Өндірістік тәжірибе есебі Студент: Омарова Дана Курсы: 4 Мамандығы: Ақпараттық жүйелер Тәжірибеден өту орны: Қазпочта АҚ Өндірістік тәжірибе жетекшісі.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
Advertisements

Б АНКТІК СЕРТИФИКАТТАР. Орындаған: Кириченко А.с, фк-31. Тексерген:Тиштыкбаева А.Ж.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
1-ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ОРЫНДАҒАН: ӨМІРЗАҚ С.М. ТЕКСЕРГЕН: СМАГУЛОВА А.С. АҚТӨБЕ 2019.
Қазақстан Республикасы білім жане ғылым министрлігі
Параллельді аппараттық жабдықтау архитектурасы және параллельді бағдарламалау модельдері ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, 1- ЛЕКЦИЯ.
2017arouse.All Rights Reserved 1 Нұрғалым Дарын Орындаған: Нұрғалым Дарын Полат Нұрсұлтан Полат Нұрсұлтан Қарж. тәуекелдерді стат.талдау.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА Б Ұ ЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖА Ң А А Қ ПАРАТТЫ Қ СЕРВИСТЕРДІ ТИІМДІ Қ ОЛДАНУ Ж Ә НЕ ЕНГІЗУ МИК -411 Хайтбаева Н. Р Ғылыми жетекші : Кошанова.
Жем қ орлы қ. Жоспар Жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық Қорытынды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының III, IV, VI бөлімдерімен танысып, түсінік беру.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы.
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
LOGO Диплом жұмысының тақырыбы: «Халықаралық менеджмент: даму перспективасы мен болашағы» («Экономикалық Зерттеулер Институты» АҚ мысалында)
Орындаған: Кахарманова А.Б. ЕҚ 211. Ақпараттық технология – бұл объект, процесс немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін мәліметтерді.
Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, осы сауда саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей.
Аналық тақша қайда орналасқан? Порталдар дегеніміз не? Аналық тақшада нелер орналасқан атап шығыңыз? Шинаның неше түрі бар? Сақтау құрылғысын атаңыз Алмасу.
Орындаған: МНН-11 Мырзабекова Жанерке Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.
Дербес компьютерде іс – қағаздарын жүргізу жолдарын зерттеу.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасы.
Қаржы Омарова Нурия. Тарихы Біздің компания ата-бабамыздың ізін қуып, адамдарға қол ұшын беру мүмкіндігін ұсынады. Ежелгі заманда бабаларымызда.
Транксрипт:

Өндірістік тәжірибе есебі Студент: Омарова Дана Курсы: 4 Мамандығы: Ақпараттық жүйелер Тәжірибеден өту орны: Қазпочта АҚ Өндірістік тәжірибе жетекшісі : Абенов Болат Тәжірибе мерзімі:

Мазмұны Кіріспе I Бөлім. Өндірістік тәжірибе кезіндегі негізгі міндеттер мен шарттар Мекемеде тәжірибе өту Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері II Бөлім. «Қазпочта» АҚ өндірістік тәжірибе Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер «Қазпочта» АҚ тарихы III Бөлім. Жеке тапсырма Қорытынды Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе Мен Омарова Дана Алшынбайқызы, өндірістік тәжірибемді Қазпочта АҚ- да өттім. Тәжірибенің өту аралығы Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады. Өндірістік тәжірибе өткен жері: ОҚО Жетісай қаласы «Қазпочта» АҚ. Өткізілген уақыты: Мақсаты: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламаларды орынату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу.

