Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Орындаған:Каниев А 307 Тексерген:Султанова А.Т
Гипоталамус (гр: 'hypo' төмен, астында, қалыптан төмен; thalamos - камера, бөлім) - көру төмпегінің (таламустың) төменгі жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен үлкен ми аяқшаларының аралығында орналасқан аралық мидың бөлігі. Ол үшінші ми қарыншасының түбі мен қабырғасын құруға қатысады. Гипоталамустың вегетативтік орталықтары организмдегі қан қысымын, дене қызуын, май-су алмасуын, эндокринді бездер жұмыстарын реттеуге қатысатын мультиполярлы нейроциттер ядроларынан тұрады.
Гипоталамус. МРТ
Гамартома гипоталамуса
Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген. Гипофиз-эндокринді жүйенің ең маңызды элементі.Көп уақыт бойы гипофиз патологиясын рентгенологиялық әдіс арқылы анықтады(ол үшін бастың тіке және көлденең проекциясын қолданды)
Гипофиз. МРТ
Гипофиз
Гипоталамус-гипофиз жолы (гипоталамо-гипофизарный тракт); (грек, hypothalamus және hypophysis, лат. tractus жол) - гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларынан басталып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы бөлігі нейрогипофизге өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер түрінде аяқталатын эфферентті жүйке талшықтарының будалары. Гипоталамус-гипофиз жолының аксондары арқылы гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында түзілетін окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздің нейрогипофизіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктерде (Херринг денешігінде) жинақталады. Аталған гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде Херринг денешіктерінен қанға өтеді.
Гипоталамо- гипофизарлық жол. МРТ
Зерттеу барысында дәл суретті МРТ, КТ береді. Соңғы зерттеулер гипофиз бен гипоталамусты зерттеуде кеңінен қолданады. Бұл зерттеулер мақсаты эндокринді бездердегі өзгерісті құрылымдар мен ісіктерді анықтау. Қорытындылай келе, гипоталямо-гипофизарлық семірудің визуалді диагностикасына МРТ, КТ, рентгеннограмма және тағы басқалар жатады. Бұл әдістер ең маңызды әдістер болып табылады.
1) Г.Е Турфанов Сәулелі диагностика ) Л.Д.Линдембратен, Л.Б.Наумов «Медицинская рентгенология» 3) Интернет желісі.