Ермаханова Эльмира Әбдібайқызы химия пәнінің мұғалімі «Химия және Өмір» 9-сыныпқа химия пәнінен үйірме сабаққа арналған авторлық бағдарлама Қызылорда облысы,

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасы Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы география пәнінің I-санатты мұғалімі Қазақстан Республикасы.
Advertisements

Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.
Қолданбалы курс 10 сынып. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы 46 А. С. Пушкин атындағы орта мектебі Бекітемін: Мектеп директоры: Б. Сыздық « » 2008 жыл Адам.
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосы Абай атындағы орта мектебі Жанханова Тілекші Саясатқызы Химия және биология пәндерінің мұғалімі.
Жобаның тақырыбы: PISA тапсырмалары кіріктірілген тотығу-тотықсыздану реакциялары.
12 сынып 1 сынып. Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын.
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары Биология пәні 7 сынып Сабақтың тақырыбы 1 Жорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы 2 Жыландар,
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ. «Инклюзивті білім беру баланың қоғамдағы қиындықтарын бірлесе отырып жеңе білуге мүмкіндік береді» СЕМАГО.
Ойын - балалардың құзыреттлігін дамыту негізі. Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес,
Тақырыбы: «Ойын арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту».
Қызылорда облысы Шиелі ауданы 153 Ш.Есенов атындағы орта мектеп.
Абай атындағы ҚазҰПУ, Жаратылыстану-география институты Макымова Бағдагүл Тақырыбы: Биологиялық негізгі ұғымдарын қалыптастыру Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к.,
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын пайдалана.
«Жас мамандарды ң педагогикалы қ к ә сіптік шеберлігін арттыру» ( Жас мамандар ғ а ә дістемелік коучинг ) жыл.
ТАҚЫРЫБЫ: ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ, ТҮРЛЕРІ,ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. СЫНЫПТАН ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
Оспанова Гүлнар Айжарыққызы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің Жоғары санатты Химия-биология пәнінің мұғалімі.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі 2012 – 2013 оқу жылы Ы.Ноғайбаев атындағы 18 орта мектебі Биология пәнінің мұғалімі:Тұрманова Р.Т.
Сабақтың тақырыбы: «Тәуекелділік ұғымы және түрлері»
Қасенова Айгүл Мұхтарқызы Қазақ тілі сабағы 10 – А сыныбы «2 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекеме.
Транксрипт:

Ермаханова Эльмира Әбдібайқызы химия пәнінің мұғалімі «Химия және Өмір» 9-сыныпқа химия пәнінен үйірме сабаққа арналған авторлық бағдарлама Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Жанқожа батыр атындағы 70 орта мектеп

Үйірменің тақырыбы: «Химия және Өмір» 9-сынып Үйірменің түсінік хаты Бағдарлы оқыту кезеңінде 9 сыныпқа арналған жалпы білім беретін мектептің негізгі бағдарламаларымен сәйкестендіре, химия пәнінен «Химия және Өмір» атты үйірме бағдарламасы білім стандарты негізінде құрастырылған. Үйірме 9-сынып оқушыларына арналған. Ұсынып отырылған бағдарламада химия пәнінен оқушылардың химиялық құбылыс туралы білімдері және дағдысына сүйене отыра жасалған. Оқушылардың теориялық алған білімдерін толық меңгеруі қиындықтар тудырады. Сол себепті практика жүзінде алған білімдерін шыңдау мақсатында үйірменің алатын орны ерекше. Қазіргі адамның қоғам өмірінде, тұрмыста көптеген заттар қолданып, әсерін тигізуде. Химиялық заттардың қазіргі адамның өмірінде үлкен маңызы бар, себебі ол уақыт талабына байланысты. Бірақ химиялық заттарды дұрыс қолданбау да адамға көп залал тигізеді. Осыған байланысты қазір химизация деген жаңа ұғым пайда болды, ол адам өміріндегі химиялық заттарды дұрыс, ережеге сәйкес қолдану дегенді білдіреді. Химия және Өмір үйірмесі күнделікті өмірде қолданылып жүрген заттармен танысып, қолдану ережелерін біліп, іске асыру болып табылады. Құрастырылып отырған үйірме бағдарламасы тұрмыстық негіздегі тақырыптарды тереңдете меңгерте отырып, химиялық заттарды дұрыс пайдалану жолдарын үйретуге негізделген.

«Химия және Өмір» үйірмесінің негізгі мақсаты: химия пәнін оқытуда жағымды мотивация қалыптастырып, оқушылардың химиялық білімін тереңдету; негізгі бағдарламалық материалдарды жоғары дәрежеде меңгерту; оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, өз беттерімен еңбектенуіне дағдыландыру; оқушылардың химия пәніне ынтасын, қызығушылығының мүмкіндіктерін арттыру; ізденуге, шығармашылық әрекетке ұмтылдыру; оқушылардың білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оларға кәсіптік бағдар беру; оқушылардың практикалық және экологиялық дамуын көтермелеу; химияға байланысты болашақ мамандығына кәсіптік бағдар беру.

