Білім беру ұйымдарында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (ұялы телефондар) пайдалану және оқушылардың денсаулығы мен дамуына олардың әсері
1875 жылы 12 маусымда Бостон университетінің шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен көмекшісінің дауысын естиді. Бул тарихта телефон деген атпен қалады. Арада бір ғасыр өткен соң телефондар пайда болды. Иллинойс университетінің түлегі Мартен Купердің арқасында, кәзіргі кезде ұялы телефонды бүкіл әлем қолдануда.
1973 жылы Motorola DynaTAC компаниясы ең алғашқы портативті ұялы телефонның прототипін шығарды жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының әріптесі Мартин Купер өзінің бәсекелесі Джоэло Энгелоға қоңырау шалады. Бұл ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың ең алғашқысы болатын. Жоғарыда айтқан ұялы телефонның өлшемдері 22,5×12,5×3,75 см болса, салмағы 1,15 кг болған екен. Ал қазір мүлде басқаша.
Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кіші керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.
Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас. Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас. Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады.
Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз. Tелефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз. Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады. Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.