Жүсіп Баласағұн (Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн) 1020 жылы Балсағұн қаласы Қырғызстандағы қазіргі Тоқмоқ қаласында туып, Қашқар қаласында қайтыс болған. Жүсіп Баласағұн - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің ( ) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға ( ) тарту етеді