Дайындаған:Ерболатова.А. 2 д-(Информатика-111). Тексерген: Байжуманова.Л.Т.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Орындаған :. Қоршаған о рта Экологиялық м әселелер т үрлері Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар Тұжырымдама Пайдаланылған ә дебиеттер.
Advertisements

Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек.
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Тақырыбы: Өсімдіктер,ормандар,жануар ларды қорғау Орындаған:Оразғали А Султанова Н.
Қылмыс пен жаза Орындаған: Жыргалбекқызы Анара 3 курс ЮП
Қазақстан жекеленген аймақтар мысалында су сапасын кешенеді және интегралды бағалау Орындаған: Саурбаев Н Тобы: 106 Б ФК Қабылдаған: Серікпаева Т.Т.
Орындаған: Мусарепова Диана ШТ-201. Адамзат жаһандық проблемалардың ауыр жүгін арқалап, XXI ғасырға қадам басты, олардың шешімі әлеуметтік прогресс және.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс.
Ей, Адамзат, ең алдымен досыңды ұқ, Досың Жер, Су, Жасыл орман, Өсімдік. Ала жүріп осылардың барлығын, Достарыңды қорлау деген не сұмдық! Адамзаттың ғаламдық.
Күн – Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол.
ҚР-дағы тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін бақылу және сертификаттауду жетілдіру жолдары.
Тақырыбы: ВМО Орындаған: Жүрсінәлі Алтынай Тобы: Бт-11 Тексерген: Капсалямов Бауыржан.
Биотехнология және экология және қоршаған ортаны қорғау проблемалары. Микроорганизмдердің көмегімен қоршаған ортаны бақылау. Қалдықсыз технология және.
АӨК салаларының құрамы, олардың құрылымы: технологиялық, территориялық, әлеуметтік, дамуды болжау мен жоспарлау ерекшелікері
«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің.
Басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым мен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе шетел және ресей ғалымдары.
Мұғалім туралы мәлімет. Аты-жөні Шотабаева Нұржамал Тұрсынбайқызы. Мектебі: С.Сейфуллин Туған жылы ж. Білімі: Жоғары Пед.өтілі: 20 жыл Бітірген.
Транксрипт:

Дайындаған:Ерболатова.А. 2д-(Информатика-111). Тексерген: Байжуманова.Л.Т.

1.Экологиялық дағдарыс ұғымы 2.Экологиялық дағдарыстың құрылымы 3.Экологиялық дағдарыстың себептері

5. ХХІ ғасырдағы ғаламдық проблемаларды шешу жолдары 4. ХХІ ғасырдағы экологиялық дағдарыс және табиғатты тиімсіз пайдалану.

«Экологиялық дағдарыс» ұғымы алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында сол уақытта өндірістік күштердің өсуі мен қоршаған ортаны қорғаудың арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуін бастан өткеріп жатқан дамыған капиталистік елдерде қолданыла бастады.

Қоршаған табиғи ортаның жай-күйінің нашарлауы және оның салдары - экологиялық дағдарыс көрінісінің тек бір ғана жағы Екіншісі, әлеуметтік жағы – қоғамның экологиялық қауіпсіздігі бойынша тиімді шараларды жүргізуді қамтамасыз етуге қабілетсіз мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың дағдарысы болып табылады

Ресей аймағының 20 пайыздан астамы экологиялық дағдарысты күйді бастан кешіруде, экологиялық қияпат белдемі ауданында қазіргі кезде 70 млн астам адам қалыпты мөлшер шегінен 5 есе жоғары денсаулық үшін қауіпті заттар тараған ауамен дем алып жүр. Халықтың тууы азайып, өлім-жітім көбеюде. Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 69,5 жыл, ол 44 капиталистік елдердегі адамдардың өмірінің орташа ұзақтығынан 8-10 жыл кем. Бұрынғы КСРО-да әрбір оныншы бала генетикалық кемістікті болып туды жылғы мәліметтер бойынша бұрынғы КСРО-ның 50 пайыздан астам халқының денсаулығы нашар, олардың ішінде 50 млн. Адам созылмалы ауру немесе кемістілер қатарына жатады. Әрбір төртінші әйел генетикалық жағдайына байланысты дені сау бала туа алмайды, әрбір төртінші еркек белсіздікпен ауырады.

