Археологтардың зерттеуіне сүйенсек, аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді. Ежелгі мәдени ескерткіштердің.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Пияз тұқымдастар. Пияз тұқымдастар – даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын даражарнақты өсімдіктер (83-сурет). Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты.
Advertisements

Жобаның негізгі мақсаты: Б ө лме ө сімдіктеріні ң бірі кактусты ң т ү рлерін, ерекшеліктерін о қ ып ү йрену.
Ойын кезеңдері: 1 - кім көп біледі? 2 - суретте не бейнеленген? 3 - Сен білесіңбе? (мақал-мәтел) 4 - Сандықта не бар?
Дәнді-дақылдар және олардан алынатын өнімдер Орындаған: ФН-305 топ Әнуарбекова Аяулы Тексерген: Нургазезова А.Н.
Орындаған: ЖАРЫЛКАСЫН АРАЙЛЫМ Алматы Технологиялық Университеті Тағам Өндірістері Факультеті Алматы,2018 ж. Тақырыбы: Жасымық ұнын нан кондитер өндірісінде.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алқа тұқымдас өсімдіктер туралы мағлұмат беру,олардың ортақ белгілерімен адам өміріндегі маңызын айту. Дамытушылық: оқушылардың.
1. Лездемелік сұрақтар: 1. Лездемелік сұрақтар: 1. Құлқайыргүлділер тұқымдасы қай класқа жатады? 2. Құлқайыргүлділер тұқымдасының қанша түрі бар? 3.Қазақстанның.
Дұрыс тамақтана білеміз бе?Дұрыс тамақтана білеміз бе?
Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер.
Дұрыс тамақтана білеміз бе?. 1. Тамақтану тәртібі 2. Тамақтанудың негізгі ережелері 3. Тамақтану процесінің принциптері 4. Тамақ ішу тәртібі.
Мақсаты: Тыныс алу жүйесі мүшелерінің орналасу аймағын және құрылысының ерекшелігін: мұрын қуысын, көмейді, кеңірдекті, бронхтарды, бронх ағашын, өкпені,
Менің жобамның мазмұны: І. Кіріспе 1.1. Нан қасиетті тағам ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Нанның ұлылығы 2.2. Нан мен бауырсақтың пайдасы 2.3.Бауырсақ және бауырсақтың.
Фирма және кәсіпкерлік теориясы Кәсіпкерліктің әлеуметтік- экономикалық мәні және оның сипаттық белгілері.
Ауыл шаруашылығы. Бидай Күріш Қарбыз ҚауынАсқабақ.
ФИЗИКА П Ә НІ. Бұл сәулелер 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Рентген ашқан. Рентген өзіне дейінгі көптеген ғалымдардың мән бермеген және аңғара алмағандарын.
Қара бидайдан ұн алу. Ұн наубайхана өндірісінің ең негізгі шикізаты болып табылады. Қазіргі кезде наубайханалық бидай ұнының 5 сұрыбы өндіріледі: жармалар,
Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті Тақырыбы: Сүтті бағыттағы ешкілер Орындаған:Шамшадинов.Н Тобы:ТПЖ 16-1.
Жүзе білудің маңызы. Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде.
Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары аз қимылдау, мөлшерден тыс тамақ ішу, спиртті сусындарды ішу, темекі тарту жүрек іс әрекетін нашарлатады, ал бұл.
Транксрипт:

Археологтардың зерттеуіне сүйенсек, аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді. Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен. Испания мемлекетінің Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген. Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы тастарда бейнеленіп,сақталған екен. Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған. Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған. Египет папирустарында 3000 жыл бұрын ауруды емдеу, аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.

Балдың түрлері Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.

Ара балының бөлінуі Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды. Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиғи балдың түрлері Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы. Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады. Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар. Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады. Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Балдың құрамы мен қуаты Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты. Гүл балының құрамында пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары.

Балдың жасалу жолдары Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі «жұмысшы» аралар ғана атқарады.

Ара ұяшықтары Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.

Балдың пайдасы Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

Балдың қолданылуы Медициналық жағдайда, тағам түрлерін жасауда Косметологиялық жағдайда

Қорытынды Балды пайдасы өте зор.Оның емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болады және қолдану керектігін түсіндік. Балдың құрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық қоспалар бар екенін аңғардық. Балдың өте ертеде алғашқы адамдарға дейін пайда болғанын,ата-бабаларымыз оны тағам ретінде де,ем-дом ретінде де пайдаланғанын оқып білдік. Біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік деп ойлаймыз. Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс бізге қатты ұнады.Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.