С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Орындаған: Иманбек Б.К.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
1. Заңдарға бағыну; 2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу; 3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу; 4. Қаржы, салықтарды төлеу;
Advertisements

«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің.
Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
«Астана медицина университеті» АҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы Орындаған: Усенова А.Т Топ: 332 ЖМФ Тексерген: Байгулова Г.Б ҚР кодексі тұрғындардың.
Орындаған: Құмарбекова Н.Е Қабылдаған: Қожекенова Ж.А. Топ: қ Факультет: жалпы медицина Тақырыбы: Медициналық сақтандыру Кафедра: қоғамдық денсаулық
Астана медицина университеті АҚ Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы Астана медицина университеті АҚ Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы.
Конституция деген сөздін латыннан аудармасы құрылғы, жарғы, заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Мұғалімнің кәсіби өздігінен білім алуының негіздері.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс.
Факультет: Жалпы медицина Курс: 3 Тобы: к Орындаған: Якупова.З.А С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Казахский Национальный.
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Оқушылардың бойында азаматтық құндылықтарын қалыптастыруда және салауатты өмір салтын насихаттауда сынып жетекшінің ролі. 11 а сыныбы. Сынып жетекшісі.
12 сынып 1 сынып. Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Мамандығы: жалпы медицина Дисциплина: Сот медицина және медициналық құқық Тақырыбы:
Астана медицина университеті АҚ Қазақстан тарихы және философия кафедрасы Презентация Тақырыбы:Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйелердің типтері.
Мектептегі білім сапасын көтеру жоспарының үздік жобасы Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі 2015 жыл.
Практика 1Азаматтық Қорғаныс (АҚ) мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. [1] Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан,
Транксрипт:

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Орындаған: Иманбек Б.К Факультет: СД Группа: СД Қабылдаған:Маликов Б.У ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

Жоспары Кіріспе 1.Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру Негізгі бөлім 1.Медициналық көмек көрсету: жаңа әдіс 2.Медициналық қызмет сапасын бағалау 3.Қазақстанда егде жастағыларға көмек көрсетудің кейбір қырлары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Азаматтарға ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi, қолайлы және оны алуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң негiздері: фельдшерлiк-акушерлiк пункт, аудандық орталық аурухана, облыстық аурухана, қалалық аурухана, диспансерлер, жедел медициналық жәрдем ауруханалары мен станциялары, республикалық орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының клиникалары.Медицина жаңалықтары және реформалар. Сонымен қатар медициналық көмекті диагностикалық әдіс пен медициналық технологияларды пайдалану арқылы ауруларды анықтайды. Медицина қызметкерлерін жоғары дәрежеге қол жеткізуі үшін ынталандыру қажет. Адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша ай сайын іс-шаралар өткізіп тұру қажет. Еліміздегі егде адамдардың өмір сүру деңгейін ұзарту керек.Қазақстан Республикасы 2020 жылғы стратегиялық жоспарына сәйкес саламатты өмір салтын ұстану,адам капиталының сапасын арттыру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттелу деңгейіне Е.И. Ковалевский Жыл сайын халыққа медициналық қызмет көрсету жақсарып, сапасы артып келеді –деді. Л.Ахметниязова Науқастардың шағымы азайып, аурухана жұмысы азаматтардың талабына сай жақсарып келеді-деді. С. Қайырбекова Саламатты Қазақстан бағдарламасы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қарастырады- деді. Н. Темирболатовна Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық көмек көрсету туралы мәлімдеді. Ж.Жағыпарұлы Медициналық қызмет сапасы барлық мемлекеттер үшін,оның ішінде дамыған мемлекеттер өте маңызды мәселе болып табылады. Тақырыптың мақсаты. Менің Мақсатым әр адам осы мәліметтерді біліп, денсаулықтарын күтіп, Қазақстанның салауатты өмір салтын ұстанған мықты ел болуына септігін тигізе берсін. Тақырыптың міндеті. Міндетіне келсем топ мүшелеріне сауалнама жүргіздім. Сауалнама жүргізудегі мақсатым медицина жайындағы мәселелерді жүйелеп, анықтау. Тақырыптың құрылымы. Құрылымына келетін болсам менің өзіндік жұмысым кіріспе, негізгі бөлімнің үш тарауынан, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Халыққа медициналық жәрдем көрсету: алғашқы медициналық-санитариялық көмектi, мамандандырылған медициналық көмектi, медициналық-әлеуметтiк көмек пен оңалтуды қамтиды. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне кiретiн арнайы медициналық ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциялары мен бөлiмдерi) өмiрге қауiп төнген жағдайларда, бақытсыз жағдайларда және ауыр сырқаттанған кезде ересектер мен балаларға тегiн жедел медициналық көмек көрсетедi. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек медициналық қызмет көрсетудiң әрбiр азамат үшiн негiзгi қолайлы және тегiн түрi болып табылады және ол неғұрлым кең таралған ауруларды, жарақаттарды, улануды және кiдiртуге болмайтын басқа да жай-күйлердi емдеудi, бала тууға жәрдемдесудi, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргiзудi, аса елеулi аурулардың медициналық профилактикасын, санитариялық-гигиеналық бiлiм берудi, отбасын, ананы, әке мен баланы қорғау жөнiнде шаралар жүргiзудi, тұрғылықты жерi бойынша медициналық көмек көрсетуге байланысты басқа да шаралар жүргiзудi қамтиды.