І Бөлім. Өндірістік тәжірибе кезіндегі негізгі міндеттер мен шарттар Мекемеде практика өту Мекемеде әрбір студентке аталған мекемеден жетекші беріледі, сол жетекші студенттерді мекеме жұмыстарымен таныстырады. Олардың жұмыс істеуін жетекшілер бақылап отырады. Студент жетекшімен жұмыс орнына келіп, толық жұмыстардың күндерін программа арқылы күнтізбе жоспарын құрады. Жетекші практиканың жұмысын ұйымдастырады, күнтізбенің тәртібін бақылайды, студент жұмысының орны бойынша ауыстырылуы, студенттердің ішкі ережелерінің орындалу тізбегі,күнделікте сақталуы,қажетті есептемені қолдануға мүмкіндік берілуі, техникалық және де басқа да құжаттарға жауаптылығын қарастырып отырады. Жетекшінің қолтаңбасы бар мөр басылған студенттің зертхана күнделігі және есептеме шығарылған зертханада, өндірістік және жалпы жұмысқа арналған мінездемесі. Жетекшінің практика кезінде құқығы бар: студенттің жақсы жұмыс істеуін бағалауға, қажетті жағдайда факультеттің деканатына, университеттің ректорына өз уақытында мәлімет беру. 1. жыл сайын мекемелермен, ұйымдармен және мектептермен тәжірибе базасы ретінде келісім орнатылады, келесі күнтізбе жылына және оқу жылының басына дейін практика базаларымен келісіп, студенттердің практика өту күнтізбелік кестесі жасалады; 2. тәжірибе жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер және тәжірбиелі және мамандық ерекшеліктерін және практика базасының қызметін жақсы білетін оқытушылар тағайындалады; 3. студенттер практика өтетін кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және тәжірибеленушілерді тәжірибе бағдарламасымен қамтамасыз етеді; 4. ұйымға және студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтеуіне және оның орындалу мерзімдері мен мазмұнына бақылау жасайды; 5. керек болған жағдайда тәжірибеге жіберілген студенттердің медициналық тексерулерін ұйымдастырады. Өндірістік тәжірибе нәтижесінде мен компьютерде PHP, Java Script, HTML тілдерін және Colvir программаларымен жұмыс жасауды меңгердім.

1.2 Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері Студенттің тәжірибеден өту кезеңі басталғаннан бастап жұмыстық күшке еніп, еңбек қорғау ережесі және ішкі басқару ережесімен, кәсіпорын қозғалысымен, белгілі бір тәртіпте таныс болуға тиіс. Тәжірибе өту кезеңінде әрбір студент күнделік жүргізеді, және күнделікте олармен істелген күні белгіленеді. Тәжірибе өту аралығында студент міндетті: Ұжым бөлімінің жұмыстарымен танысу Техникалық –қауіпсіздік және еңбек құқығы ережесін қатаң қадағалау және оқу Тәжірибе орны бойынша ұжым өміріне, қоғамдық жұмыстарына қатысу Тәжірибе күнделігін жүйелі құру және өту туралы уақытында есеп жасау. Студент ұйымның әрбір бөлімінің қызметінің бағыты бойынша бөлімдермен танысуға міндетті. Ұйымға келегеннен бастап студент тәжірибе уақытын білуі керек, тәжірибе бағдарламасының есебін тәжірибе уақытында жүйелі пайдалануы тиіс. Ұйым өндірісі мен технологиясымен басқару жүйесімен танысу 2 күн, мәліметтер мен ақпараттарды жинау 2күн, тәжірибе бағдарламасы және жеке тапсырмаларды орындау, жұмыстарды қарау 4 күн, тәжірибе есебін құру 2күн. Графикте және күнделікте орын ауысуын белгілеп, өткен тақырыптарды бекітуі қажет. Студент тәжірибе орнына университеттің бұйрығымен келеді, тәжірибе жетекшілігіне сай ұйымда жұмыс істейді. Күн сайын ол орындаған жұмыс көлемін күнделікке жазып отыруы тиіс.

II Бөлім. «Қазпочта» АҚ өндірістік тәжірибе 2.1 Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер Ақша аударымдары мен пошта арқылы жіберілетін сәлемдемелерді аз уақытта жеткізіп беру, коммуналдық және басқа төлемдерді өтеу сияқты пошта бөлімшелері көрсететін дәстүрлі қызметтер қатары қазіргі заманғы қызмет түрлерімен толығуда. Елімізде интернет жүйесі қаншалықты дамығанымен, бандерольдар мен қағазға жазылған хаттар арқылы хабар алмасатындар әлі де баршылық. Бүгінде «Қазпочта» қызметіне 584 мың адам жүгінеді. Пошта байланысын тұтынушылардың дені ауыл тұрғындары. Пошталық тапсырыстарды қабылдау мен жіберуді операторлар «Colvir» және Кpilsбағдарламалары бойынша атқарады.

