СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедрасы ПӘН: Коммуникативтік дағдылар. ТАҚЫРЫП: Дәрігердің құқығы. Науқастың құқығы Орындаған: Орындаған: Ғибырат М. 132 топ ЖМФ Тексерген: Тексерген: Бураханова Г.К. Семей 2016
Жоспар: Жоспар: І. Кіріспе; ІІ. Негізгі бөлім: 1. Дәрігердің негізгі құқықтары 2. Дәрігер науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. 3. Дәрігер науқастан диагнозын жасыруға құқылы ма? 3. Дәрігер науқастан диагнозын жасыруға құқылы ма? ІІІ. Қорытынды; IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе Дәрігер – қай- қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымыз. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы - өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігер – қай- қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымыз. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы - өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген.
Әрбір дәрігер өз құқықтарымен танысып, оларды пайдалана білуі керек. Болашақ дәрігерлер өзінің құқықтарын біле жүріп оқыған дұрыс емес, өйткені бұл оның өмірлік маңызы емес.
Ең бірінші, дәрігердің негізгі құқығы ол – медициналық тұлға атауына ие болу. Екінші, құқығы ол – кез келген дәрігер науқасты емдеуден бас тарта алады. Егер ол науқас кейбір ережелерді сақтамаса, яғни дәрігердің тағайындауларын тиянақты орындамаса. Бұндай жағдайда бас дәрігерге хабарласып, науқасты ары қарай емдеуден бас тартуға құқылы. Құқ ық
Және де дәрігер Медициналық ассоциацияны құруға құқылы.
Д ә рігер нау қ асты емдеуден бас тарту ғ а құқ ылы Бәрімізге мәлім, науқас өзі емделетін дәрігерін таңдауға және емделу орнын таңдауға құқылы. Ал дәрігер ше? Дәрігерде науқасты емдеуден бас таруға құқығы бар ма? Бұл экстренді жағдайларға және дәрігердің квалификациясының ары қарай науқасты емдеуге деген төмен болуына қатысы жоқ. Егер науқас дәрігердің тағайындауларын орындамаса, ол кезде дәрігер науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Науқас емдеу орталығындағы заңдарды бұзғаны үшін дәрігер ары қарай емді үзуге құқылы.
Дәрігер науқастан диагнозын жасыруға құқылы ма? Шындығында, кейбір кездерде науқасқа диагнозын жасыруға тура келеді. Бұл емдеу барысымен байланысты. Жалпы, науқас өзінің ауруы туралы бәрін білуге құқылы. Кейбір науқастар өздерінің диагноздары туралы білгілері келмейді. Өйткені ол науқасқа қиындық тудырып, өзін жаман сездіруге ықпал тигізуі мүмкін
Дәрігердің құқықтары: Медициналық іс-әрекеттерін бекітілген тәртіпте алып бару құқығы (фармацептикалық салада, ж еке медициналық практикада, емшілікте). Еңбек келісімі бойынша жұмыс алып бару құқығы (еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жұмыс алып баруға жағдай жасау, өзі- нің мамандық ар намысын қорғау құқығы). Қолы жеткен практикалық және теориялық даярлық дәрежесі- не байланысты квалификацияланған категорияларды алу құқығы. Егер өмірге немесе денсаулыққа қауіп тудыратын жұмыс бол- са, оны міндетті түрде сақтандыру құқығы.
Егер азаматтың денсаулығына зиян, дәрігердің қателігіне байланыссыз келтірілген болса, оны мін- детті түрде сақтандыру құқығы. Егер азаматтың денсаулығына зиян, дәрігердің қателігіне байланыссыз келтірілген болса, оны мін- детті түрде сақтандыру құқығы. Егер азаматтың өміріне қауіп туып тұрған жағдайда еш- қандай кедергісіз мекеме, ұйым және басқа да азаматтарға тиі сті байланыс құралдары мен транспорт түрлерін пайдалану құ қығы. Отыз күнге дейінгі мерзім мен жұмысқа қабілетсіздігі жө- нінде парақ беру құқығы. Дәрігердің тәртібіне көнбейтін науқастардан бас тарту құқығы. Дәрігердің тәртібіне көнбейтін науқастардан бас тарту құқығы. Өзінің құқықтарын қорғау үшін мамандалған ассоцияция- лар мен және басқа да ұйымдар құру құқығы.
