Сабақтың тақырыбы: Сөз. Сөз құрамы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға сөз мағынасы туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отанын сүюге, достыққа,адамгершілікке, ұйымшылдыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, бағалау парақтары, оқулық
Психологиялық дайындық
Астана қаласына саяхат
Өткенді қайталау -Сөз құрамы неден тұрады? -Түбір деген не? Жұрнақ деген не? -Жалғау деген не? -Туынды сөз дегеніміз не?
Топтар: 1-топ: «Түбір» 2-топ: «Жұрнақ» 3-топ: «Жалғау»
Бәйтерек
1-тапсырма: Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау Ертеде өмірдің бастауын бейнелейтін ағаш болған. Сол ағаштың басына Самұрық құсы жыл сайын алтын жұмыртқа салған. Жұмыртқадан балапан жарылып шығыпты. Бірақ айдаһар ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды. Жер асты патшалығына түсіп қалған батыр болыпты. Алыс жолдардан келе жатса, балапанға ұмтылған айдаһарды көріп, садақпен атып өлтіреді. Самұрық балапанын ажалдан аман алып қалған батырға риза болыпты. Ол батырды жер астынан жер үстіне алып шығады. Ертегі арқылы, өмірде қиял шындыққа айналып «Бәйтерек» бой көтереді. Енді өзінің жарқыраған сәулесімен елордаға нұрын төгіп тұр.
Думан
СөздерҚосымшалар Бірат Суды Жақшық Ақыллық Кішігіш Желу Ойынхана Сыйшы Жүзсіз Кітаплік Балықты Сауатлік 2-тапсырма: Сәйкестіндіру
Ханшатыр
Сергіту сәті
3-тапсырма: Шығармашылық тапсырма : 1-топ: Туған жер,Отан туралы мақал-мәтелдер 2-топ: Астана туралы бір шумақ өлең шығару 3-топ: Астана туралы сурет салу
Қазақ елі монументі
4-тапсырма: Коммуникативтік құзіреттілікке бағытталған тапсырма: 1-топ:Семантикалық карта 2-топ:«Самұрық» құсы туралы сипаттау мәтінін жаз. 3-топ:«Самұрық» сөзінен жаңа сөздер жаса.
Пирамида
5-тапсырма: Оқулықпен жұмыс Тиісті қосымшаны қойып көшіріп жаз. Пирамида – бейбітшілік пен келісім сарай…. Оны салған көрнек… британ… сәулет… Норман Фостер. Пирамида… табанында опера зал… бар. Жоғары бөлігінде ғимарат… негізгі бөлме… бар.
Рефлексия (бағалау)
Үйге тапсырма: 25-жаттығу, 222 бет
Сау болыңыздар!