан қиындықтар ғалымның жолын кес-кестей берді. Мысалға, кактустың тозаңдануы күннің ең ыстық кезінде жүреді және бұл кезде гүлі 15 минут қана ашық тұрады. Ал, аптап ыстықта әр гүлдің ашылуын аңдып тұрып, мыңдаған гүлді қолдан тозаңдандыру керек. Бұл ғалымның қанша уақытын алып, жүйкесін жұқартқандығы өзінен-өзі түсінікті. Ақырында, ол тікенексіз кактустың өте құнды буданын алды.
Ғаламтор жүйесінен мағлұматтар іздестірдім
Биология пәнінің мұғалімі Шертаева Бегайым Шертайқызынан кактус өсімдігі туралы мәліметтер жинастырдым.
Қорытынды: Бөлмеде өсетін өсімдіктерге жақсы күтім керек. Бұларды дұрыс суару, топырағын қопсыту, таза ұстау, үстеп қоректендіру, берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін, түрлерін білу - әрбір оқушының міндеті. Жасыл өсімдіктер және солар арқылы табиғаттағы зат алмасуы жер бетінде тіршіліктің болуын қамтамасыз етеді. Жасыл өсімдіксіз жерде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Қазақта « Бір тал сындырсаң, он тал ек » деген өсиет бар. Қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін техникалық құралдарды жетілдірумен бірге өсімдіктерді кеңінен пайдаланудың тиімді екені келтірілген мысалдардан айқын көрінеді. Өсімдіктердің адамға тигізер пайдасы сан алуан. Олар тамақ та, киім де, құрылыс материалы да, мал азығы да болып табылады. Әсіресе, өсімдіктердің денсаулық сақтаудағы ролі ерекше, олар көптеген ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады, сондықтан өсімдіктердің әрқайсысын бағалап, оларды қорғай білуіміз керек. Мысалы, кактус өсімдігіне тоқталсақ: мал азығы да, су да, джем және варенье де, табылмайтын шикізат та бола алады. Кактус қан тоқтатуға көмектеседі, өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.Өзіміз мекендейтін аймақты көгалдандыру арқылы өсімдік байлығын көбейтіп, өз денсаулығымызды сақтауға да үлес қосамыз. Кактусты компьютердің қасына қояды.Өйткені кактус электр қуатын өзіне тартып алып біздің денсаулығымызға зиян келтіруден қорғайды.Сондықтан әрбір мектеп оқушысы жасыл желектердің досы болуды өзінің адамгершілік борышы деп қарауы керек. Сөзімнің соңында кактустың осыншама қызықты жайлары мен пайдасын білгеннен кейін сіздерді де кактусты жақсы көруге, оны күтіп баптауға шақырамын.
Ұсыныс: Егер біз кактус жайлы оқып білсек, онда бұл өсімдіктің көптеген сырларын ашар едік.