«Химия және Өмір» үйірмесінің негізгі бағыты практикалық сабақтар; үйірме барысында зерттеу жұмыстарын енгізу оқушылардың қабілетін дамыту. Күтілетін нәтиже: Оқушылар білуге тиісті: химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін; химиялық ұғымдарды дұрыс түсініп, заттарды дұрыс атауды; химиялық затарды тұрмыста қолданудың маңызын; табиғи ортаның ластануының себептері мен оны қорғаудың жолдарын. Оқушылар жасай алуға тиісті: тұрмыстағы химиялық заттарды дұрыс қолдану ережелерін; алған білімдерін практика жүзінде қолдануға; өздігінен ізденіп, теориялық білімге сараптама жасай білуге.

Бағдарламаның мазмұны: І. Кіріспе (2 сағат) Химия және Өмір үйірмесінің мазмұны, мақсаты, жұмыс жоспарымен таныстыру, тұрмыс химиясының кейбір бағыттары туралы жан-жақты білім беру. ІІ. Тағамның маңызы (2 сағат) Тамақтың құнарлылық маңызы мен дұрыс тамақтану ережелерімен таныстыру. Жасанды тамақ проблемасы туралы түсінік қалыптастыру. Тамақ құрамындағы май,белок, көмірсуларды анықтау мақсатында 1 сарамандық жұмыс жүргізу. ІІІ. Ыдыс-аяқ күтімі (2 сағат) Химия және ыдыс-аяқ тазалығын түсіндіру. Шыны, алюминий ыдыстарды және қазанды тазалауды үйрету. Ыдыс-аяққа арналған химиялық заттар жөнінде 2 сарамандық жұмыс жасау ІV. Химия және косметикалық заттар (2 сағат) Химия және косметикалық заттар, бет және тері күтіміне қажетті химиялық заттармен жұмыстар жасау. Косметика заттарының құрамындағы химиялық заттарды анықтауға байланысты 3 сарамандық жұмыс V. Шаш күтімі (2 сағат) Шашқа күтім жасау ережелері мен әдістерін таныстыру. Сусабын түрлері, олардың рН ортасын анықтауға арналған 4 сарамандық жұмыс. VI. Кір жуу (2 сағат) Кір жуудың ғылыми негіздері мен синтетикалық жуғыш зат түрімен таныстыру. Матадағы әр түрлі дақтарды кетіруге байланысты 5 сарамандық жұмыс. VIІ. Дәрілік өсімдіктер (2 сағат) Дәрілік өсімдіктер, олардың түрлерімен таныстыру. Химия және халықтық медицина туралы білім беру. VIІІ. Дәрілік заттар (2 сағат) Табиғи және синтетикалық дәрілік заттар туралы білім беру. Біздің қобдишамыздағы дәрілердің құрамын анықтау.Адсорбция жөнінде мәлімет беру. Сарамандық жұмыс 6 ІХ. Химия және бояулар (2 сағат) Химия және бояулар,еріткіштер, лактар туралы түсінік беру. Олифа құрамындағы өсімдік майын анықтауға арналған сарамандық жұмыс жүргізу. Сарамандық жұмыс 7

Х. Үй зиянкестеріне қарсы химиялық күрес (2 сағат) Үй зиянкестеріне қарсы химиялық күрес жолтарымен таныстыру. Зиянды жәндіктерге қарсы қоданылатын инсектицидтермен танысу. Сарамандық жұмыс 8 ХІ. Адам өміріндегі маңызды тұздар (2 сағат) Адам өміріндегі маңызды тұздар түрлері. Ас тұзы, мүсәтір спирті, ас содасы туралы түсінік беру. Ас тұзының құрамындағы иодты анықтау. Сарамандық жұмыс 9 ХІІ. Талшықтар химиясы. (2 сағат) Талшықтар химиясы. Табиғи, жасанды, синтетикалық талшықтар туралы жалпы түсінік. Талшықтардың құрамын анықтау. Сарамандық жұмыс 10 ХІІІ. Судың кермектігі (2 сағат) Судың кермектігі, оны жою жолдары туралы мәліметтер беру. Шәйнектегі қақты жою. Сарамандық жұмыс 11 ХІV. Тері илеу, сабын түрлері (3 сағат) Бағалы аң терілері, тері илеу технологиясымен таныстыру. Сабын түрлері, ертедегі сабын қайнату әдісі мен синтетикалық сабын өндірісі. Сарамандық сабақ 12. Сабын құрамындағы калий, натрийды анықтау ХV. Тұрмыстық химиялық зат (3 сағат) Асыл тастар, олардың химиялық құрамы, қазақша атауларымен таныстыру. Жиһаз, шыны, кілем жуатын химиялық заттар түрлері. Тұрмыстық химиялық затқа жарнамалар ұйымдастырып, альбомдар мен буклеттер дайындау. ХVІ. Танымжорық ұйымдастыру (1 сағат) РЗА сүт зауытына танымжорық ұйымдастыру ХVІІ. Қорытындылау (1 сағат) Пәнаралық байланыс: биология, физика, математика, география Кәсіпке бағдарлау: химик, сарапшы, технолог, инженер т.б мамандықтарды таңдау бағытында қолданылады. Уақыт көлемі: жалпы сағат саны – 34 сағат, аптасына 1 сағат.

