Астана 2015
Алғашқы көмек адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру. Алғашқы көмектің халықаралық белгісі
Ыстық тию Белгілері: әлсіреу, жүрек айниды, құсқысы келеді, тері бозарып, жабысқақтық пайда болады, тыныс алуы жиілей түседі және тамыр соғысы жиелейді, әлсіз. Бас ауырады, айналады, естен тануы мүмкін, сіңірі тартылады.Зардап шегушіні салқын, жақсы желдетілген жерге, желдің өтіне жатқыз. Үйде желдеткішті қолдан. - Басы мен жүрек төңірегін суық сумен салқындат; суық тартуды шат төңірегіне, қолтық астына және мойынға қой. - Аяғын сәл көтеріңкіре. Тар киімнің түймелерін ағыт. - Алдын ала тұз салып су бер (1 литрге 1 шай қасық тұз). - Егер зардап шегуші есінен танып, тыныс алуы тоқтаса, "ауызды ауызға" әдісімен жасанды дем алдыр.
Тамақ ішу кезіндегі тұншығу Зардап шегуші кенет жөтеле бастайды, тыныс алуы жиілейді, көгеріп, естен танады. Зардап шегушінің артына тұрып, екі қолыңмен білектеріңді кіндіктен қабырғаға доға бұрышын жасап қой. Оң білек, түйілген жұдырықпен сол білектің үстіне қойылады. Зардап шегушінің ішін өзіңе және жоғары қарай бірнеше рет қатты бас. Тыныс алу жолдарынан бөгде зат шыққанға дейін орында. Егер зардап шегуші естен танса, оны еденге шалқасынан жатқыз, басын шалқайтып "ауызға - ауыз" әдісімен екі рет ауа үрлеу әрекетін жасаңыз. Сонан соң, зардап шегушінің үстіне бөксе жағына қарай отырып, айқастырылған білекпен, енді өзіңнен алға қарай және шамалы төмен жағынан ішін басуды жалғастыр. Әрбір 5 басудан кейін ауыз қуысын қарап шығу қажет. Өте толық немесе екі қабат әйелдерге әдіс төсінің орта жағында жүргізіледі. Балаларға 1 жастан 8 жасқа дейін бір қолмен жасалады. 1 жасқа дейінгі нәрестені тізеңнің үстіне етпетімен жатқызып және алақанның сырт жағымен жауырынның ортасына бес рет жеделдетіп қағып соққы бер. Сонан соң оны шалқасынан жатқызып, төсінің ортасына бір немесе екі саусақпен бас. Әдіс жасау кезінде нәрестенің басы кеудеден төмен болуы тиіс.
Тұрмыстық күйіктер І дәрежедегі күйік: дене қатты қызарып, домбығады, дуылдап аурады. ІІ дәрежедегі күйік: қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады (сары сұйық жинақталады), ауру жанына қатты бата бастайды. ІІІ дәрежедегі күйік: терінің түсі сары- қоңыр (тері жансызданады, некроз), ауруды сезіну үдейді, естен тану белгілері байқалады. ІV дәрежедегі күйік: терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі, ауруды сезіну белгілері үдейді, естен тану белгілері әлдеқашан байқалған. Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш. - Күйген жерді суық судың астында мин (ағынды су) ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су бер.
Жүрек қызметінің тоқтауы Белгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау. Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі: - Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз. - семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қой; - мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас. - келесі қолыңның алақанын, қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс; - қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын. Қысу тәртіптері: Үлкендерге - минутына тен кем болмауы тиіс; Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін ( рет) қысады; Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет); Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына рет). Жасанды тыныс алудыру мен жүректі уқалап, сылау әдістері (жүрек - өкпе реанимациясы)
Көздің жарақаттануы Белгілері: көз жабылады немесе жыпылықтайды, ісінеді, қызарады, қатты ауырады. Көзді немесе қабағын жаралап алған кезде көзді таза жұмсақ матамен жауып, таңғышпен қатты тартпай байлап қой. Келесі көзді де жауып қой. - Көз төңірегін ұрып алған кезде зақымдалған көзге суық компресс бас. - Көзге күйдіретін химиялық зат түскен кезде оны сумен ұзақ шаяды, ол үшін басты еңкейтіп, саусақтармен қабақтарды ашады. Көзге қышқыл түскенде 10 мин бойы ағынды сумен шаяды, сілтілер түскенде - 15 минут, белгісіз химиялық зат түскенде - 20 минут.
Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар Зардап шегуші мойнын ұстап, ештеңе айта алмайды, жан таласа дем алғысы келеді, ауа жетіспегенін сезінді, көгере бастады. Тыныс жолдары жарақаттанған кезде: шуылға ұқсас қатты жөтеледі. Бөгде затты тыныс жолдарынан шығару үшін ашық алақаныңмен жауырынның жоғары жағынан қағып ұру керек. Зардап шегушіден аузына саусағын салып зорланып құсуын талап ет, саусақты мүмкіндігінше терең салып өңешті тітіркендіреді. Тыныс алуы тоқтайтын болса, кешіктірмей жасанды тыныс алуды жүргіз. "103 - жедел жәрдемін" барынша жылдамдатып шақыру
Жыланның шағуы Кешіктірмей аузыңмен уды сорып таста. Егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет минут бойы жүргізіледі. - Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қой. - Қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қой. - Аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып таста. - Зардап шегушіге сусынды көп ішкіз (шай, минерал немесе жай су). -Ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкіз. - Зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткіз. Шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды.
Бүйінің шағуы Шаққан жерді сабынмен жу, суық зат қой. - Ауруды басатын кез-келген дәрілер таблеткасын ішкіз. - Сұйықтықты көп ішкіз. Кененің шағуы Қал сияқты қара дақ. Шаққан жері білінбейді, ауырмайды (немесе қызыл көпіршік, - қанды сорған кене). Кенемен терінің төңірегіне сұйық май тамызып, сәлден соң оны қысқыштың ұшымен теріден баяу қозғалыспен алып таста. Егер қысқыш жоқ болса, кененің басы терімен түйіскен жерге жай жіп ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады. Шыққан жерін йодтың ерітіндісімен, зеленке немесе спиртпен сүрт. Теріні тілуге және күйдіруге болмайды.
Қолданылған әдебиеттер 1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша- қазақша терминологиялық сөздік.
308-Биотехнология Есенбек Тогжан