Сақтандыру сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қарағанды ж. Мамандық : 5B – « Заңтану » Жұмыс түрі : Дәріс Азаматтық құқықтық қатынастар Автор :
Advertisements

Кәсіпкерліктің жіктелуі,түрлері және ұйымдастыру нысандары.
Азаматтық құқықтық қатынастар
Мемлекет қаржысы
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Жер қойнауын.
Акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде.
Қарағанды ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік Е. А. Бөкетов атындағы университеті Мамандық : 5B –
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ОРЫНДАҒАН:АДИЛЬБЕКОВА А.С.
Орындаған: Байзақ Е. Қабылдаған: Есжанов Ғ. Тобы: 101 «Б»ФӨТ Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Конституция деген сөздін латыннан аудармасы құрылғы, жарғы, заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең.
Тұлғаның әлеуметтенуі SLAID-KZ.RU. Тұлға – әлеуметтанудың өзекті проблемалары- ның бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің.
Фирма және кәсіпкерлік теориясы Кәсіпкерліктің әлеуметтік- экономикалық мәні және оның сипаттық белгілері.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ : ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ Орындаған : Карамендиева А ТобЫ : Қабылдаған : Усипбекова М.
Басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым мен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе шетел және ресей ғалымдары.
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік адамзат.
Д Ә РІС 14 ТА Қ ЫРЫБЫ: Стандарттау категориясы. Стандарттау т ү рлері.
Транксрипт:

Сақтандыру сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.сақтандырушылар

Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен,зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру). Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады. Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді. Мүлікті сақтандыруда сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі шын құнынан (сақтандыру құнынан) аспауға, ал сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру өтемі сақтанушының немесе үшінші бір тұлғаның сақтандырылған мүлкіне келтірілген тікелей зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Жеке адамды сақтандыруда сақтандыру сомасын сақтанушы сақтандырушымен келісе отырып белгілейді.Қазақстан РеспубликасыныңзейнетақыменбилеуменҚазақстан РеспубликасыныңҚРрезиденттері

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің, үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріc процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді: 1) қатынастардың ықтималдық сипаты; 2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде). Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар: сақтық қатынастарының ақшалай сипаты; сақтандырудың қоғамдық өнімінің кұнын қайта бөлуге қатысуы; оның ic-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады; сақтық қатынастарының біp бөлігінің міндетті сипатының болуы; ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Олалдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиістi түрлерінің жинақтық функ­циясына бүгіледі. Бақылау функциясы сақтық төлемдердің жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономи­ калық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелсақтандырудың негізгі арналымымен қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтандырудың мынадай түрлері бар:Салалық белгілері бойынша: Өмірді сақтандыру нарығы болып азаматтардың өмірі, деңсаулығы және енбекке жарамдылығы табылады. Мүлікті сақтандыру нарығы, оның обьектілері болып жер, әуе және су көлігі, жүктермен байланысты басқа да мүліктер, қаржылық тәуекелдік табылады. Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.

Ипотекелық сақтандыру, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару. Ұлттық сақтандыру нарығы – жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет ету сферасы. Институционалды түрде ұлттық сақтандыру нарығы сақтанды ру ұйымдарынан, арнайы қайта сақтандырушы ұйымдардан, сақтандыру брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық сақтандыру нарығындағы барлық қызмет ұлттық сақтандыру заңы шегінде жүргізіледі. Бұл заңның орындалуын бақылау мемлекеттік сақтандыруды бақылау органына жүктелген. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарықтары АҚШта, Ұлыбританияда, Германияда және басқа да бірқатар елдерде қалыптасқан. Ұлттық сақтандыру нарығында Үкіметте, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық келіссөздерде сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін ұсынатын ұлттық сақтандыру ассоциациялары қызмет етеді.

Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін болсақ, Сақтандыру қызметі туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушылары: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтандыру брокері; сақтандыру агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар.

Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға; Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді. Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам;

Сақтандыру компаниялары туралы қазақша реферат Сақтандыру компаниясы– азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға. Дамыған Батыс елдерiндегi қазiргi таңдағы сақтандыру нарығының даму деңгейi сақтандыру iсiн монополизациялауды күшейтедi. Осыған байланысты оны төрт түрлi ұйымдастырушылық формасына бөлуге болады. 1) Көлденең интеграция – аз iрi сақтандыру компаниялардың қолына сақтандыру қызметiн бiрiктiру. 2) Тiгiнен интеграция – сақтандыру компаниялардың басқа сфераға өтуi. 3) Ұлтаралық сақтандыру компаниясы сақтандыру iсiнде кең тараған жоқ. 4) Диверсификация – сақтандырушының әртүрлi кәсiпорын салаларында қызметтерiнiң кеңеюi. Батыстың индустриалды дамыған елдерiне сақтандыру нарығында диверсификацияның келесi негiзгi типтерi бар. – сақтандыру компаниясы концерннiң бiр бөлiгi болады. – сақтандыру компаниялары кәсiпорын иесiне айналады. – сақтандыру компаниялары қаржы-несие саласында еншiлес компаниялар құрайды.

Акционерлiк сақтандыру қоғамы акция сату арқылы ақша құралдарын орталықтандыру негiзiнде сақтандыру қорын ұйымдастыру түрі. Ашық және жабық акционерлiк қоғамдар түрі бар. Акционерлiк сақтандыру қоғамы – өз қаржысы бар, мақсаттары анықталған заңды тұлға. Акционерлiк сақтандыру қорының жоғарғы органы акционерлердiң жалпы жиналысы. Жиналыс жылына бiр рет өтедi, ал ағымдағы iстерiмен директорлар кеңесi айналысады. Акционерлiк қоғамның оперативтi-қаржылық қызметiн тексерумен сайланған тексеру комиссиясы айналысады. Тексеру комиссиясы жұмысының нәтижесi акционерлер жиналысында оқылады. Сақтандыру компаниясының орындаушы органы дирекция болып есептеледi, ол басқару қызметiмен айналысады. Дирекция компетенциясы жалпы жиналыста анықталып, жарғыда бекiтiледi. Акционерлiк сақтандыру қорының жарғылық капиталы акция көмегiмен құрылады. Сақтандыру компаниясының өкiметтiлiгi ақпарат жинаумен, жарнамамен, клиенттер iздеумен айналысады, бiрақ коммерциялық қызметпен айналыспайды. Сақтандыру компаниясы агенттiгiне өкiлеттiлiктiң барлық қызметiмен айналысуға рұқсат берiлген. Сақтандыру компаниялары филиалы заңды тұлға құқықсыз ерекше сақтандырушының бөлiмi. Аффилиривтi сақтандыру компаниясы – бақылау акцияларынан пакет акциясы аз акционерлiк сақтандыру компаниясы. Өзара сақтандыру қоғамы – мүшелерiнiң қатысуы үлестiк орталықтандырылған құралдар негiзiнде ұйымдасқан сақтандыру қоры. Іоғам қатысушылары сақтанушы және сақтандырушы ретiнде шыға алады. Сақтандырушы қоғам мүшесi болып, жылдық қызмет нәтижесiн кiрiс немесе шығынды бөлуге қатысады.

Сақтандырудың түрлері. Міндетті дәрежелері бойынша: А) ерікті; Ә) міндетті; Сақтандыру объектісі бойынша: А) жеке; Ә) мүліктік. Міндетті сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелмеу керек). Ерікті түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру. Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы жеке басын сақтандыруға жатады. Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық-құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік сақтандыруға жатады. Азаматтығы жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін ҚР аумағында жүзеге асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар, ҚР заңды тұлғалары және азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады.

2007 жылдың тамызында АҚШ ипоте­калық жүйесінде басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы қалай мақтансақ та бізді «тәлтіректетіп» кетті. Егер ұлтымыздың кө­реген Көшбасшысы дер кезінде көмек қолын созбаса еліміздегі ең алып қаржы институттарының 90 пайызы өздерін де­ фолт деп жариялар еді. «Қазкоммерцбанк», «БТА Банк», «Альянс банк», «Темірбанк» секілді қаржы институттары акцияларының басқару пакетін «Самұрық-Қазына» әл- ауқат қоры арқылы мемлекеттің иеленуі бұл сөзімізді дәлелдеп тұр емес пе? Содан бері, міне, биыл ғана бұл қаржы инсти­тут­тарының «есеп-қисабы» жөнделіп, олар енді ғана қайтадан жекеменшік коммер­циялық банк деген қасиеттерін сақтап қа­­латын болды.

Сақтандыру Орындаган Балабекова Санду ғ аш Джулдасбаева Қ арлыгаш