Себептері Құрылымы Табиғи ортаның азғындауы Мемлекеттік құрылымдардың қайщылықты жеңуге қабілетсіздігі ОбъективтіСубъективті Қару-жарақты жаппай шығару, мемлекет қаржысын орынсыз бөлу және шығындау Табиғи ресурстар мен өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік монополиясы Экологиялық нигилизм

Өндірісті экономикаланды ру Технологияны экологияландыру Әкімшілік-құқықтық ықпал ету Экологиялық ағарту Халықаралық- құқықтық қорғау

Адамның антропогенді әрекеттілігінен шығып жатқан табиғи ортаны сарқу, ластау және бүлдірудің себептерінің ішінен объективті және субъективті себептерді бөлуге болады. Біріншіден, бұл жер табиғатының өздігінен тазалануға және өздігінен реттелуге деген шекті мүмкіндіктері. Белгілі бір уақытқа дейін жер табиғаты адамзат өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеп, тазалап, сонымен өзін олардың зиянкесті әсерінен қорғайды. Алайда оның мүмкіндіктері шектеулі. Екіншіден, бұл жер территориясының бір ғаламшар аясында физикалық шектеулігі. Осының салдарынан пайдалы қазбалардың – адам пайдаланатын тас көмірдің, мұнайдың және т.б. қорлары біртіндеп жұмсалып, одан кейін мүлде түгесіледі. Үшіншіден, бұл табиғаттағы өндірістің қалдықсыздығы және адамзат өндірісінің қалдықтылығы. Табиғатта өндіріс тұйық цикл бойынша жүзеге асырылады. Одан қалдық шықпайды. Төртіншіден, бұл адамның табиғаттың даму заңдылықтарын табиғатты пайдалану мен тәжірибе жинақтау үрдісінде тануы және пайдалануы.

Экологиялық надандық – адам мен қоршаған ортаның өзара байланысының заңдарын меңгеруге талапсыздық. Экологиялық нигилизм – бұл заңдарды басшылыққа алуға талпынбау, аталмыш заңдарды елемеушілік Осы фактордың екеуі де қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді.

Адамзат пайда болғанға дейінгі тарихта және адамзат тарихында мынадай экологиялық дағдарыстарды бөледі: Тірі нәрселердің мекендеу ортасының тік жүретін антропоидтардың– адамдардың тікелей бабаларының пайда болуына әкелген тарихқа дейінгі және антропогендікке дейінгі өзгерістері; Адамға қолайлы, қарапайым кәсіпшілік пен жинақтаушылық ресурстарының біршама бірлестігі, ол өсімдікті оның жақсы және ертерек (көктемнің келуімен, жылдың ылғалды кезеңімен) өсуі үшін қурату тәрізді стихиялы биотехникалық шараны себептейді; Алғашқы антропогенді экологиялық дағдарыс – ірі жануарларды жаппай құрту – оның артынан келген ауыл шаруашылығының экологиялық төңкерісімен байланысты «консументтер дағдарысы»;

Жердің сортандануы мен қарапайым суармалы егістіктің құлдырауының, оның Жер бетіндегі өсіп келе жатқан халықтар үшін жеткіліксіздігінің экологиялық дағдарысы; Қоғамның өндірістік күштерінің қарқынды дамуымен байланысты өсімдік ресурстарымен жаппай құруы мен жетіспеушілігінің экологиялық дағдарысы («продуценттер дағдарысы»); бұл экологиялық дағдарыс минералды, өндірістік ресурстардың азаюын, ал содан кейін ғылыми- техникалық төңкерісті жанама түрде тудырды; Ғылыми-техникалық төңкерістің - өнімдердің реутилизациясы мен технологиялық циклдердің шартты тұйықталуының жоғарғы сатысы сәйкес келетін жол берілмейтін ғаламдық ластану қауіпінің қазіргі дағдарысы

«Редуценттер дағдарысымен» бір мезгілде дерлік екі экологиялық шиеленіс – термодинамикалық (термодинамикалық дағдарыс) және ірі экологиялық жүйелердің сенімділігінің кемуі келеді. Олар Жердің жер беті қабатында энергияны өндірудің экологиялық шектеулермен және табиғи- экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуымен байланысты. Бұл жақын болашақтың экологиялық дағдарыстары энергетиканы түбегейлі өзгерту және кең көлемдегі экологиялық жоспарлаудың негізінде шешіледі