Мамандандырылған медициналық көмектi азаматтарға диагностиканың, емдеудiң арнаулы әдiстерiн және күрделi медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететiн аурулар кезiнде амбулаториялық-емханалық және стационарлық ұйымдар көрсетедi. Медициналық-әлеуметтiк көмек медициналық-әлеуметтiк үлгiдегi ұйымдар желiсiн құру және дамыту, тұрғын үй-тұрмыстық жеңiлдiктер беру, жұмыс iстейтiндердi сауықтыру жөнiндегi медициналық ұсыныстарды жұмыс берушiлердiң орындауын қамтамасыз ету, еңбек пен тамақтанудың ұтымды режимiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар жүйесiн қамтиды.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН БАҒАЛАУ Медициналық қызметкерлерді жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге ынталандыру сапа менеджментінің құрамдас бөлігін құрайды. Медициналық көмек сапасы денсаулық сақтау жүйесінің кешенді параметрлерінің талдау нәтижелерін сипаттайтын, ұйымның ресурстық мүмкіндіктерін анықтайтын, басқару тиімділігін, функционалды қасиеттерін, жұмысының нәтижелерін бағалайтын маңызды аспект. «Медициналық көмектің сапасы» атты түсінік адамдардың медициналық қызметтің нәтижелілігінен қалыптасады. Мысалы, пациентке емдеуден күтілген нәтижелердің үмітін қаншалықты ақтағаны маңызды. Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы сапаны басқару Мемлекет басшысының жіті назарында. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында адами әлеуеттің деңгейін көтерудегі маңызды бағыттардың бірі ретінде медициналық қызметтің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау екендігін нақтылап көрсетті.

Медициналық қызмет көрсету сапасының Президенттің жіті назарында отырғандығы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында көрініс тауып отыр. Ұлт көшбасшысы еліміздің барлық аймақтарында сапалы медициналық қызмет алу үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті. Қазақстандағы бүгінгі күнгі медициналық қызмет көрсетудегі сапаны басқарудың үлгісі сыртқы (мемлекеттік), ішкі (ауруханаішілік), тәуелсіз бақылау (сараптама) болып бөлінеді. Осы бағдарлама аясында денсаулық сақтау саласында ұлттық стандарттардың біріңғай жіктемесі және мәліметтер базасы; медициналық технологияларды бағалау жүйесі дайындалып, енгізілді; диагностикалау, емдеу және клиникалық нұсқаулар стандарттары дайындалып, іс жүзіне енгізілді және оның тиімділігінің мониторинг жүйесі құрылды.