«Қазпочта» пошта байланысы кәсіпорны. Бұрынғы Байланыс министрлігінің құрамындағы біртұтас «Байланыс» саласынан 1993 жылы қазанда бөлініп шығып, дербес шаруашылық субъектісі болды жылы қарашадан республикалық мемлекеттік кәсіпорын. ҚР Үкіметінің «Пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны мен оған қарасты мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру туралы» 1999 жылы 20 желтоқсанда «Қазпочта» ААҚ болып қайта құрылды. Құрылтайшысы – ҚР Үкіметі. Мемлекеттің үлесі 100%. Ұйымдық құрылымы негізгі 4 деңгейден тұрады. Бірінші деңгей – облысы бөлімшелерге тікелей басшылық жасайтын, пошта жұмысын республикалық деңгейде ұйымдастырып, үйлестіретін орталық аппарат. Екінші деңгей 14 облысы бөлімшені 2 поштамптты (Алматы мен Астана) біріктіреді. Үшінші деңгей облысы бөлімшелерге бағынып, аудандар мен қалалар аумақтарында пошта жөнелтілімдерінің барлық түрлерінің қабылдануын, өңделуін, тасымалдануын және табыс етілуін қамтамасыз ететін пошта байланысының 20 қалалық және 154 ауданы тораптарынан тұрады. Төртінші деңгей 614 қалалық бөлімшені, 2774 ауылдық бөлімшені және 2 пошта тасу бөлімшесін қамтиды. Кәсіпорынның өз тасымал құралдары: 49 т. жылы пошта вагоны, 900-ден астам автокөлігі бар. Жылына орта есеппен 14 млн. хат тасиды.

«Қазпочта» ҚР Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес теңгемен және шет ел валютасымен операциялар жүргізеді; пошта жөнелтілімдерін, жедел поштаны қабылдау, тасымалдау және жеткізу жөнінде кәсіпкерлік қызмет көрсетеді; Бағалы қағаздар рыногінде делдалдық қызметпен айналысады. ТМД елдеріме н (Өзбекстаннан басқа) және алыс 14 шет мемлекетпен халықаралық пошта аударымы алмасылады. Бірыңғай байланыс орталығы 24/7: 1499 – «Қазпочта» АҚ сенім телефоны

2.2 «Қазпочта» АҚ тарихы Қазақстан почтасының терең тамырлы тарихи дәстүрі бар. Патшалық Ресейдің почта-телеграф байланысының мұрағаттық қорларынан белгілі болғандай, 1860 жылы Верныйде (Алматы қаласы) бірінші почталық байланыс бөлімшесі ашылып, көп ұзамай ол почта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды. Ал 1883 жылы оған 14 почталық байланыс бөлімшесі бағынатын болды. Кейінірек Сырдария облысының Тәшкенттегі почта кеңсесіне бағынатын Перовск (Сырдария өзені бойында) қалалық почта бөлімшесі, Ростов телеграф округінің Нарынқұм теміржол бекетіндегі Нарынқұм (хан ордасы) почта бөлімшесі, Орал губерниялық почта-телеграф кеңсесі, Петропавл уезінің Петропавл почта бөлімшесі, және басқалар ашылды.

1954 жылы 25 желтоқсанда КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілетті Басқармасы Қазақ КСР Байланыс министрлігі болып қайта құрылды, Почта және электр байланыстары сол министрліктің бірыңғай «Байланыс» саласын құрды. Алпысыншы жылдардың ортасында Қазақстанда толық қанды қызмет көрсететін 4000 байланыс бөлімшесі жұмыс істеді. Бұл кезеңде почта саласы тиімділікпен жұмыс істеді, бірақ, барлық табыс электр байланысын дамытуға жұмсалды.

III Бөлім. Жеке тапсырма Бұл бөлімде өндірістік тәжірибеден өткен кездегі негізгі атқарған жұмыстарым берілді. Мен «Қазпочта» АҚ тәжірибе кезінде ақпараттық технологиялар бөлімінде жұмыс атқардым.Бұл бөлімде ақпараттық технологияларға байланысты барлық сұрақтар қарастырылып, компьютердің жабдықтарына байланысты ақаулардың барлығы шешілді. Мен өндірістік тәжірибе кезінде кәсіпорындағы компьютерлермен және де компьютерде PHP, Java Script, HTML тілдерін және Colvir программаларымен таныстым. Бұл программамен почталық қызметте, қаржылық қызметтерде жұмыстар істеп тәжірибемді арттырдым.