р/ с Тақырып мазмұныСағат саныӨткізу формасыӨткізу күні І. Кіріспе (2 сағат) 1Химия тұрмыста үйірмесінің мазмұны, мақсаты, жұмыс жоспарымен таныстыру. 1Теориялық 2Баяндама. Тұрмыс химиясының кейбір бағыттары.1Теориялық-практикалық ІІ. Тағамның маңызы (2 сағат) 3Тамақтың құнарлылық маңызы. Дұрыс тамақтану ережелері. Жасанды тамақ проблемасы. 1Теориялық-практикалық 4Сарамандық жұмыс 1 Тамақ құрамындағы май, белок, көмірсуларды анықтау. 1Практикалық ІІІ. Ыдыс-аяқ күтімі (2 сағат) 5Химия және ыдыс-аяқ тазалығы.1Теориялық-практикалық 6Сарамандық жұмыс 2 Шыны, алюминий ыдыстарды және қазанды тазалау. Ыдыс-аяққа арналған химиялық заттар. 1Практикалық ІV. Химия және косметикалық заттар (2 сағат) 7Химия және косметикалық заттар, бет және тері күтіміне қажетті химиялық заттар. 1Теориялық-практикалық 8Сарамандық жұмыс 3 Косметика заттарының құрамындағы химиялық заттарды анықтау. 1Практикалық V. Шаш күтімі (2 сағат) 9Шашқа күтім жасау ережелері мен әдістері.1Теориялық-практикалық 10Сарамандық жұмыс 4 Сусабын түрлері, олардың рН ортасын анықтау. 1Практикалық Тақырыптық - күнтізбелік жоспар Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

VI. Кір жуу (2 сағат) 11Кір жуудың ғылыми негіздері. Синтетикалық жуғыш зат түрі. 1Теориялық- практикалық 12Сарамандық жұмыс 5 Матадағы әр түрлі дақтарды кетіру. 1Практикалық VIІ. Дәрілік өсімдіктер (2 сағат) 13Дәрілік өсімдіктер, олардың түрлері.1Теориялық- практикалық 14Химия және халықтық медицина.1Теориялық- практикалық VIІІ. Дәрілік заттар (2 сағат) 15Табиғи және синтетикалық дәрілік заттар1Теориялық- практикалық 16Сарамандық жұмыс 6 Біздің қобдишамыздағы дәрілердің құрамын анықтау. Адсорбция 1Практикалық ІХ. Химия және бояулар (2 сағат) 17Химия және бояулар, еріткіштер, лактар.1Теориялық- практикалық 18Сарамандық жұмыс 7 Олифа құрамындағы өсімдік майын анықтау. 1Практикалық Х. Үй зиянкестеріне қарсы химиялық күрес (2 сағат) 19Үй зиянкестеріне қарсы химиялық күрес.1Теориялық- практикалық 20Сарамандық жұмыс 8 Зиянды жәндіктерге қарсы қоданылатын инсектицидтермен танысу. 1Практикалық

ХІ. Адам өміріндегі маңызды тұздар (2 сағат) 21Адам өміріндегі маңызды тұздар Ас тұзы, мүсәтір спирті, ас содасы 1Теориялық- Практикалық 22Сарамандық жұмыс 9 Ас тұзының құрамындағы иодты анықтау 1Практикалық ХІІ. Талшықтар химиясы. (2 сағат) 23Талшықтар химиясы. Табиғи, жасанды, синтетикалық талшықтар. 1Теориялық- Практикалық 24Сарамандық жұмыс 10 Талшықтардың құрамын анықтау 1Практикалық ХІІІ. Судың кермектігі (2 сағат) 25Судың кермектігі, оны жою жолдары1Теориялық- Практикалық 26Сарамандық жұмыс 11 Шәйнектегі қақты жою. 1Практикалық ХІV. Тері илеу, сабын түрлері (3 сағат) 27Бағалы аң терілері, тері илеу технологиясы1Теориялық- Практикалық 28Сабын түрлері, ертедегі сабын қайнату әдісі мен синтетикалық сабын өндірісі 1Теориялық- Практикалық 29Сарамандық сабақ 12 Сабын құрамындағы калий, натрийды анықтау 1Практикалық