Мақсаты: медициналық көмек көрсетуді жақсаруға және саламатты өмір салтын ұстануға уәждемені құруға бағытталған азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын жүргізу арқылы адам капиталының сапасын арттыру: 1.Халықтың өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа дейін ұлғайту 2.Ана өлімін екі есе төмендету 3.Нәресте өлімін екі есе төмендету 4.Жалпы өлімді 30%-ға төмендету 5.Туберкулезден сырқаттанушылықты 20%-ға төмендету Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 1000 тірі туғандарға шаққандағы ана өлімі 1000 тірі туғандарға шаққандағы нәрестелер өлімі 1000 халыққа шаққанағы жалпы өлім 100 мың халыққа шаққандағы туберкулезбен сырқаттанушылық Қазақстан Республикасыны 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары 10

ҚАЗАҚСТАНДА ЕГДЕ ЖАСТАҒЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРУДІҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ Әлемде қазіргі таңда халықаралық статистика деректеріне сүйенсек 60 жастан асқандар саны 1 миллирдтан асқан жылы дамыған елдерде 65 жастан асқандардың саны арта түспек. Егде жастағылардың Қазақстандағы саны соңғы жылдары біршама өсе түскен. Сондықтан да әлеуметтік-зкономикалық реформа жүргізу кезінде осы кәрі адамдардың жағдайын қарастыру керек. Қазақстандағы кәрі адамдарға медициналық көмек берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Халқымыздың өз денсаулығына қажетті деңгейде көңіл бөлмеуі, және кәрі адамдардың өз ауруларының себебін кәрліктен көруі, сонымен қатар, ауылдық жерлерде кәрі адамдарға медициналық көмек көрсетудің дұрыс жолға қойылмауы да өз себебін тигізіп отыр. Елімізде кәрі адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша ай сайын ұйымдастырылатын іс-шаралар бар. Бірқатар аймақтарда кәрі адамдарға сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған комиссиялар құрылған. Стационарлық ауруханаларда Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оған теңестірілген адамдар үшін арнайы палаталар бар.

Елімізде кәрі адамдарға медициналық көмек көрсету еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі ұстанымдардың бірі. Кәрі адамдар елімізде халқымыздың едәуір бөлігін құрап отырған әлеуметтік топ болып табылады. Халқымызда кәрліктің емі жоқ ауру деген даналық сөзі бар. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін жасау маңызды. Осы бағытта кәрілерге медицналық көмек беруді жоспарлы түрде жүргізу үшін ғылыми әдістемелік негізде жасау керек. Сонымен, кәрлік бұл әлеуметтік психологиялық және жас ерекшелік психологиясымен байланысты мәселе болып отыр. Геронтология бойынша арнайы білім беру курстарын аудандық, облыстық, қалалық деңгейінде үйрету өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Кәрі адамдарға медициналық көмек беру үшін оларды арнайы тізімге алып, оларға медициналық кітапша ашу қажет..

Жапонияда демографиялық жағдайдың ерекшелігіне сай медициналық көмек беру жүйесі жетілдірілген жас және одан үлкен жастардағы медициналық көмек беруді жергілікті мемлекеттік билік органдары мен қамсыздандыру жүйесін қамтамасыз етеді. Голландияда кәрілерге әлеуметтік көмек беруді территориялды қағида бойынша жүргізіледі. Кәрілерге медициналық көмек беру, үйінде, жеке және ерікті адамдар мен ұйымдар іске асырылады. Голлондияда 500 ден аса күндізгі пансионаттар жұмыс жасайды. Бұл пансионаттарда курстар, үйірмелер, кітапхана және тағы басқа да түрлері ойын- сауықтар ұйымдастырылған.

Францияда кәрі адамдарға медициналық көмек беру көбіне үй жағдайларында көрсетіледі. Мұнда медициналық көмек берудің екі түрі, үйде көмек беріп, азық- түлікті алып келу, үйішін жинау, тамақ жасау, тағы басқалар. Бұл мемлекеттік қамсыздандыру немесе жеке қамсыздандыру компониялар есебінен жүргізіледі. Франция қалаларында зейнеткерлер үшін көптеген клубтар жұмыс жасайды. Бұл кәрі адамдардың белсенді өмір сүруіне көмектеседі. Германияда кәрі адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді қайырымдылық қорлары және Қызыл Крест және ерікті ұйымдар жүргізеді. Кейінгі жылдары бұл қызметтің кейбір түрлерін мемлекет өз мойнына алған.