Науқас өзінің құқықтары мен міндеттері жайлы, орындалатын қызметтер жайлы, ақылы қызметтердің бағасын және олардың өтілу тізімі жайлы толықтай мағлумат ала алады. Емделушілірдің құқықтары жайлы мағлұмат медицина ұйымының көрнекті жерлерінде орналасуы тиіс. Емделушінің медицина ұйымына түскен кезінін бастап, оған науғасты қандай мамандар емдитінін және медициналық ұйымның ішкі ережелерімен таныстыру керек.
"ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ КОДЕКСІ" 91-бап. Пациенттердің құқықтары 1. Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа: 1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне; 2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға; 3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға; 4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге; 5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне; 6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.
2. Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс. Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне медициналық қызметтер көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс. 3. Медициналық көмек пациенттің ауызша немесе жазбаша хабардар етілген ерікті түрдегі келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. 4. Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар. 5. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі.
6. Егер медициналық аппараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні былай тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады. 7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік- диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар. 8. Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 9. Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар. 10. Некелесетін азаматтардың медициналық және медициналық- генетикалық зерттеп-қаралуға құқығы бар.
92-бап. Пациенттердің міндеттері 1. Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа: 1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға; 2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге; 3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға; 4) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға; 5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге; 6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.
93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы 1 Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар. 2. Медициналық көмектен бас тартқан кезде, пациентке немесе оның заңды өкіліне оған түсінікті түрде аурудың ықтимал салдарлары туралы түсіндірілуге тиіс. 3. Медициналық көмектен бас тарту, оның ықтимал салдарлары көрсетіле отырып, медициналық құжаттарға жазбамен ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды. Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиісті жазбаны медицина қызметкері жүзеге асырады және оған қол қояды. 4. Кәмелетке толмаған адамның не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан кезде, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.
Қорытынды Дәрігердің құқығы әрқашан қорғалуы керек. Дәрігерлер де соның есебіне өз міндеттерін тиянақты орындап, қателікке жол бермеуі тиіс. Әрбір дәрігер өз құқығын толық, жетік меңгерген жағдайда ғана, көптеген жетістіктерге жете алады. Жұмысында да, ем жүргізу процесінде де талай оң нәтижелерге қол жеткізері сөзсіз. Бекітілген дәрігер құқығын бұлжытпай орындауы нәтижесінде, өзінің әріптестерімен де науқастармен де жақсы қарым қатынаста бола алады. Өз лауазымын көтеріп, әріптестері арасында ерекше құрметке, сыйластыққа ие болып, болашақта үлкен табыстарға қол жеткізуі әбден мүмкін. Сондықтан әрбір медициналық жоғары оқу орындарының студентт ері болашақта жетік нағыз маман дәрігер болу үшін өз құқықтары н білуі қажет.
Ғылымның айтып түрлерін Аянбай берген білгенін Сіздердей мұғалімдерге Разы шығар,күллі елім. Кілті боп, білім құлпының, Ойлаған қамын ұлтының. Біздерде болды ұмтылу Білімнің біліп қыр-сырын. Ақыл-ой миға құйғаның Сізден көп білім жинадым Дарынды, дара ұстазым Сізге мәңгілік ризамын Жастарға төгіп пейілін Көпке көрсеткен мейірім Жүрегінде әрбір студенттің Қалады кербез кейібің Сездіріп жүрек жылуын Көңілге құйған білімін Сізде бір ірі түлғасыз Жұрнағы іспетті ұлының Дәрігер-наухас арасы Қарым-қатынас сарасы Комуникативтік дағдылар Ғылымның ұлы саласы Емделер жанның жарасы Келеді алға ұмтылғым, Құштарлықпенен құлшынғым, Осының бәрі арқасы Бураханова Гүлсімнің! Аяқтай келе СӨЖ-імді Қорытындыласам сөзімді, Білікті маман болғанша Болайық, достар, төзімді... Ой-Толғау...
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Е.Оразақов «Дәрігерлік кеңес» Алматы ж. 2. «Медицина тарихы» - А.М Алиев, Алматы Купреев Е. « Дәрігер парызы» 1998ж. 3.С. Елеусізова «Қарым-қатынас психологиясы» Алматы-1995ж. 4.«Жетісу» журналы - «Бас хирургтың әңгімесі» ж,