2007 ҚР «Білім беру Заңы», 2005- 2010 жж. арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҚР білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері Семинар 10. Тақырыбы: Орындаған:Қоспан Гүлзат СПиС-14-1.
Advertisements

Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты.
Еңбек ресурстарын басқару МК-21 тобы Жора Аяжан
12 сынып 1 сынып. Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы.
148 қазақ орта мектебінің директоры Байжанова Шолпан Аяпбергенқызы.
Ойын - балалардың құзыреттлігін дамыту негізі. Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес,
1. Заңдарға бағыну; 2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу; 3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу; 4. Қаржы, салықтарды төлеу;
ШЕТ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ Жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері Орындаған: 1 курс магистранты Искендирова Э.Т.
Оспанова Гүлнар Айжарыққызы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің Жоғары санатты Химия-биология пәнінің мұғалімі.
1 ҚазақстанРеспубликасының Білім туралыБілім туралыЗаңы.
Орындаған: Сатқанова Әсел Тобы: Биология-24 Тексерген: Жубангалиева Г.Г.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту.
Білім беру реформасы – Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі.
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Жаңа формация тәрбиешісінің моделі Сәрсембай Жанат Қазалы аудандық білім бөлімінің әдіскері,Қызылорда облысы.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Орындаған: Иманбек Б.К.
Мектептегі білім сапасын көтеру жоспарының үздік жобасы Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі 2015 жыл.
Транксрипт:

2007 ҚР «Білім беру Заңы», жж. арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Мақсаты: Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту.

Міндеттер: Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету; білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу; мемлекеттік тілді басым дамыту; отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту; 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу; Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу (БХСЖ) ұсынымдарына сәйкес кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта құрылымдау;

оқытудың жинақтаушы кредиттік жүйесіне негізделген кадрларды даярлаудың біртұтас үш сатылы моделін жасау (бакалавриат – магистратура – докторантура); экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру; әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу; білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру; білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру; білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту; білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру; білім берудің сапасын арттыру үшін экономика секторлары ресурстарын тартудың тетіктерін жасау; педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру менеджерлерін даярлау; көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету

Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде күтілетін нәтижелер: кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады; баршаның ғұмыр бойы білім алуы қағидатын іске асыру қамтамасыз етілетін болады; нәтижеге бағдарланған сапалы, бәсекеге қабілетті білім алу үшін жағдай жасалатын болады; 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жүзеге асырылады; білім берудің барлық деңгейіне қол жетімділік пен сабақтастық қамтамасыз етіледі; білім беруді басқа да әлеуметтік салалармен және экономика салаларымен салыстырғанда озыңқы дамыту қамтамасыз етіледі;

мамандарды даярлаудың үш сатылы: бакалавриат-магистратура- докторантура моделіне көшу жүзеге асырылатын болады; білім берудің барлық деңгейін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің тиімді жүйесі жасалады; білім беру жүйесінің бірыңғай білім беру ақпараттық ортасы құрылады; халықаралық статистикалық стандарттарға барабар білім берудің статистикалық көрсеткіштер жүйесі құрылады; білім беру жүйесін дамытудың мониторингі және оны болжау жүйесі, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылады; педагог қызметкерлерді мемлекеттік қолдау күшейтіледі және олардың еңбегін ынталандыру тетіктері жетілдіріледі; білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленеді; кадрларды кәсіби даярлаудағы әлеуметтік серіктестік үшін жағдай жасалады; білім беру саласындағы ғылыми және инновациялық қызмет жандандырылатын болады.

Іске асыру мерзімдер бірінші кезең – жылдар; екінші кезең – жылдар.

Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтижелер және оның индикаторлары Бірінші кезең ( жылдар) Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың бірізділік жүйесі құрылатын болады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде әйелдерге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және әлеуметтік жағынан қорғалмаған әрі тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсететін әлеуметтік институт ретінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық база және ғылыми-әдістемелік негіздер әзірленетін болады. Кәсіпорындарға жеңілдікпен салық салу, ауылдық мектептерде көп функциялы білім беру ұйымы ретінде мектеп – балабақша кешендерін құру мақсатында оларды қайта құрылымдау жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірленетін, сондай-ақ Мектепке дейiнгi балалық шақ республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылатын болады. Балабақшалар салу және білім беру ұйымдарының базасында мектепке дейінгі шағын орталықтарды құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желісі кеңейеді.