Аталмыш сауалнаманы жүргізудегі мақсатым–мәселелерді жүйелеп анықтау, тұтынушылардың құқығын қорғау саласында заңнаманың бұзылуына жол бермеу, алдын алу болатын. Мәселен, «Жедел жәрдем қызметкерлері қызметінің кәсіби сапасын қалай бағалайсыз?» деген сауалға группа мүшелерінің 23 пайызы «төмен», 56 пайызы «жоғары» деп жауап берген. Жедел жәрдемді сізге қанша күтуге тура келеді деген сауалға 37 пайыз студент шақырғаннан кейін минутта десе, 28 пайызы жарты сағат немесе одан да ұзақ уақытта келетінін айтқан. «Денсаулық жағдайыңызға байланысты емханаға, ОДА-ға жиі бас сұғасыз ба?» деген сұраққа студенттердің 74 пайызы жылына 1-2 рет деп жауап берді. Емханаларда науқастарды қабылдайтын дәрігерлер мен медбикелік құрамның кәсіби сапасына қатысты сауалнамаға қатысушылардың 33 пайызы 1-2 балмен бағаласа, 36 пайызы 4-5 балмен жоғары бағалаған. Сондай-ақ сауалнама нәтижесінде студенттердің медициналық көмекке тұрғылықты мекенжайы бойынша мемлекеттік емханаларға жүгінетіні белгілі болды. Яғни, 72 пайызының жауабы осыған саяды Сауалнама

Қ орытынды Бүгінде әлемнің көптеген дамыған елдері өзінің денсаулық сақтау жүйесіне реформалар енгізуде. Барлық медициналық қызмет көрсетудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеруге ұмтылып, ізденіс үстінде. Соның ішінде біздің еліміз де осы үдерісті бастан кешуде. Өйткені медициналық көмектің сапасы көптеген дамыған елдер үшін әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Ал Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы сапа мәселесі Мемлекет басшысының жіті назарында тұр.

Пайдаланылған әдебиеттер 1. Аитов Н.А. Основы социологии Алматы 1994ж 2. Тұрғынбаев Ә.Х. «Социология» Алматы 2005ж 3. «Социология» Лекциялар курсы 4. «Әлеуметтану» Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов Алматы kz.

Медицина жаңалықтары Қазақстанда медицина қарқындап дамып келеді. Қазіргі медицина жаңалығы ғалымдар тиген жерін сезетін бионикалық саусақ жасап шықты. Елордада мектеп медицинасы денсаулық сақтау жүйесіне берілді. Маңғыстауда медицина қызметкерлері бір жылда 100 жүкті әйелді құтқарды. Ғалымдар жақын уақытта обырды бір ғана екпемен емдеуге қол жеткізетінін мәлімдеді. Қазақстанда 122 мыңнан астам мүгедек оңалтудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Маңғыстауда 2020 жылға дейін денсаулық сақтау саласында 28 жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұрын жасалмаған пластикалық хирургия даму үстінде. Ресейде жасалып жүрген нейрохирургия өз жерімізде жасалуда. Соңғы 10 жыл ішінде 124 аурухана мен емхана салынды. Ашық жүрекке ота жасау сияқты күрделі операциялар облыс орталықтарында жасалуда. Қазақстандық ғалымдар әлемдегі алғашқылардың бірі болып құс және шошқа тұмауларына қарсы вакцина жасап шығарды жылы жүзеге асыруды жоспарлап отырған реформа жекеменшік клиникалар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген қызметін ұсына алады.Адамдар дәрігерді және медициналық ұйымдарды еркін таңдай алады. Бұл жайлы Ж. Досқалиев мәлімдеді жылы Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын қабылдады.