Орындаған: Ермекбай. Т Тексерген :Камиева Ж.С ЛИСТЕРИЯЛАР. МОРФОЛОГИЯСЫ.ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ЛИСТЕРИЯЛАР АНТИГЕН ЭКОЛОГИЯСЫ.БАЛАЛАР ПАТОЛОГИЯСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ ИММУНИТЕТ.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Орындаған: Ермекбай. Т Тексерген :Камиева Ж.С ЛИСТЕРИЯЛАР. МОРФОЛОГИЯСЫ.ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ЛИСТЕРИЯЛАР АНТИГЕН ЭКОЛОГИЯСЫ.БАЛАЛАР ПАТОЛОГИЯСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ ИММУНИТЕТ.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ.
Advertisements

Транксрипт:

Орындаған: Ермекбай. Т Тексерген :Камиева Ж.С ЛИСТЕРИЯЛАР. МОРФОЛОГИЯСЫ.ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ЛИСТЕРИЯЛАР АНТИГЕН ЭКОЛОГИЯСЫ.БАЛАЛАР ПАТОЛОГИЯСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ ИММУНИТЕТ.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ.АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ

Жоспар: I.Листериялар таксономасы a)Морфологиялық және тинкториалдық сипаттамасы b)Дақылдандыру c)Ферменттік белсенділігі және антигендік қасиеті II.Патогенділік факторлары және резистенттілігі III.Эпидемиологиясы, патогенезі a)Клиникалық көріністері b)Микробиологиялық диагноз қою c)Емдеуі және алдын алуы

Таксономиясы Листериоз – Listeria monocytogenes қоздыратын,фекальды-оральды берілетін.клиникалық көрінісі полиморфизммен ерекшеленетін жұқпалы ауру.оның ішінде менингиттік,сепсистік жіне жүктілерде ұрықты зақымдайтын түрлері жиі кездеседі.Листериоз қоздырдырғышын М.Хапфес 1911 жылы ашты. Тұқымдастығы:Lactobacillacae Туыстастығы:Listeria Түрлері:L.innocua,L.monocytogenes,L.weishmeri,L.iwanovii,L.murrayi.

Дақылдандыру: Листериоз қоздырғышы – факультативті анаэробты, кеңінен қолданылатын қоректік орталарда сілтілі жағдайда және 37˚С температурада өседі (бірақ нашар өседі). Қан қаосылған қоректік ортада жақсы өседі – ұсақ жартылай мөлдір, нәзік гемолиз аймағы бар колониялар түзеді. Кейбір штамдары сары немесе қызыл пигмент тұзеді. Микроаэрофильді болғандықтан 5-10 % СО2 бар атмосферада жаксы дамиды.

Морфологиясы: Листериоз- қысқа,аздап иілген,грам оң,полиморфты.қозғалм алы таяқша.Жағындыда біріне-бірі қатарласып немесе бұрыш құрып жиі орналасады.Талшықтар және капсуласы бар,спора түзбейді.

Ферменттік белсенділігі: Биохимиялық белсенділігі төмен. Глюкозаны қышқылға дейін ыдыратуы мүмкін. Индол, кукірт сутек бөлмейді, желатин ыдыратпайды, каталаза түзеді.

Антигендік қасиеті: Листералар 16 серологиялық варианттарджан тұрады, оның ішінде 15 соматикалық О антигенге және 5 флагеллярлық Н антигенге ие. Әр түрлі сероварларға жататын листералар бір бірінен дақылдық және биохимиялық қасиеттермен ерекшеленбейді, сондай – ақ олар иесінің биологиялық типіне де тәуелді болмайды.