ХV. Тұрмыстық химиялық зат (3 сағат) 30Асыл тастар, олардың химиялық құрамы, қазақша атаулары. 1Теориялық- Практикалық 31Жиһаз, шыны, кілем жуатын химиялық заттар1Теориялық- Практикалық 32Тұрмыстық химиялық затқа жарнамалар ұйымдастыру, альбом дайындау 1Альбомдар, буклеттер ХVІ. Танымжорық ұйымдастыру (1 сағат) 33РЗА сүт зауытына танымжорық ұйымдастыру1Танымжорық ХVІІ. Қорытындылау (1 сағат) 34Қорытындылау1Қорытынды Үйірмені ұйымдастыру формалары: дәріс, сарамандық жұмыстар, есептер шығару, танымжорықтар ұйымдастыру. Үйірмені аяқтау формалары: реферат, қорытындылар Оқушылардың оқу жетістігін бағалау: танымдық тапсырмалар, жеке жұмыстар тапсыру.

Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттарды жарнамалау Сабақтың мақсаты: 1. Органикалық заттардың көп түрлілігін көрсетіп таныстыру, оны іс жүзінде пайдалана білуге үйрету 2.Оқушыларды болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу. 3.Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, бір-бірінің пікірін тыңдауға және баға беруге үйрету

Сабақтың түрі: Жарнама сабақ Сабақтың әдісі: Кіші жоба қорғау Сабақтың құрал жабдықтары: Оқушылар дайындаған органикалық зат үлгілері, қалдық заттардан жасалған киім үлгілері. Күтілетін нәтиже: 1.Органикалық заттардың көп түрлілігіне, олардың адам өміріне қажеттілігіне көздері жетеді. 2.Химияның қоршаған ортамен тығыз байланыста екенін біледі. 3.Жасаған заттарына талдау жасап қорытына жасауды үйренеді.

Болашақ технологтар органикалық заттардың түрлерімен таныстырады. 9 сынып оқушысы Сарабек Жомарт- болашақ тағам технологы: Химия сыр үйреткен парағың да, Химия игеретін сабағың да. Айналған өміріңнің өзегіне, Құрамына қосылған тамағың да.

9 сынып оқүшысы Күнібаев Нұрғабыл- болашақ ыдыс-аяқ технологы Бұл өмірде ең қажетті ырысың, Темір, шыны, фарфор, хрусталь ыдысың. Жарағанда қажетіне адамның, Химияның құдіретімен ұғыстым.

9 сынып оқушысы Шәкім Қаракөз-болашақ ыдыс жуатын заттар технологы: Химияның бар құпия жақтары, Кетіреді күйе мен май дақтарын. Ебін тауып жаға білсең болғаны, Тап-таза боп шыға келер дап-дайын.

9 сынып оқушысы Қуанышева Мөлдір- болашақ кір жуғыш заттар технологы Химия бұл ең қажеті тұрмыстың, Құрамында әр түрлі кір жуғыштың. Мақта, жібек, жүн, синтетика маталар, Ариэльдің көмегімен тазарар.

9 сынып оқушысы Әміржан Айбек- болашақ маталар технологы: Адам көркі болган мына өмірде, Химия жүр біз киінген киімде. Кереметті жасай білер химия, Сәндікпенен киініп жүр сүйін де.

9 сынып оқушысы Төребай Айжан- болашақ косметикалық зат шығарушы Химияның қолданса егер амалын, Жасалады опа бояу далабың. Иісмаймен әжіміңді кетірер, Қартайсаң да өңің тұрар жасарып.

9 сынып оқушысы Мәмбетәлі Гүлбақыт – болашақ оқу кұралда технологы: Химия бұл тұрмысымның тұрағы, Бір затыңды бірнеше ғып тұрады. Біліміне білім қосқан баланың, Оқушының мектептегі құралы.

9 сынып оқушысы Ахмет Айзере- болашақ ойыншықтар технологы: Айтылған жәйт дәлелді ойым-шыным, Химия кереметі ғасыр шыңының. Химиядан жасалған деп біліңіз, Балалардың бар қызығы-ойыншығы.

9 сынып оқушысы Сағаш Жалғас- болашақ фармацевт: Химия бар керегіңнің бәрінде, Қажетті ол жасың менен кәріңе. Химиялық жолмен жасап шығарған, Жанға қуат, емге шипа дәрім де.