Адам қазіргі кезде шамамен жылына млрд. т қатты тау жыныстарын өзіне белгілі барлық тәсілдерімен өндіріп, оларды қоршаған ортаға шығарып отыр. Химиялық элементтер мен эрозия өнімдерін құрлықтан мұхитқа шығару жалпы табиғидың 50 %-не жетті және жылына 40 млрд. т асып отыр. Мұның барлығы енді міне, ХХІ ғасырда табиғи ресурстардың таусылуы тәрізді ғаламдық проблеманың туындағанын білдіреді. Ғаламдық экологиялық жағдайдың өзгеруінде биосфераның тұрақтылығының бұзылуына әкеліп соғатын табиғи экожүйелердің бүлінуіне ерекше мән беріледі. Еуропада, Солтүстік Америкада және Жапонияда аумақтар көбірек деңгейде бұзылған. Халқының тығыздығы жоғары дамушы елдер де жер бетіндегі экологиялық жағдайдың тұрақсыздануына өз үлестерін қосуда. Адам қазіргі кезде шамамен жылына млрд. т қатты тау жыныстарын өзіне белгілі барлық тәсілдерімен өндіріп, оларды қоршаған ортаға шығарып отыр. Химиялық элементтер мен эрозия өнімдерін құрлықтан мұхитқа шығару жалпы табиғидың 50 %-не жетті және жылына 40 млрд. т асып отыр. Мұның барлығы енді міне, ХХІ ғасырда табиғи ресурстардың таусылуы тәрізді ғаламдық проблеманың туындағанын білдіреді. Ғаламдық экологиялық жағдайдың өзгеруінде биосфераның тұрақтылығының бұзылуына әкеліп соғатын табиғи экожүйелердің бүлінуіне ерекше мән беріледі. Еуропада, Солтүстік Америкада және Жапонияда аумақтар көбірек деңгейде бұзылған. Халқының тығыздығы жоғары дамушы елдер де жер бетіндегі экологиялық жағдайдың тұрақсыздануына өз үлестерін қосуда.

«демографиялық күрт өсудің» ықпалымен қалыптасатын және адамзаттың тіршілік етуіне қауіп төндіретін себептердің кейінгі қалдырылатындығымен сипатталатын қоршаған орта күйіндегі проблемалық жағдайлар жиынтығы.

Қазіргі таңда экология мөселесі атом қаруынан да қауіпті. Себебі экология қазір ғаламдық проблемалық сипат алып отыр. Кез келген өркениетті ел өзінің экологиялық мөселесін шешуде ең қауіпті деген экологиялық апатты аймақтарын БҰҰ-ның алдына мәселе етіп қояды. Біздің елімізден Елбасы БҰҰ-ға Арал мәселесін қойып отыр. Экологиялық қауіп дегенде алдымен XX ғасырдың ортасынан бастап ғаламдык экологиялық апатты аймақтардың ерекше көбейіп кеткендігін айтқан жөн. Бұл-ғылыми-техникалық прогрестің кері сипаттағы нәтижесі

Ғаламдық экологиялық мәселелердің қазіргі алдында тұрған ең өзекті нәрсе - бүткіл ғылымның осы кезге дейінгі және болашақтағы жетістіктерін адамға, адамның өміріне, соған бағыттай отырып, соған сәйкес толыққанды тұжырымдама жасау. Қазір біздің алдымызда тұрған негізгі міңдет те осы - адамның болашағына экологиялық қауіптің тигізетін зияны мен зардабынан қорғану мәселесі болуы керек. Алысқа бармай-ак, қарапайым нәрседен қозғасақ, улы тағам, спиртті ішімдіктердің өзінен қаншама адам өмірін улап, көктей солуда, Алматы қаласындағы байлардың таудың басына дейін зәулім үйлер тұрғызуы, оның үстіне қаптаған машинадан бөлініп жатқан улы заттар ауамызды қалайша ластауда? Міне, осындай жайларды ғылыми тілде аша отырып, соған сай толыққанды тұжырымдама жасауымыз керек.

Қорытынды Қазіргі экологиялық дағдарыстың негізгі ерекшелігі және бұрынғылардан басты айырмашылығы – оның бүкіл ғаламдық сипаты. Ол біздің бүтін ғаламшарымызға таралуда немесе таралу қаупін төндіріп тұр. Сондықтан да жаңа аумақтарға қоныс аудару арқылы дағдарыстан шығудың дәстүрлі іс жүзінде жүзеге аспайды. Бұл дағдарыстан шығу жолдарын тек өндіріс тәсілдерін, табиғи ресурстарды пайдалану мөлшерін және тұтыну нормаларын өзгерту арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Қорытынды Қазіргі экологиялық дағдарыстың негізгі ерекшелігі және бұрынғылардан басты айырмашылығы – оның бүкіл ғаламдық сипаты. Ол біздің бүтін ғаламшарымызға таралуда немесе таралу қаупін төндіріп тұр. Сондықтан да жаңа аумақтарға қоныс аудару арқылы дағдарыстан шығудың дәстүрлі іс жүзінде жүзеге аспайды. Бұл дағдарыстан шығу жолдарын тек өндіріс тәсілдерін, табиғи ресурстарды пайдалану мөлшерін және тұтыну нормаларын өзгерту арқылы ғана жүзеге асыруға болады.