Құрылымдық бағдарламалау
Паскаль және Си тілдері
Программа жазудың технологиясы екі түрге бөлінеді: Құрылымдық бағдарламалау (Pascal,C және т.б.) Объектілі бағытталған бағдарламалау (C++,Java және т.б.) Осы екі технологияға түсініктеме. Құрылымдық бағдарламалау блок құрылымдарының иерархиалық түрінде көрсету негізіндегі, программалық қамтамма жасаудың әдісі. XX ғасырдың 70-ші жылдары Э. Дейкстрамен ұсынылған, Н. Вирт жасаған және толықтырған.Э. ДейкстраменН. Вирт Объект – қасиеттер мен әдістер жиынтығы. Объектілі бағытталған бағдарламалаудың негізгі түсініктері:
Паскаль тілі- программалаудағы өте жаќсы тіл. Бұл тіл жеңіл, түсінікті болып оќылады. Паскаль тілі жазылудың, яғни ќұрылымын үйретеді. Паскаль тілі Бейсик тіліне ќарағанда өте жеңіл тіл. Паскаль тілінде әртүрлі типтермен рекурсиямен жұмыс істеуге болады. Паскаль тілінің шығу тарихына тоќталатын болсаќ. Алгоритмдік тіл АЛГОЛ жылдары шыќќан. Паскаль тілі осы АЛГОЛ-дың мұрагері болып табылады. Бұл тілді шығарған швейцардың ғалымы НИКЛАУС ВИРТ ол осы тілмен өз студенттерін үйреткісі келді. Паскаль тілі 70- ші жылдары пайда болады. Паскаль тілі, АЛГОЛ тіліне ќарағанда жеңіл және түсінікті. Бұнда енгізу және шығару процедуралары бар және АЛГОЛ тіліне ќарағанда мүмкіндігі өте көп.
Си тілі өткен ғасырдың 70-жылдары басында АҚШ-та Bell Telephon Laboratories компания-сының қызметкері Дэннис Ритчидің бастауы-мен дүниеге келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, Си және ПЛ/1 тілдерімен қатар пайда болды. Си тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесін-де программалаумен тығыз байланысты, өйт-кені бұл жүйе ассемлерде және осы Си тілінде жазылып шыққан болатын. Бұл тілде жазылған программаны компьютерде орындау кезінде ол алдымен трансляция сатысынан өтіп (машина тіліне аударылып), объектілік программа түріне ауысады да, сонан кейін барып орындалады. Осы сәтте компьютер-де программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – Cи тіліндегі алғашқы нұсқасы, ал екіншісі – объектілік кодтағы машина тілінде жазылған программа. Есептің нәтижесін тек машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда оның алғашқы нұсқасы өңделіп, оны қайта түрлендіру сатысы жүзеге асырылады.
ҚОРЫТЫНДЫ Жоғарыда құрылымдық бағдарламалау негіздерін құрайтын жобалар жүйесін қарастырдық. Оның құрамына Паскаль және Си тілдерінің негізгі операторлары топтастырылады. Бұл операторлардың көмегімен әртүрлі қиындықтағы алгоритмдік тілде көрсетуге болатын, кез - келген программаны жазуға болады. Ал алгоритмдік тілде әртүрлі қиындықтағы есептерді көрсете аламыз. Паскаль тілінің оңайлығы оның алгаритмдік тілге ұқсастығында. Бұл тілде программа жазуды оңайлататын көптеген стандарт модульдері мен библиотекалары бар. Жәнеде қолданушы өз модульдерін жазып оларды библиотекаларға біріктіре алады. Паскаль тілі берілгендерді динамикалық түрде де көрсетуге мүмкіндік береді. Си тілін үйрену қарапайым емес және бағдарламалауда мұқияттылық қажет, бірақ ол аса тиімді және күрделі бағдарламаларды құруға ерік береді.
Назарларыңызға рахмет!!!