Кәсіпорында бар аппараттық бағдарламалық құралдарды талдау Қазпочта АҚ аппараттық құралдар құрамы әр-түрлі болып келеді. Кәсіпорында жалпы саны 9 дана компьютерлер, 3 дана желілік принтерлер бар. Компьютерлердің жұмыс істеу қуаттылығына келер болсақ: Компьютерлер AMD және Intel фирмаларының процессорларымен жабдықталған. Басым көпшілігі Intel фирмаларының процессорларымен жабдықталған. Олардың тактілік жиліктері 1 гГц-тен - 3 гГц-ке дейін. Соккеттері 478- ден 775-ке дейін. Компьютерлердің жедел жадысына келетін болсақ, Chaintech APOGEE, PQI, Transcend фирмаларының 128 мегабайттан мегабайтка дейінгі жедел жадылармен жабдықталған. Жедел жады жиліктері де әр түрлі. Олар 166 мГц-тен 1066 мГц-ке дейін. Жады типтеріне келетін болсак, кәсіпорын компьютерлері DDR I, DDR II типті жадылармен жабдықталған. Басым көпшілігі DDR I және DDR II типті жедел жадылар. Модульдар ені көбінесе 64 bit болып келеді. Қатқыл дисктер көлемі әр түрлі болып келеді. Олар 40-тан 160 гигабайтқа дейін. Мониорлардың жалпы саны 9 дана. Мониторлар екі типті болып келеді. Олар CRT және LCD. Көпшілігі CRT (22) мониторлары. CRT мониторлары StudioWork және Flatron фирмаларынан шығады және де олардың диагоналдары 15-тен 17-ге дейін. LCD (14) мониорлары LG, Samsung фирмаларынан шығады. Олардың диагоналдары 17 см. Қазпочта операциялық жүйенің Microsoft Windows Professional түрі қолданылады. Ал бағдарламалық құралдарға келер болсақ, бұл мекемеде жұмыс үрдісіне сәйкес келесідей бағдарлама түрлері қолданылады: Microsoft Office 2003; 1С: Бухгалтерия 7.7 комплекстік бағдарламасы; Colvir Software Solutions: Ұлыбританияда негізі қаланған программа. Нарыққа оның сондай-ақ банкке арналған Colvir RS түрі шыққан болатын. Қазіргі таңда әлемнің 20 елінде жұмыс жасайды. Қазақстанда банктік сферада үлкен жетістіктерге жетті. Өте үлкен клиенттерінің бірі, Қазақстан Халық Банкі, UniCredit, ZiraatBank, Deutsche Bank, ING, Standard Chartered Bank, JP Morgan Chase, Credit Lyonnais Securities (Asia), First Capital ABN AMRO Equities, Habib Bank.

Пошталық тапсырыстарды қабылдау мен жіберуді операторлар «Colvir» және Кpilsбағдарламалары бойынша атқарады. Бұл программамен почталық қызметте, қаржылық қызметтерде жұмыстар істеп тәжірибемді арттырдым.

1. Почталық қызметтер Бұл бөлімде мен төменде көрсетілген қызметтермен таныстым:

ҚР аумағында жөнелту үшін Ішкі пошталық корреспонденция (Қазақстан Республикасы аумағында жөнелту үшін): хаттар (жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған); пошталық карточкалар (жай және тапсырысты); бандерольдар (жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған); Халықаралық пошталық корреспонденция (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жiберу үшiн қабылданатын, республика аумағына келiп түсетiн және Қазақстан Республикасы аумағынан бiр шет мемлекеттен екiншiсiне транзитпен өтетiн пошта жөнелтiмдері): хаттар (жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған); пошталық карточкалар (жай және тапсырысты); бандерольдар (жай, тапсырысты,); сәлемдемелер (тапсырысты); «М» қаптар (тапсырысты); Жөнелтушіге оларды қабылдағаны туралы түбіртек берілмей (почталық тіркеу нөмірін, сәйкестендіру штрих-кодын берусіз) қабылданатын және адресатына қолхат алусыз жеткізілетін хаттар мен бандерольдер жай жазбаша хат-хабарлар болып табылады.

