Қазақ халқының үш жүзге бөлінуі. Жүздердің шығу тарихы. Олардың халық өміріндегі маңызы. Үш жүздің рулары.
1456 жылы Қазақ хандығы құрылып, көрші елдерге таныла бастайды. Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті қыпшақ, Керей хандығы т. б. мемлекеттердің ұйытқысы болған туысқан тайпалардың көпшілігі Қазақ хандығының туы астына топтасты және оның аумағы кеңейді. Қазақ хандығына сол қазіргі Қазақстан аумағы түгел қарап, қазақ тайпалары мен қырғыз, қарақалпақтар т. б. топтасып, жылдарда Ақназар ханның қол астына кірді. « Жүз » ұғымы осы кезде пайда болды деушілер бар. Ал кейбір зерттеушілер « жүз » ұғымы бұған дейін пайда болып, Қазақ хандығы сол бөліністі сақтап қалды дейді. Қалай болғанда да, « Жүз » деп аталатын әкімшілік - аймақтық құрылым кең байтақ аймақты басқарудың және жаудан қорғаныс ұйымдастырудың тиімді жолы болып қалыптасқан. Ата қонысы, шаруашылығы, туыстық қарым - қатынастары бір - біріне жақын тайпалар мен рулар Жүздік бөліністі құрады. Тәуке хан билік құрған кезеңде ( ) хандықтың Жүздік құрылымы күшейіп, жергілікті билік пен орталық биліктің арақатынасы нақты айқындалды Қазақ хандығының аймақтық тұрғыдан үш жүзге бөлінуі халықтың ынтымақтастығы мен біртұтастығын, қауіпсіздігін сақтаған.
Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған Тәуке ханның заманында (1680 – 1718) Ұлы жүздің тікелей билеушісі Төле би болды. Тәуке хан, одан соң Болат хан өлгеннен кейін, әр жүзде хандықтар пайда болған кезде Ұлы жүзге Жолбарыс хан сайланды да, ол Ресеймен жақындасу амалын іздестірді. Бірақ, Жолбарыс хан 1739 жылы бәсекелестер қолынан қаза тауып, елді оның мұрагерлері басқарған. XVIII ғасырдың 40 – жылдарында Ұлы жүз тайпаларының кейбір бөлігі Ресейге бодан болды. Бірақ бұл өңірдің Ресейден тым шеткері орналасуының нәтижесінде патша өкіметінің әмірі Ұлы жүз еліне шын мәнінде XIX ғасырдың ортасына дейін жүре қоймады. Ұлы жүз жұртшылығы сан рет шетел басқыншыларының шабуылына душар болды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар шабуылының зардабын шекті. XIX ғасырдың басында Ұлы жүз мекенінің едәуір бөлігі Қоқан хандығының өктемдігін мойындауға мәжбүр болса, осы ғасырдың ортасында Ресей патшалығына бодандыққа еріксіз мойынсұнды жылы патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін Батыс – Сібір генерал – губернаторының құрамында Үлкен орда приставствосын ( басқармасын ) құрды. XIX ғасырдың 70 – жылдарында Түркістан генерал – губернаторының құрылуына байланысты, оның құрамында Жетісу және Сырдария облыстары құрылды да, олар уездерге, облыстарға және ауылдарға бөлінді. Ұлы жүз қазақтарын патшалы Ресей тарапынан осылайша басқару жүйесі Қазан төңкерісінің жеңісіне дейін созылды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген.
сарыүйсін ; сарыүйсін шапырашты ; шапырашты ошақты ; ошақты ысты ; ысты албан ; албан суан ; суан дулат ; дулат сіргелі ; сіргелі қаңлы ; қаңлы жалайыр ; жалайыр шанышқылы. шанышқылы Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды.
Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады ( оларды " алты арыс " дейді ): арғын ; арғын найман ; найман қыпшақ ; қыпшақ қоңырат ; қоңырат керей ; керей уақ. уақ
Кіші жүз тайпалары Кіші жүз қазақтарына : байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIXXX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды байұлы әлімұлы жетіру