Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ
Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім а)жобасы мен құрылысы б) қонақ үйдің ерекшеліктері в) апартаменттері мен номерлері г) қонақ үйдің жетістіктері ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе. Бурж әл-Араб (араб: برج العرب, Араб мұнарасы) Біріккен араб әмірлігінің ең үлкен қаласы Дубайдағы керемет қонақ үй. 321 метрлік мұнара Джумейра жағалауынан 280 м арақашықтықта көпірмен байланысқан жасанды аралда орналасқан. Ғимараттың пішіні қайық желкеніне ұқсайды. Бурж әл-Арабты кейде «әлемдегі жалғыз Жеті жұлдызды қонақ үй» деп те атайды.
Жобасы Парус түрінде қонақ үйді салу идеясы британдық сәулетші Том Райттың ойына кездейсоқ келген. Ол кафеде сыра ішіп отырған. Терезе қасынан арабтардың доу атты қайығы өтіп бара жатқан. Сонда Том: Эврика! Бұл дегентіпті кішкентай бала сала алатын қарапайым және танымал форма ғой-деп айткан.
Қонақ үйдің кейбір ерекшеліктері күрделі батыл инженерлік шешімдердің табуы. Қонақ үй жағалаудан 280 метр қашықтықта жасанды аралда орналасты. Іргесі мықты болу үшін тереңдігі қырық метр құрайтын 230 қада құмға қағылды. Инженерлер арнайы эрозиядан қорғайтын төртбұрышты араның ұясына ұқсас тастар ойлап тапты. Олар болашақ аралдың іргесі болды. Жасанды аралды жасау үшін үш жыл кетті. Қонақ үй құрылысына да осындай уақыт кеткен.Ғимараттағы бетонның көлемі 70,000 м³, болаттың салмағы тонна құрайды. Ғимарат ішіндегі атриум биікітігі 180 метрге дейін жетеді.. Бурж әл-Араб биіктігі жағынан әлемде төртінші орын алады.
Қонақ үйде үнемі таңқалып фотоаппарат ұстаған туристер тобы жүреді. Қонақ үйге кірген бойда сіздің алдыңыздан баспалдықты субұрқақ және оның екі жағынан эскалатор шығады. Субұрқақ уақыт аралығында қысқа су ағындарын шығарып ойнап тұрады.
Тіркеу процесі қонақ үйде өте қарапайым. Сіз өзіңіздің төлқұжатыңызды қызметкерге бересіз, ал өзіңіз диванда құрмамен кофе ішіп отырасыз.
Барлық мейрамханалар мен лифтілер жоғарғы қабатта орналасқандықтан сіз эскалатормен шығасыз. Шыққан бойда екі жағыңыздан қабырғадағы үлкен-үлкен аквариумдарды көресіз. Жоғарыға шыққанда тағы бір ойнақтаған субұрқақты көресіз.
Burj Al Arab-әлемдегі ең биік қонақ үйлік лобби метр. Егер сіз басыңызды көтеріп қарасаңыз мынадай колейдаскопты көресіз:
Әрбір қабат бір-бірінен өзгеше. Дәліздер тегіс емес, бірақ дөңес жағынан. Төбенің түсі еденнен еденге өзгереді. Ирреальды көзқарас пайда болады. Бұл бір қаббаттың дәлізі. Қай жерде не орналасқанын бірден білу қиын.
Қонақ үйде небәрі 27 қабат бар.Мынау 14 қабаттан түсірілген сурет. Әр қабаттың өзі 2 қабаттан тұратыны есіңізде болсын.
Барлық номерлердің ерекшелігі Теңізге қарап тұрған үлкен терезелер. Терезеден қарағанда теңіз жағасында орналасқан екігші бір қонақ үй Джумейра Бичке көзіңіз түседі.
Бурж әл-Араб- бұл тек қана керемет екі қабатты номерлер ғана емес, сонымен қатар таңқалдыратын жағажайлар мен естен кетпес мейрамханалардың отаны.
ҚОНАҚ ҮЙДІҢ СОҢҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ: UltraTravel Awards 2012 Марапаты - Таяу шығыстағы ең күшті қонақ үй World Travel Awards 2012 Марапаты - Дубайдағы ең алдыңғы қонақ үй World Travel Awards 2012 Марапаты-тек қана люкс номерлерді ұсынатын Таяу Шығыстағы ең алдыңғы қонақ үй. DestinAsian Readers Choice Awards 2012 Марапаты- Дубайдағы ең күшті қонақ үй және курорт. Мінекей, әлемдегі ең сәнді ғажайып қонақ үй!