Тіркелетін почта жөнелтімі почталық тіркеу нөмірі (сәйкестендіру штрих коды) берілген және жөнелтушіге почта операторының жұмысшысының тегі көрсетілген почталық мөртабанның немесе бақылаулық-кассалық машинаның мөр (атаулы модуль) бедері басылған түбіртек беріліп қабылданған жөнелтім болып табылады. Тіркелетін почта жөнелтімін табыс ету кезінде адресаттан қолхат алынады. Жай ішкі хаттар мен халықаралық хаттар арқылы жазбаша хабарлар және іс қағаздары, фотосуреттер, көркемсуретті ашық хаттар және өзге де ұқсас қағаз өнімдері сияқты төмен бағалы заттар жіберіледі. Жай ішкі бандеольдарда бланкілер, кітапшалар, плакаттар, газеттер, журналдар, кітаптар, маңыздылығы аз іскелік қағаздар, қолжазбалар, суреттер, альбомдар, дәптерлер, дәрілік шөптер, дақылдар, дыбыстық жазбалар және және өзге де ұқсас қағаз өнімдері сияқты төмен бағалы заттар жіберіледі. Жай халықаралық бандерольдермен баспасөз басылымдары, гравюралар, суреттер, пішу үлгілері, каталогтар, проспектілер, әртүрлі хабарландырулар, хабарламалар, әртүрлі баспа тәсілдерімен жасалған бедерлер мен репродукциялар, қолжазбалар жіберіледі.Жай почта бандерольдерінде ресми мекемелер зағиптарға (немесе зағиптардан осы ұйымдардың мекенжайына) секограммалар жіберуіне болады. Олар ДПО актілеріне сәйкес ақысыз қабылданады. Мақсаты жарияланған бандерольдарда тұтынушылық тауарлар, баспа беттері, көркем әдебиет, іскерлік қағаздар, дәрілер, конитерлік өнімдер және т.б. ұзақ мерзімді сақталадын азық-түлік өнімдері жіберіледі. Тапсыры берілген бандерольдерде: көркем әдебиет, өнер бойынша әдебиет, сот істері және сырттай оқитын студенттердің бақылау жұмыстары жіберіледі.

2. Қаржылық қызметтер Ақша аударымдары «Қазпочта» АҚ бүгінгі күні ақша аударымдарының төмендегі түрлерін ұсынады: «Сәлем, теңге!» ақша аударымының шарттары: 1. «Сәлем, теңге!» ақша аударымы теңгемен жүзеге асырылады. 2. Аударым жылдамдығы -1 минут! 3. Жеткізілім әдісі: Почта байланысы бөлімшелері арқылы; Интернет-сайт ( және мобильды қосымша (iOS және Android-та «post.kz») арқылы. 4. Аудару үшін тариф: Почта байланысы бөлімшелері арқылы – аудару сомасынан 1,5%, кем дегенде 200 теңге; Интернет-сайт және мобильды қосымша арқылы – аудару сомасынан 2,45%, кем дегенде 300 теңге. 5. Аударудың ең аз сомасы: Почта байланысы бөлімшелері арқылы -1 теңге; Интернет-сайт және мобильды қосымша арқылы – 500 теңге. 6. Аударудың ең үлкен сомасы: Почта байланысы бөлімшелері арқылы теңге; Интернет-сайт және мобильды қосымша арқылы – теңге. 7. Аударымдар мекенжайсыз болып келеді. 8. Аударымды жіберуші мен алушы үшін тегін SMS-хабарлама көзделген. 9. Сіздің өзіңізде ЖСН бар жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (ҚР азаматының паспорты, ҚР азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің ҚР-да тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдік паспорт, туу туралы куәлік) болуы қажет. 10. Аударымды алу үшін 15-белгілік код пен көрсетілген жасырын сөзді білу қажет. "Салем,тенге!" ақша аударымының шарттары

Халықаралық почталық ақша аударымының шарттары: Халықаралық почталық ақша аударымы теңгемен жүзеге асырылады. Сіздің өзіңізде ЖСН бар жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (ҚР азаматының паспорты, ҚР азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің ҚР-да тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдік паспорт, туу туралы куәлік) болуы қажет. Почталық ақша аударым операциясы

Зейнетақыны және әлеуметтік жәрдемақы төлеу «Сенім» зейнетақыны және әлеуметтік жәрдемақы төлеу «Қазпошта» АҚ 2002 жылдан бастап ҚР бойынша РМҚК ЗТМО зейнет/жәрдем ақы төлеу агенті болып келеді. «Сенім» қызметінің аясында, зейнетақы мен жәрдемақы алу үшін карточкалық шот ашқан әрбір жаңа клиент жыл бойы коммуналдық төлемдерді комиссиясыз төлей алады. Қызмет қолданушысына шот тегін ашылып, карточка үйіне дейін тегін жеткізіледі. Клиенттің шотына ақша түскен кезде, клиент SMS- хабарлама қабылдап, өзінің қаражатын бақылауға мүмкіндік алады. Карточкадағы ақшаны «Қазпочта» АҚ мен «Казкоммерцбанк» АҚ банкоматтарынан және POS-терминалдардан алғанда комиссия есептелмейді. «Қазпочта» АҚ зейнетақы мен жәрдемақыны міндетті санаттағы азаматтарға (ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, 80 жастан асқан зейнеткерлерге және дәрігердің қорытындысы бойынша ауруға шалдыққандарға) үйлеріне дейін тегін жеткізеді, ал басқа азаматтар әрбір жеткізілім үшін 200 теңге төлеп бұл қызметпен қолдана алады. Зейнетақы беру операциясы