Патогендік факторлары Листериоз қоздырғышы эндотоксин түзеді. Эдотоксиннің гемолитикалық және лецитовителлазалық белсенділігі бар, моноциттер ынталандырушы қасиетке ие (рсыған байланысты monocitogenez деп аталады) Патогенді листерияларда биологиялық белсенді молекулалар мен ақуыздар жиынтығы кездеседі (листериолизин О, фосфолипаза С, лицитиназа, интерналин, Асt A және Prf A ақуыздары). Бұлар листерияларға тек қана фагоцитарда ғана емес, сонымен қатар эпителиялық және эндотелиялық жасушаларға белсенді түрде еніп, көбеюлеріне мүмкіндік береді. Эндотелиялық жасушаларды бұзып, қан тамырларына енгеннен кейін қоздырғыш ми тіндері мен плацентаны зақымдауға мүмкіндік алады.

Резистенттілігі: Листериоз қоздырғышы жабайы және үй жануарларының, құстардың балықтармен жәндіктердің 90 – нан астам түрлерінен табылған. Олар қоршаған орта обьектілерінде кеңінен тараған: топыракта, суда, қида, жануарлар төсеніштерінде, сүрлемде және т.б Листериялар айтарлықтай тұрақты: төменгі температурада кептіргенде жақсы сақталады, қайнатқанда 3-5 мин ішінде жойылады. Төменгі температура жағдайында су, дәндерде, сабанда бірнеше жылдар бойы сақталуы мүмкін. Сүт пен етте 4 градуста жойылмайды және де көбейе алмайды

Эпидемиологиясы Листериоз сапроноз инфекцияларға жатады, сыртқы қоршаған орта негізгі тіршілік ететін орны. Листероялар көптеген табиғи нысандарда табылған, ен алдымен сүт шөпте және басқа малазықтық өсімдіктерде анықталған Листериоздың негізгі таралу жолдары, алиментарлық (ет, сұт, сыр, көкөністі қолданғанда. Сонымен қатар су, қарым – қатынас арөылы таралуы мүмкін. Ауа-шаң арқылы жұғуы – жануарлардың терісі, жүнін өндегенде. Адамдарға инфекцция көзі кеміргіштер, ауыл шаруашылық жануарлары болып табылады. Жұқтырылған адам инфекция көзі болып табылып парентералды немесе неонаталды патологиялар туындайтын жағдайларда болуы мүмкін. Қазіргі кезде адамдарға тағамдық азық- түліктерден дайын немесе жартылай дайын асдайындаған кезде листериялармен ластану мүмкіншілігін төндіреді

Көп жағыдайда инфекция бірен –саран кездесіп отырады. Листериоз жүкті әйелдерге қауіпті, өйткеені олардың иммунды статусы төмен. Жалпы листериозбен ауырғандардың – пайызын жүктілер құрайды. Инфекция анасынан трансплацентарлық жолмен ұрыққа беріледі, соның нәтижесінде мерзімнен немесе ұрық өлі туады., туған соң ақаулар дамуынан қайтыс болады. (80 пайыз жағдайда ұрық өлімге ұшырайды). Тасымалдаушылық болуы мүмкін ұзақтығы анықталмаған

Патогенезі Листериоз көбінесе әлсіреген иммундық статус негізінде дамиды. Жүктілер ЖИТС-пен ауыратын немесе АИв-жұөтырылған арасында және де басқа да иммундық патологиясы бар науқастарда жиі кездеседі. Эпителиялық және эндотелиялық жасушалардың зақымдану салдарынан бактериемия, бауыр, көк бауыр, лимфа түйіндерінің, жуйке жүйесінің зақымдалуы байқалады. Ішкі ағзаларда зақымдалған жасушаларда түйіншектер – листериомалар түзіліп, келесі кезеңінде листериомалардың некрозы мен ағзалардың дистрофиясы дамиды. Бұл – созылмалы түрлердің дамуына әкеледі. Инфекцияның ену қақпасы – көбіне ас қорыту, тыныс алу жолының шырышты қабығы, жарақатталған тері болады. Листерия ыдырағанда ағзада интоксикация туғызатын эндотоксин бөлінеді. Фагоциттердің зақымдалуы нәтижесінде иммунды тапшылық жағдайы асқынады.