Арнаулы бiлiм беру жүйесiнде: мүмкiндiктері шектеулi балаларды қамту кеңейтіледі; арнаулы түзеу бiлiм беру ұйымдарының желiсi сақталады және кеңейтіледі; мүмкiндiктері шектеулi балаларды есепке алудың бiрыңғай нысаны жасалатын болады; мүмкiндiктерi шектеулi балалардың кәсiпке дейінгі және кәсiптiк даярлыққа қол жеткізуі кеңейеді. Қосымша бiлiм беру жүйесiнде: кәмелеттік жасқа толмағандардың сабақтан бос уақытта іспен шұғылдануы артады; оқушылардың қызығушылықтарына қарай бірлестіктерге қатысуы артады; жат мінез-құлықты балалардың саны азаяды. Орта білім беруде: 12 жылдық оқытуға көшудің нормативтік құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлары жасалады; Оқулық ғылыми-әдістемелік орталығы құрылады; сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесі құрылады; оқытуды ұйымдастыру қағидаттары мен оқушының білім-білікті және дағдыны енжар алушы рөлі білім беру процесінің белсенді субъектісіне өзгереді; мектептегі оқытудың күтілетін нәтижелерін және мониторинг деректерінің негізінде оларға қол жеткізу жолдарын талқылау процесіне күллі жұртшылықты тарту жүйесі құрылады; аудандық білім бөлімдері жанындағы әдістемелік кабинеттерді қалпына келтіру арқылы әдістемелік қызмет жетілдіріледі; оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологиялары енгізілетін болады.

Екiншi кезең ( жылдар) Бағдарламаны толық ауқымда iске асыру, жинақталған тәжiрибенi, еңбек нарығы мен елдегі әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың дамуын ескере отырып, оны түзету басталады. Балаларға үш жастан бастап мiндеттi бiлiм беруге бiртiндеп көшу есебiнен мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың барлық нысандарына ортақ қол жеткізу үшін жағдайлар жасалатын болады. Мектепке дейiнгi тәрбие жүйесінің әлеуеті мен ресурстары: 1) 23 мың орындық 164 мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы; 2) білім беру ұйымдарының базасында 20 мың орындық 800 мектепке дейінгі шағын орталықтар құру; 3) мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне тарту үшін 380 түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерін ашу есебінен артады. Бес жастағы балалардың 75 %-ы жақсартылған оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық-техникалық базасы бар мектепалды институтымен қамтылатын болады. Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрмысы төмен отбасыларын білім беруде қолдау жүйесі балалардың 30 %-ын мектепке дейінгі бағдарламалармен қамту есебінен құрылатын болады.

Орта білім беру жүйесінде: 12 жылдық орта бiлiм беруге көшу жүзеге асырылады; нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары әзiрленеді; кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың заңнамалық базасы жасалады; кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны өзгереді; техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарының жеткілікті желісі құрылады және модельдері жетілдірілетін болады. дамуында ауытқулар бар балалардың бiлiм алуына, оларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеуге қолдау көрсетуге және олардың қоғам өміріне етене араласуына басқалармен тең жағдайлар жасалады, кәмелетке толмағандардың оқудан бос уақытта іспен шұғылдану проблемалары шешiледi, балалардың шығармашылық мүмкiндiктерін iске асыруға жағдайлар жасалады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде бакалаврлық, магистрлік, докторлық бағдарламалар және оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жоғары білікті кадрларды даярлауға толығымен көшу жүзеге асырылатын болады. Басымдықты мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға арналған білім беру гранттарының саны артатын болады. Профессор-оқытушы құрамының дәреже иеленуінің орташа көрсеткіші 40%-ға жетеді. Тұтас алғанда, бұл кезеңде жоғары білім берудің желісі кеңейіп, көрсеткіштері тұрақталады. Қазақстан PISA, TIMSS, CIVIC, SITES, LES халықаралық зерттеулер шеңберінде оқитындардың нақты жетістіктерін салыстырмалы талдауға, жоғары білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі ENQA, INQAAHE және басқа да агенттіктердің халықаралық желілеріне қатысатын болады. Мониторинг деректерінің, бiлiм берудің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманың, бiлiм беру ұйымдарын дәрежелеу нәтижелерінің негiзiнде түрлі кәсіптерге сұраныс, әр түрлi бiлiм беру ұйымдарында, өңірлерде білім беру қызметтерінің болуы және оның сапасы туралы қоғамды хабардар ету жүйесі құрылатын болады, білім беруді дамыту стратегиясы әзірленеді. Біліктілікті арттыру институттары білім беруді дамыту орталықтарының мәртебесіне өтеді жылдың соңына қарай мектептердегi компьютерлердiң саны 20 оқушыға 1 компьютерден келетін арақатынасқа жеткiзiлетiн болады. Білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленетін болады. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2010 жылға дейiнгі мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде бiлiм берудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазiргi әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалы биiк деңгейiне қол жеткiзілетiн болады.