Төлемдерді қабылдау Төлемдер қызметтердің келесі түрлерін қабылданады: онлайн және оффлайн мемлекеттік қызметтер; телефон, Интернет және кабельді теледидар; ұялы байланыс, несие өтеу екінші деңгейлі банктер; сақтандыру ұйымдарына төлемдер; тауарлар үшін төлем; оқу төлемдері; басып шығару және косметикалық өнімдерін жеткізу үшін төлемдер ; зейнетақылық және әлеуметтік аударымдар; салық және бюджетке төленетін басқа да көптеген операцияларды басқа да міндетті төлемдер. Коммуналдық төлемді қабылдау операциясы

Хат жіберу операциясы

Қорытынды Мен диплом алды тәжірибемді (практикамды) 18 қаңтар мен 13 сәуір 2016 жылы аралығында «Қазпочта» АҚ өттім. Диплом алды тәжірибемді өткен уақытымда, почта қызметінің түрлері туралы материалдар жинай отырып, диплом алды тәжірибем біткеннен соң, диплом алды тәжірибемнің есебін жаздым. Ұсынылып отырған тәжірибе есебімнің мақсаты – почта қызметі туралы теориялық және әдістемелік негізі туралы мағұлмат беру, оны ұғыну, оларға талдау жүргізуге көмектесу. Сонымен осы диплом алды тәжірибеден мен кәсіби ілімдерді тереңдету және почта қызметіндегі болашақ мамандардың қажетті іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, және өзімнің білім сапасын көтеру мақсатындағы дайындық жасадым.

Тәжірибе барысында келесі міндеттер қойылды : - почта қызметі туралы теориялық және әдістемелік негізінде мағлумат беру және оны талдау. - клиенттерге қызмет көрсету және касса операцияларын жүргізу бойынша почталық шоттар келісімдерін дайындау. - әр түрлі несиелік мәмілелерді рәсімдеу. - клиенттердің шаруашылық-қаржы жағдайын талдау және оның қорытындысын рәсімдеп тұжырымдауды; - шетел валютасы және бағалы қағаздар операцияларын жүргізуді; - төлем карточкалар бойынша құжаттама және оларды рәсімдеуді; - Жеке тұлғалардың салымдарын сақтауға қабылдау; - Қолма – қолсыз есеп айырсуларды ұйымдастыру және жүргізу. - Кассалық операцияларды жүргізу - почта қызметіне экономикалық талдау жүргізу; - Аудару операциялары: жее және заңды тұлғалардың ақшаларын аударуды орындау. - Төлемдерді қабылдау - Қаражатты депозитке салу үшін шарт жасау. - Шот ашу үшін заңды тұлғалардың құжаттарының тізімі - Төлем карточкаларының түрлері - Қолма қолсыз ақша аударымдары - Почта депозиттерінің түрлері және оларды ашу үшін құжаттар - Жеке тұлғаларды несиелендіру және құжаттар тізімі - Почталық шоттар келісімшарттарын дайындау және оларды рәсімдеу - Жеке тұлғалардың депозиттеріннен кіріс және шығыс операцияларын орындау - Халықаралық ақша аударымдары - Мұраға қалдыруға байланысты жеке тұлғаның шоттарын жабу, және мұрагерлерге бөлістіру - Лизинг операцияларын жүзеге асыру - Жеке тұлғаларға чек кітапшаларын беру - Ипотекалық несие жайлы жалпы түсінік және құжаттар - Western аударымы - Заңды тұлғаларды несиелендіру

Пайдаланылған әдебиеттер Абленов Д. О. «Аудит негіздері» Кәсіпорынның жарғысы Кәсіпорынның жалпы ережелері Кеулімжанов Қ. К «Қаржылық есеп» Алматы 2001 жыл Назаров В. Л «Басқару есебі» Алматы 2005 жыл Нурсейітов «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2005 жыл Назарбаев Н.А. Қазақстан – «Қазақстан халқына Президенттің жолдауы». Қазақстан Республикасының заңы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам құрылымы» туралы заң Қазақстан Республикасының «Салық және салық салу» туралы