Клиникалық көріністері Жасырын кезеңі 3 аптадан 70 күнге дейін созылады. Науқастар арасында көп жағдайларда ОЖЖ зақысдалуы басымдылық көрсетуі мүмкін (менингиттер, энцефалиттер, мидың абсцесі, психоздар), кей кездерде баспа, сүзек түрінде түрінде өтеді. Ағымы бойынша листериоздың жедел, жедел асты және созылмалы түрлері бар. Сепсис түріндегі листериоз жаңа туған нәрестелерде өте ауыр өтіп, жоғары өлімге әкеледі. Иммунитеті: Ауырғаннан кейін негізінде жасушалық сипаттағы, тұрақсыз иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз Қою: Зерттеу әдістері – бактериологиялық, серрологиялық, аллергиялық, ПТР, Жеделдетілген әдіс: ИФР, Калина модификациясы бойынша граммша бояу. Листериоздық инфекцияның ең ақырғы диагнозын қою үшін, -тің таза дақылын бөлңп алып, стандартты микробиологиялық әдістермен идентификациясын жүргізу үшін қажет. Бактериологиялық әдіс. Зерттеу заты ретінде – қан, жұлын сұйықтығы, көмей шайындысы, ұрық айналасындағы су алынады. Алынған заттарлда микрофлора өте аз болады, сондықтан оны алдымен байытып алады. Зерттеу затын – глюкозалы – сарысулы сорпаға, глюкозалы-қанды агарға сеуіп, таза дақылын бөліп алып, граммша бояу, ферменттік қасиеттерін, АР, антибиотикке сезімталдығын аннықтайды. Листерияларды бөліп алуда кеғңнен тараған селективті орталарға Оксфорд-агар және ПАЛМКАМ – агар жатады.

Оксфор – агарда 24 сағаттан кейін ұсаө қара қоршауы бар, сұрлау колониялар өсіп шығады. 48 сағаттан кейін колониялар қарая түсіп, диаметрі 2мм-ге ұлғаяды. ПАЛКАМ-агарда 24 сағаттан кейін ұсақ, диаметрі 1мм, жасыл-сұр немесе зәйтун – жасыл тусті, ортасы қара колониялар өсіп шығады. Колонияларды қызыл түсті агар үстіне қара аумақ қоршап жатады. 48 сағаттан кейңн колониялар көлемі 1,5-2 мм-ге жетіп, ортасы ішіне қарай түсіп, жасыл түсі мен қоршауын сақтап қалады. Селективті орталарға себінді жасау тікелей клиникалық заттан да, ортасында өсірілген дақылдан да жүргізіледі. Себінділерді 48 сағат, 30 градуста инкубациялайды. Ластериялар осу барысында эскулинді пайдалануы және агардың қараюы көрініс береді. Келесі кезеңде патогенді листерияға күдік туғызатын, шеттері қарайған, ұсақ, сәл бұлыңғырланған колонияларды листерияларды идентификациялауға ұсынылған селективті ортрларға себеді.

Емдеу және алдын алу Антибиотиктер тағайындайды. – апта бойында ампицилин гентамицинді клиникалық көріністеріне қарай тағайындайды. Арнайы профилактикасы жоқ. Бейспецификалық сақтандыру жүргізеді. Инфекция ошағындағы жануарлардыың еті мен сүтін тек жоғары температурамен өндеуден кейін ғана пайдаланады. Жүкті әйелдерді жануарлармен қатынасты болмайтын жұмысқа ауыстыру керек

Пайдаланыл ғ ан ә дебиеттер: 1.Медициналы қ микробиология – Б.А.Рамазанова, Қ. Құ дайберген ұ лы, А.Л.Котова, М.М.Уразалин, А.А.Табаева – Алматы, 2010ж 2.Микробиология ж ә не вирусология (жеке б ө лімі) – Ү.Т.Ары қ паева, Қ.Х.Алма ғ амбетова, Н.М.Бисенова, Ә. Ө.Байд ү йсенова, Н.Б.Рахметова, Г.Д.Асемова – Астана 2006